Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Бастауыш буында оқытуда жаңа әдістер

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Сәтбаев атындағы орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Кусаинова Манар Мырзатаевна

Кусаинова Манар Мырзатаевна

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.

Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология» терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады.

Мысалы, атап айтар болсақ, Ынтымақтастықта оқыту технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», П. М. Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы», Л. С. Выготский, Л. В. Эльконин, В. В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В. М. Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы», В. Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», С. Н. Лысенконың «Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Оқытудың компьютерлік технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы» т. б. көптеген технологиялар енгізілді.

Бұл педагогикалық жаңа технологиялар бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай қағидаларды ұстанады: оқуға шығармашылықтың енуі, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы, яғни жеке тұлғаға бағдарланған оқу, тұлға дамуының сыртқы әсермен бірге оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі. Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз-тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін педагогикалық жүйенің жобасы. Жаңа технологиялардың негізгі қағидалары:

— балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
— оқу мен тәрбиенің бірлігі;
— баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
— баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
— әр оқушының, оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
— барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту».

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек.

Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. «Сорос-Қазақстан қоры» арқылы келген бұл технология қазақ тілдерінде мектепке ене бастады.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін. Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

1-кезең - Қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтанда сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін "Жұпта талқылау«стратегиясын бүгінгі практикалық жұмыс барысында байқайсыздар, сондай-ақ келесі сабақтарда үйренуге болады. «Топтау», Түртіп алу«, «Болжау», «Әлемді шарлау» т. б. әдістер жинақталған.

Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты — үйренушінің белсенділігін, ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.

Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Және де жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Мысал үшін 3-сыныпта Әдебиеттік оқу пәні бойынша қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың «Менің өмірім» атты ашық сабағын қалай өткізгенімді талдай кетейін.

Қызығушылықты ояту сатысы бойынша: — Жамбыл Жабаев туралы не білетіндерін сұрадым. Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның 2-кезеңі «Мағынаны тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар. Соның бірі ІNSERT. Ол бойынша оқу тақырыбымен яғни танысу барысында,

Y- білемін;
— - білмеймін;
+ - мен үшін жаңалық;
? - мені таң қалдырды;

белгілерін қоя отырып, мысал өлеңді оқу тапсырылады. ІNSERT-оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны тануды жоғарыдағыдай ұйымдастыру — аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыс құруға дағдыландырады.

Тақырып бойынша «Ой толғаныс» бағдарламаның 3-кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрен жолына қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн көрсетілімі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы» т. б осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықты қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Әрине, әр сабаққа дайындық керек, оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, үздіксіз іс-әрекетке жетеледім. Бұл бағдарламаны оқып, үйреніп оны өз жұмысымда қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім. Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт, бұрын үндемей отыратын балалардың сабаққа қызу араласуы. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсетуге бара қоймас еді. Сабақтарды ерекше, жаңа технология жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай. Бүгінгі қоғамға да, мектепке де керегі осылар. Енді осы технологияны қолданылған сабақ жоспарын назарларыңызға ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев «Менің өмірім»

Сабақтың мақсаты:

1) Бала Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасуына өскен ортасының,ұлттық салт-дәстүрінің әсерін түсінуге жағдай туғызу.
2) Оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасап, топпен жұмыс жасай білуге баулу.
3) Ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Араласып кеткен оқиғалар», «Соңғы сөзді мен айтайын», «Топтастыру»

Көрнекілігі: Жамбыл Жабаевтың,Сүйінбай Аронұлының портреттері

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы

1.Қызығушылықты ояту

Жабырқауды білмейміз,               Біз талапты балдырған,
Жалқаулықты сүймейміз.             Үлгі аламыз жақсыдан.

Ортада қолдарын ұстап «Сәттілік тілейміз!»- дей отырып сабағымызды бастайық.

— Қандай атақты жазушылар, ақын, жыршыларды білесіңдер? Атаңдар.

Осы аталған адамдар не істейді? Топтастыру.

Оқушыларды топқа бөлу. «ЖИГСО 2» стратегиясын қолдану. Барлығы 4 топ болды. 1топта(№ 1, № 2,№ 3,№ 4) төрт баладан отырды.(1оқушы 1-топта № 1 болды)Бұл «Жанұя» тобы. Сыныпта барлығы 18,қатысқандар саны 17 оқушы.

— Балалар, сендерге сәтті сабақ тілеймін!

Қазір үстел үстіндегі хатқалталарды әр топ басшысы келіп алады. Бірақ оқулықты жауып қоясыңдар.

2. Мағынаны тану

Жаңа мәтін абзац бойынша төрт бөлікке бөлініп, төрт топқа бір абзацтан ғана беріледі.
Олар ең алдымен жеке оқып танысады, жанындағы оқушымен ой бөліседі,бір-біріне
түсіндіреді.Ортаға салады, тағы да топта ой бөліседі. Мәтін бөліктері түрлі-түсті
қағаздарға жазылған. Мысалы 1-бөлікті «Жанұя» тобында әбден түсініп, талқылап алады.
(Қызыл түс)

Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жапа бір кезде осы тауларды көшіп-қонып жүрген.
Жамбыл тауының етегінде,қақаған қатты боранды күні мен туыппын. Маған
сол көне тауының есімі ат болып қойылыпты.
Бұл-1846 жылдың ақпан айы екен.
Менің әкем Жапа шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған.

(Жасыл түс)

Тұрған жеріміз құлазыған кең,жазық дала еді.Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды.
Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді...
Менің ағам,әкемнің інісі,белгілі домбырашы еді.Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде,... бүкіл жан дүнием елжірегендей болатын еді.
Менің қой баққым келмеді.Домбыра тартып,ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді.Мен далада ән шырқағанда, даусым бүкіл даланы күңіреткендей сезінетін едім.

(Сары түс)

Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп,өзімше күн көруге мықтап бел байладым.
Үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап,
маған сый-сыяпат көрсете бастады.
Он беске толғанда мен атақты Сүйінбай тұратын ауылға келдім.
Домбырамды ұстап, оның үйіне таяп келдім де,әндете бастадым.Өлеңіме
Риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырып алып:
— Сенің ақындық дарының бар екен, даусың да жақсы,ұнайсың,жігітім, — деді.

(Көкшіл түс)

Қарт ақынның тілегі бойынша мен көптеген әндерді құйқылжыта айтып бердім. Оның біреуін сол үйде отырып шығардым. Сүйінбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, оны аспан әлеміне, нұрға бөлеп, таң шапағына, жарық жұлдызға теңеп,өзімді ақынның інісімін деп атап, көмегін,қолдауын сұрадым.
Ол уеде берді.
Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі еді.

Әр топтан бір оқушы шығып өз оқыған бөліктің мазмұнын түсіндіреді.Енді «Жанұя» тобынан «Жұмыс» тобына барып отырады. Ол 1-топқа № 1-лер, 2-топқа № 2-лер,3-топқа 3-тер,4-топқа № 4-тер барады. Енді әр топтан келген оқушылар өз түсінгендерін айта отырып төрт бөлікке бөлінген төрт түстен толық мәтін құрастырады. Оны ретімен ақ қағазға жапсырады. Болған топ өз жұмысын тақтаға іледі.

Мәтіннің қалай құрастырылғаны жайында сұрау.

— Қолдарыңдағы мәтін бөліктерін реттеу кезінде неге бөліктерді осылай орналастырдыңдар? Дәлелдеу.

Барлық топ жұмыстарын аяқтап болғаннан кейін тақтада жапсырып қойған өзінің мәтіннің дұрыстығын білдіретін қағазды ашып көрсетемін.Қай топ тапсырманы
дұрыс орындағанын өздері көреді.Оқулықтарын ашып мәтінді өз беттерімен бір рет оқып шығады.

Сергіту сәті.

Қоюланып тағы бұлт, Жапырақты жамылып,
Жауды жаңбыр себелеп. Бұға қалды көбелек

3.Ойтолғау

— Сонымен, Жамбыл ақынның аты туралы не білдік?

«Батырдың ұрпағы» әңгімесін еске түсіру, жерге байланысты ат қою, салыстыру.
— Жамбылды балалық шағында жақсы сөзімен адамгершілікке тәрбиелеген кімдер болды? Сүйінбай ақын туралы айту.

Ақынның
«Менің пірім-Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай» —

деген өлең жолдарынан Сүйінбай Жамбылдың өмір жолында нағыз ұстазы болғанын атап өту.

а) Дәптермен жұмыс. Мәтінде байқалған жақсы сөздерді теріп жазу, түртіп алу үшін қайта оқу. Тақтаға жақсы сөздерді жазғызу.
ә) — Бала Жамбылдың кіршіксіз таза ойы, шын сыры қандай жақсы сөздерінен байқалады?

«Бұл менің ең бақытты минуттарымның бірі еді»

— Осы айтылған сөздерге өз көзқарасымызды білдіру үшін «Эссе» жазу.
Бала Жамбылдың азамат болып қалыптасуына жақсы адамдар мен жақсы сөздердің,халқымыздың ежелден келе жатқан баланы жақсы әдет-ғұрыпқа тәрбиелеудің үлкен мәні болған.

б) Топтастыру стратегиясы.

Бүгін Жамбыл туралы не білгенімізді топтастырып жазайық.Жамбыл кім?

Ақын           әнші            күйші            

               Жамбыл

        Жыршы              композитор

Сонымен, бүгін Жамбыл Жабаев туралы көп білдік деп ойлаймын. Ал, енді осы ақынның қандай өлеңдерімен таныстық? Атаңдар. 2-сыныпта «Шәкірт балаларға», «Туысқан ел» т, б. Сабаққа жақсы қатыстыңдар, белсенділік көрсеттіңдер.

Сабағымызды Жамбылдың балаларға арналған өлеңімен аяқтайық:

«Шәкірт балаларға»
Айналайын сендей жеткіншек,
Қарасам көзім тоймайды.
Мәуелі сендер бәйшешек,
Өмірдің жазын тойлаған.

Міне, бұл технологияда оқушы өз ойын,өз пайымын еркін білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, өз пікірін,өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Мұндай әдістер табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп түсіндіруге шалағай, өздеріне сенімсіздеу, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз екеніне көзім жетті.

Сын тұрғысынан ойлау — бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.

Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған.

httpsss://kopilkaurokov. ru/obschestvoznanie/uroki/sabak-tyn-tak-yryby-zhyl-miezghildieri-1

Категория: