Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Cабақтың тақырыбы: Алматы қаласы

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Омарова Улжан Достубаевна учитель казахского языка в начальных классах, стаж — 30 лет, категория 2. КГУ «Средняя школа № 3» ГУ «Отдел образования акимата Житикаринского района», Г. Житикара, Костанайская область

Омарова Улжан Достубаевна

Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруды жалғастырып, сөздік қор жинау барысын бақылау.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды сапалы білім алуға баулу және шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу. Әдептілік әліппесі мен салауатты өмір салтына берілген қанатты сөзбен тәрбиелік әңгіме өткізу.
3. Дамытушылық: Аталған тақырып бойынша байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: төл дыбыстар, ҚР картасы, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.

Ауызекі сөйлеу.

Дыбыстық талдау: ә. ғ, қ, ы

2.Үй жұмысын тексеру:

Монолог
Өлең
Диалог

3. Сұрақ-жауап

Қазакстан қандай мемлекет?

Қазақстанда неше облыс бар?

Қандай үлкен қалаларды білесіңдер?

4. Ребус шешу

(алма, тау, ы).

Тақырып. Алматы қаласы.

Сабақтың мақсатың барысын айту...

Сөздік жұмысы:

Сарай — дворец
Мұз айдыны — ледовый каток

1. Сөздердің мағыналарын түсіндіру.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

А) Мұғалім
Ә) Оқушылар дауыстап қайталайды.
Б) Оқушылар тізбектеп оқиды.

3. Берілген сөздер мен сөз тіркесін құрастыру.

4. Сөйлемдер құру.

5. Сөздік дәптерлеріне жазу.

Сергіту сәті.

Слайд (Алматы туралы)

Мұғалім: Алматы өте әдемі қала. Ол Алатаудың етегінде орналасқан. Алматыда әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны бар. Онда неше түрлі спорт сайыстары өтеді. Алматыда жаңа метро ашылды. Метроның станциялары әдемі және жарық.

Сұрақ-жауап

Алматы қандай қала?
Ол қайда орналасқан?
Нелер бар?
Жаңадан не ашылды?

Тапсырмалармен жұмыс
Сөйлемдер құрастыру, жазу.
Алматы туралы...

№ 2 Сұраулық шылауларын дұрыс жаз.

Қала...? алаң...? көше...? сарай...? цирк...?

Сергіту сәті.

Алма, алма, көп алма,
Қызыл, сары, жасыл алма.
Алып, теріп келейік,
Атамызға берейік.

Сабақты бекіту:

Қандай қаламен таныстық?

Қала қандай?

Жаңадан не ашылды?

Алматыда қандай мұз айдыны бар?

Сабақты қортындылау: Оқушылардың білімін бағалау.

Үй тапсырмасын беру. 100 бет, 5 тап.

Категория: