Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Дене шынықтыру сабақтары және сабақтан тыс спорттық іс-шаралар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Тукешов Кайрат Сексенбаевич дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылы
«С. Сейфуллин атындағы ЖОББМ»

Тукешов Кайрат Сексенбаевич

Қазіргі кезеңде адам баласының денсаулығын сақтау өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Өзгеріске енген экология, қоршаған орта адам баласының денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан әр адамды мектеп кезеңінен бастап салауатты өмір салтын сақтауға үйретуіміз керек. Оқушының барлық салауатты өмір салтын сақтау негізін білу өте қажет, себебі ол тек қана мықты денсаулық үшін жауап бермейді, сонымен қатар белсенділік пен ми қабілеттерінің дамуына жауапты. Ол үшін дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, дене шынықтыру жаттығуларын орындау және жағымсыз әдеттердің болмауы керек. Мектеп оқушыларының денсаулығына белсенді қозғалыстың жеткіліксіздігі, гигиеналық талаптардың сақталмауы, компьютер мен теледидар кері әсерін тигізеді.

Дене шынықтыру сабақтары мен қатар сабақтан тыс іс-шаралар, спорттық сауықтыру жұмыстары бірталай міндеттерді атқарады. Осы міндеттердің тиімді шешімі болып сабақ жоспарының, мектеп спорттық жұмысының жоспарының дұрыс құрылуы мен ұйымдастырылуы саналады. Тек сонда ғана дене шынықтыру сабақтары мен спорт арқылы оқушының денсаулығын нығайту, дене шынықтыру құндылықтарын қалыптастыру үшін сабақ пен сабақтан тыс үрдістердің тығыз байланыста болу, оқушының жеке қабілеттерін, денсаулығын, қызығушылығын арттыру, спорттық секциялар, үйірмелер жүйесін дамыту міндеттері шешіледі. Ал оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру үшін, сабақ барысында тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады.

Оқушының жан-жақты, ой-өрісі, тұлғасы жоғары деңгейде дамуында дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны мектеп кезінен бастап дұрыс жолға қойса, нәтижесі жемісті болады. Әр спорттың түрі оқушылардың қызығушылығын, дене бітімін ғана дамытып қоймайды, сонымен қатар олардың ой-өрістері дамиды. Мысалы, шахмат, тоғызқұмалақ ойындары есте сақтау және математикалық қабілеттерді дамытады. «Көңілді мәре» сайысы оқушылардың ой-қабілетін, жылдамдық ерекшелігін, тез шешім қабылдауына және топтық әрекет жасауына бейімдейді..

Мектептегі спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жүйесі бірнеше бағыттардан тұрады:

1. Дене шынықтыру сабақтары
2. Мектептегі спорт секциялары
3. Сабақтан тыс спорттық іс-шаралар
4. Сайыс, жарыстарға қатысу.

Сабақтан тыс әр түрлі спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру — дене шынықтыру пәнінің мұғалімінің басты мақсаттарының бірі болып есептеледі. Оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында волейбол, баскетбол, футбол, теннис үйірмелері өткізіледі. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектепте жылына 4 рет денсаулық күндері өткізіліп тұрады.
Оқу жылының басы қыркүйек айында Республикалық «Денсаулық фестивалі» кезінде гимнастикалық жаттығулар жасалынып, жеңіл атлетикалық жүгіріс, веложүріс, спорт ойындары өткізіліп, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталады.

Денсаулық фестиваліне ұстаздар, білім алушылар түгел қатысып, белсенділік танытады.

Сондай-ақ 5-8 сынып оқушылары арасында ұлттық ойын және спорттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырып, оқушылардың кішкене кезінен бастап спортқа деген қызығушылығын арттыру басты мақсатымыз. Мектепте «Арқан тарту», «Қол күрес», «Асық ату» ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырып, ұлттық ойын өнерімізді өзге ұлт өкілдеріне насихаттау басты міндетіміз.

Ұлттық теле арнада салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан жаңашыл әдістегі бағдарламалардың желісінде «Толағай» атты спорттық, ұлттық ойындар сайысы сынып аралық топтық сайыс түрінде өткізіледі.

Мектептегі өткізілетін спорттық іс-шаралар дарынды талантты балаларды анықтауға да көп көмегін береді. Әрбір мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз сыныптарындағы оқушылардың қай спорт түріне бейім екенін анықтап спорт секцияларына бағыттай алады. Спорт секцияларына қатысып спортпен әуестенген оқушыларымыз бірнеше рет мектебіміздің намысын аудандық және облыстық жарыстарда қорғаған. Мектеп футбол командасы аудандық ойындарда үнемі жүлделі 1-орынға ие болып келеді. Футболдан ауданда жүлделі 1-орын алған оқушылар командасы облыстық жарыстарға да қатысып келеді.

Мектеп мұғалімдері мен оқушылардың бірлескен жұмыс нәтижесінде мектеп оқушылары аудандық жеңіл атлетика эстафетасында сегіз жыл қатарынан 2 жүлделі орынға ие болып келеді.

Мектептің спорт базасында футболдан аймақтық жарыстар өткізіледі. Мектеп оқушылары футболдан, баскетболдан, теннистен аудандық командасының құрамында облыстық сайыстарға қатысып тұрады.

Дұрыс бағыт алған оқушылар оқу орындарына дене шынықтыру факультеттеріне оқуға тусуге мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар қабілетті оқушының жоғары жетістіктерге көтеріле беруі үшін жарыстарды жиі өткізе беру керек. Бұл оқушының қабілеттерін дамытып қана қоймайды, сонымен қатар денсаулықты күшейтіп, жағымсыз қылықтардан аулақ болуға көп көмегін тигізеді.

Мектебімізде беделді адамдарды еске алу, қадірлеу, мықты спортшыларды анықтау, салауатты өмір салтын, спорт түрін насихаттау мақсатында дәстүрлі іс-шаралар өткізіледі. Волейболдан дәстүрлі мектеп директоры болған Д. Скандаровты еске алу аймақтық жарысы жыл сайын өткізіліп тұрады. Екі жыл қатарынан аулымыздың тұрғыны соғыс ардагері Р. Бекмағанбетовке арналған футболдан жарыс өткізу дәстүрі қалыптасты. Мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары арасындағы жеңіл атлетикадан эстафета жыл сайын өткізіліп тұрады. Бұл іс-шаралардың тәрбиелік мәні де өте зор.

Әрбір оқушы денсаулыққа негізделген біліммен қамтамассыз етілуі керек, тек сонда ғана салауатты өмір салты дамиды. Терең біліммен қаруланған білім алушы өз денсаулығының қадірін түсініп, салауатты өмір салтын қалыптастырады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. ҚР дене шынықтыру және спорт дамыту мемлекеттік бағдарламасы;
2. Волков Л. В. Физические способности детей, Киев-1981 г.;
3. «Мектептегі дене шынықтыру» журналдары, Алматы-2014 ж.