Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

«Домбыра физикасы»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Муканова Жумабике Рахметулловна, физика мұғалімі, жоғарғы санатты, Кішкенекөл № 2 ішінара интернатты орта мектебі, СҚО Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы

«Домбыра физикасы»

Айдана:
Армысыңдар, құрметті жиналған қауым!
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар
Физикадан басталмақшы
Тапқырлардың кеші — «Домбыра физикасы» атты кешті ашық деп жариялаймыз.

Шынар: Біз бүгінгі кешті көңілді, осы кешке қатысушылардың көңіл — күйлерінің жақсы болғанын қалаймыз. Сол себепті физик — ғалымдардың әзіл — қалжыңдарымен бастағалы отырмыз.

Айдана: Кирхгоф өзінің спектрлік анализ жөніндегі жұмыстары жайлы айтып отырады. «Күннің спектріне қарап онда алтын бар екенін байқадым» — дейді ол. Тыңдап отырғандардың бірі: «Мұндай жаңалықтан не пайда, күндегі алтынды бәрібір ала алмаймыз» — дейді. Біраз уақыттан кейін оның осы ашқан жаңалығына алтын медаль береді. «Міне, мен күндегі алтынды алдым» — деп әзілдеген екен ол.

Шынар: Бір күні әйгілі физик Резерфорд лабораториясынан шәкіртін кездестіреді. Ол тәкәппарланып:

— Жұмыс жасап отырмын, — депті.

— Сіз күндіз не істедіңіз? — деп сұрайды оқымысты.

— Жұмыс істедім, — деді шәкірті.

— Ал ертеңгісін ше?

— Жұмыс жасадым

Шыдамы жетпеген Резерфорд: «Сонда сіз қай кезде ойланасыз» — деген екен.

Айдана: Белгілі, әйгілі ағылшын физигі Исаак Ньютонның үйінде екі мысығы болған екен: біреуі — үлкен, екіншісі — кішкентай. Түнде мысықтар маза алмасын деп кірер есігіне екі тесік жасайды: үлкен және кішкентай. Көршісі көріп қалып сұрайды:

— Не істеп жатырсыз?

— Мысықтарым түнде мияулап маза бермейді, сондықтан соларға кіріп шығатын есік істеп жатырмын, — дейді

Сонда көршісі:

— Бір үлкен тесік жеткілікті емес пе?

— Иә, дұрыс! Мен соны ойламаппын! — дейді Ньютон.

Шынар:
Негізі бар ғылымның физика.
Жалықпай оқып үйреніңдер тек қана
Білімнің есігін ашты көзін тауып
Ньютон, Энштейн, Архимедтер.
Бүгінде физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер.
Шәкірттер, зерделікпен меңгеріңдер!

«Сарыарқа» күйі орындалады

Айнұр: «Мұнлық және Зарлық» туралы аңыз.

«Ертеде бір хан болыпты. Оның жалғыз қызы бар екен. Хан қызын өзі сияқты хан баласына атастырып қояды. Қыз бойжеткенде кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен. Мұны білген хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгеннен кейін қыз мезгіліне жетпей бір ұл, бір қыз туады. Ел сөзінен сескенген хан жаман атқа қалмаудын амалын іздеп, қос бүлдіршіннің көзін жоюды астыртын Мыстан кемпірге тапсырады. Сәбилерді көз көрмес, құлақ естімес жерге апарып, биік өскен ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып, қурай бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек те өсуін тоқтатады. Ел ішіндегі өсек сөз, өтірік өкпеге шыдамаған қыз егізін іздеп жолға шығады. Бармаған жер, баспаған тауы қалмайды. Қатты шаршап діңкесі қатқан қыз әбден қурап, қабағы түсіп, шіруге айналған биік ағаштың түбіне қисая кетеді. Оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады. Құлақ түріп тыңдаса » ән салып " тұрған қасындағы биік ағаштан күмбірлеген үн естіледі. Қыз күндіз егізін іздеп, түнде осы «әнші» ағаштың түбіне келіп, көңіл жұбатып, тынығып жүреді. Бір күні айналаға көз салмақ болған қыз ағаштың басына шығамын деп құлап қалады. Ағаш жуан, түбінен басына дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағында бұтақтан — бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл қыздың екі баласынан қалған жұрнақ еді. Батыс жағындағы ішек бостау, ал шығыс жағындағы ішек қатты тартылыпты. Шертіп көрсе, керемет үн шығады. Қыз байғұс бостау тартылған ішектің үні мұңды шығатындықтан ұлым — Мұңлық , ал ащы, тым зарлы шығатындықтан қатты тартылған ішекті қызым — Зарлық деп ат қойып, күндіз түні қолынан тастамай күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен«.

Жанна: «Домбыра физикасы»

Домбыра үш бөліктен тұрады.

1. Бас бөлігі
2. Мойын бөлігі
3. Шанақ бөлігі

Бас бөлігінде құлақтары, шайтан тиегі орналасады. Мойын бөлігінде пернелері, шанақ бөлігінде тиек, ойық, ілгек орналасады. Домбыра — әрбір құрылымдық элементтерінің қызметін жалпы физикалық күрделі заңдармен түсіндірілетін аккустикалық аспап. Ішек өз тербелісінің энергиясының болымсыз ғана бөлігін дыбыс толқындары түрінде шығарады. Гитара, домбыра, арфа және басқа да ішекте аспаптардың күшті дыбыс шығаруы былайша түсіндіріледі: ішек өз тербелістерінің энергиясын аспаптың корпусына және ондағы ауаға береді. Сөйтіп, еріксіз тербеліс туғызады. Бұл кезде корпус пен корпустағы ауа резонансқа түседі де, ішектің шығарған дыбысына қарағанда күшті дыбыс шығарады.

4. Қазақ халық ертегісі «Домбырада қалай тесік пайда болды»

5. Күй орындалады

ІІ. Қызықты тәжірибелер

1. Денелерге электр зарядтары қайдан келді?
2. «Қырсық әуе шарлары» М.Айдана
3. «Жабысқақ шар» С.Шынар
4. Электромагнитті қалай пайдалану керек? Электрмоторды Мусайбеков Әли құрастырып, жинап көрсетті
5. «Электромагниттік ойыншықтар»
6. «Перископ» Хамитов Асхат өзі жинап, қалай қолдану керек екенін түсіндіреді.
7. «Қияр элементі» Х.Асхат

ІІІ. «Егіздер пародоксы» әңгіме

IV. Көрермендермен ойын

1. «Автобуста» сайыс (екі топ)

Әр қайсысында ауа шарлары бар, соларды қолдарында жоғары көтеріп тұрады. Осы шармен жолаушының креслоға қатысты (Жерге) орын ауыстыруын қалай болатынын көрсетуі керек.

А) Автобус кілт орнынан қозғалады.
Б) Автобус тежеледі?
В) Автобус бұрылыста оңға қарай бұрылыс жасайды?
Г) Автобус бұрылыста солға қарай бұрылыс жасайды?

2. «Морзе азбукасын үйренейік» сайыс

Екі топқа «Морзе» азбукасы таратылады (жеке әр балаға). Қолдың шапалағы бойынша топтар бір — бірімен хабарласу қажет. Ең бірінші үш — төрт рет түсіндідім, содан соң бір топ азбуканы пайдаланып бір сөзді шапалақ арқылы жібереді. Оны екінші топ қандай сөз айтқанын шешу керек. Содан соң жарыс басталады. Қай топ көп сөз, сөйлемді шешсе сол жеңімпаз.

Сайыста І — ші топ жеңіске жетті. Бұл кешіміз балаларға, мұғалімдерге өте ұнады. Әсіресе «Морзе» азбукасымен сайыста балаларды тоқтата алмадым. Содан соң оқушылар үзілістерді бір — бірімен «Морзе» азбукасымен сөйлесе бастады. Сондықтан, осындай кештерді өткізу қажет.

Категория: