Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Қазақ сазгерлері

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Жузенова Маржангуль Болатовна учитель казахского языка, стаж 19 лет, высшая категория КГУ «Кондратовская средняя школа отдела образования акимата Кызылжарского района»

Жузенова Маржангуль Болатовна

Лексикалық тақырып — кірме сөздер

7 сынып

Сабақтың мақсаты:

білімділік — қазақ сазгерлері туралы толық мәлімет беру,кірме сөздер тақырыбын пысықтау; ғаламторда керекті ақпарат таба алу қабілеттерін пысықтау;
дамытушылық — ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру;
тәрбиелік — ел мәдениетін қадірлеуге, қазақ әніне қызығушылық туғызу.

Түрі — жаңаматериалды оқып үйрену. Әдісі — интербелсенді оқыту әдісі, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ізденіс, баяндау. Типі — дәстүрлі емес. Көрнекілігі — интербелсенді тақта, слайд, үлестірмелі қағаз, маркер, өзін-өзі бағалау парағы.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Шеңбер құру — оқушылар өздерін сын есімдер арқылы мақтайды. Түс таңдау арқылы 3 топтқа бөлінеді. Өзін-өзі бағалау парақтарын тарату. Сабақтың тақырыбын жариялау. (1-ші слайд )
Әлемдегі жаңалықтарды ұсыну (кезекшімен сұхбат)

II. Үй тапсырмасын тексеру

(2-ші слайд) сұрақтарға жауап:
Қазақ әндері нені насихаттайды ?
Қазақ халық әндерін кімдер зерттед?
Халық әндері қандай аспаптармен орындалады?
Қандай кең тараған халық әндерін білесіңдер?

Қызығушылықты ояту. Ойқозғау әдісі. (3-щі слайд)

III. Жаңа сабақ

Топтағы жұмыс ережесімен таныстыру: сарапшының міндеті- кластер жасау, тілшінің міндеті-сұхбат алу, лингвисттің міндеті-мәтіннен кірме сөздер табу, мәнерлеп оқушы-ұялы телефоннан ғаламторға кіріп, сазгер туралы өлең немесе шығармасын іздейді, орындауға тырысады.

А) жаңа сөздермен жұмыс (5-ші слайд)
Б) топтағы өздік жұмыс (10 минут уақыт беріледі)
В) 3 топ өз жұмысын ұсынады (3-14-ші слайдтар)

IV. Сабақты бекіту

Абайдың сөздеріне назар аудару.

— Балалар, неліктен біз бүгінгі сабағымызды Абайдың сөздерінен бастадық?

— Қандай Абайдың әндерін білесіңдер?

— Кім орындай алады?

(15, 16 слайд) 12 сұраққа жауап беру.

V. Оқушылардың білімін бағалау

Өзін-өзі бағалау парақтарын жинау.

VI. Үйге тапсырма беру: эссе жазу «Менің өмірімдегі музыканың орны»

Категория: