Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Шығармашылық есеп

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Рублевка орта мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі, Закирина Нурбике Абуталиповна

Шығармашылық есеп

Менің тәжірибемнен өзіме алғаным-білім беру-кешенді үдеріс. Білім беру- бұл оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп берілген. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:

• білім беру негізін түсіну және өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау;
• ойлануға жүйелі білім беру;
• өзінің шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын
• оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;
• тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы;

Білім алу өте күрделі және жеке үдеріс. Бұдан түйетін ой бұл саладан бейхабар адамдарға өзгелердің қалай білім алатынын нақты білу ауыр екен. Білім беру үдерісі білім алушының жүріс-тұрысын, ойлауы, есте сақтау және қабылдауын бақылау барысында зерттеледі.Білім алу ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірибе арқылы қарастыруға болады деп ойлаймын. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес санатын анықтаған:

1. Білім алу-білімнің сандық ұлғаюы. Оның нәтижесі ақпарат болып табылады-«көп білу»
2. Білім алу есте сақтау ретінде. Нәтиже-қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді ақпарат.
3. Білім алу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже- есте сақталып, қажет болған жағдайда қолдануға да болатын факті, дағды және әдістердің мөлшердегі жиынтығы.
4. Білім алу — мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі-оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы.
5. Білім алу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру ретінде. Нәтижесі-әлемді өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу.

1-3 тұжырымдамалар оқушыға қатысты білім беруді сыртқы фактор ретінде қарастырады. Бұл мұғалімнің оқушыға қатысты, мысалы деңгейлер бойынша жүзеге асыратын іс-әрекеті болуы мүмкін.

Ғылыми-техникалық прогресс пен өндірістік технологияның дамуы, экономиканың өркендеу дәуірінде қоғамға жан-жақты дамыған, белсенді, өз бетінше жасампаздықпен ойлай білетін жастарды талап етеді.Сондықтан оқыту үрдісі деңгейін арттыру арқылы, ақыл-ойы жетілген, жан-жақты дамыған, жасампаздықпен еңбек етуге қабілетті, өз тағдырларын өзгеше шеше алатын, өз бетінше білімін толықтыру және өздігінен кәсіби шеберлігін арттыру мүмкіндігі бар азаматтар даярлау білім саласындағы басты мақсат болып табылады. Мен орта мектепте 30 жылға жуық еңбек етіп келемін. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын өз бетінше жаңа білімдер игеруге қабілетті етіп тәрбиелеу мен оқытуды талап етеді . Менің ойым-өз бетінше білім алу үшін оқушы өз танымдық қызметі нысанының мәнін ұғынып, оның іс-әрекет жолдарын игеру. Сол себепті оқушыларды жаңа білімдерді алу үшін игеру жолдары мен құралдарына әдейі арнап мақсатты жаңартылған бағдарлама аясындағы курста алған білімді тәжірибеде қолдану керек деп ойлаймын.

Дәстүрлі оқыту үрдісінде оқушылардың бар ынта-жігері мен күші, негізінен оқытудың пәндік мазмұнына аударылады да ғылыми білімнің игерілуінің әдістемелік және танымдық жағы назардан тыс қалып қояды, нәтижеде оқушылар оны жеткілікті дәрежеде игермейді.

Сабақ жоспарын құрастырған кезде, яғни оқыту білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары атқарады. Білімдік мақсатта оқытылатын пәнге байланысты білім, біліктілік және дағды қалыптасса, танымдық мақсатта ғылыми таным жолдарын,әдістерін игеру жүзеге асырылады. Ал оқытудың дамытушылық мақсаты білімді игеру үрдісіндегі оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыруға байланысты болады. Білім берудің жаңа әдістерін, яғни «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйрету» мазмұнын ашу, мектептегі сабақ берудің өздігінен даму мұғалімдердің шығармашылығында деп өзіме осындай ой түйдім. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007, 38бет) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Ал Выгодский (38бет) кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын оқушы ретінде суреттейді.

Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара және мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбаттасуы, мысалы әр сабақ барысында қолданатын сұрақ-жауап немесе топтық жұмыста екі, бірнеше оқушылардың өзара сұрақ қойып, жауап алуы.

Выгодскийдің когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің (ЖАДА) «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе, жақсартатындығын атап көрсеткен. Ол білім беру модулі оқушының диолог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 38 бет) Әрине мен Выгодскиймен келісемін себебі оқушы ізденіп, білмегенін сұрамаса, ол білім ала алмайды.

Мерсердің зертеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар. Олар әңгіме-дебат, топтық әңгіме және зертеушілік әңгіме.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 38-39 бет) Менің бұдан үйренгенім жоғарыда айтылып кеткендей диалогтік оқыту түрлері Негізінен мен мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы диалогты сабақта қолданамын. Бірінші сабақта диалог мұғалім мен оқушы арасында болды. Мен үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексердім. Күнделікті тексергенім әдет болғандықтан оқушылар жауап берді.Кейін жұпта сабақты қайталағанда, талдағанда оқушылар арасында диалог жүрді. Жұптағы оқушы түсінбегенін лидерінен сұрап біліп отырды. Дарынды баланың өзімшілдігі басым болғандықтан өзінің оқу керектігін айтты. Ол бала жауап қайтармай, сол қалпында отыра берді. Оқушылар құрған ережені ұстана ма екенін, кедергі жасамай, бақылап отырдым. Жұп жұмыс істеп болып, қорғағаннан кейін екі жұп бір-біріне сұрақ қойды. Сұрақты жақсы оқитын оқушылар қойып, негізінен жақсы оқитын оқушылар жауап берді. Жауаптары қысқа болды. Сабақтың соңында барлық кемшіліктер -жұп ережесін ұстану, сұрақ жүйелі, жауап толық болу керек екендігін ескеріліп өтті. Мен келесі сабақта қайталанбауын талап еттім. Жұптың лидерлері өз жұбының оқушысын елеусіз қалдырмай тапсырма беруін ұсындым. Оқушылар келісті. Осы кемшіліктерді байқай отыра мен өзіме келесі сабаққа мынандай мақсат қойдым.

Мақсатым: Оқушылардың сұрақтарының жүйелі болуын және оған жауап толық болуын, жұп ережесін ұстанып отыруын қадағалау және қызығушылығы төмен оқушының тақырыпты толық қабылдауына жағдай жасау. Мен барлық оқушыдан сұрайтынымды ескерттім.

Сабақта мен әр оқушыдан сұрақ қою арқылы үйге берілген тапсырманы тексеремін. Мен оқушылардың сұрағының жүйелі болуын және толық жауап беруін қадағалап отырамын. Мен оқушылардан үнемі толық жауап беруін ескертіп, талап қойып отырамын. Сабақта диалог әңгіме-дебат түрінде жүрсе, яғни орта бірлесуден гөрі, көп жағдай бәсекелестікке бағытталған болды. Бұнда негізінен дарынды оқушы мен жақсы оқушылардың ойы айтылып, талқыланды. Мысалы бірінші сабақта дарынды оқушы Батырхан төмендеу оқитын Самалдың ойымен санасқан жоқ. Ал екінші сабақта мен топтық әңгіме мен зерттеушілік әңгіме жүргіздім, яғни бір-бірінің пікірін тыңдап, ой-бөлісті. Бұл сабақта мен Батырханның ережені ұстанып, басқалармен ойын, пікірімен бөлісуіне талап қойдым. Барлық оқушылар ережені ұстанды. Сабақта оқушылар мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында диалог жақсы және жүйелі түрде болды.

Тәжірибе жүргізген кезде мынадай қорытынды жасадым: мұғалімнің кәсіби қызметі жүйесіндегі «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдердің» алатын орны ерекше, себебі әрбір педагог жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру барысында жақсы бір жетістіктерге жетеді, өзінің кәсіби білім деңгейін кеңейтеді және көтереді. Қазіргі кезеңде мен үшін оқу дәрежесі мына өзгерістерді қамтиды:

1) оқушының оқуға деген белсенділігін игеруге бағытталуы;
2) жеке тұлғаның сұранысы және қажеттілігі білім үрдісіне қарай ауысуына;
3) оқытудың жеке оқушыға бағытталып, мүмкіндігін ашуға жол беруі.

Осы бағытта білім беру саласында жүріп жатқан өзгерістердің нәтижелілігі мұғалім қауымының дүниетанымының кеңдігіне, рухани дүниенің баюына, кәсіби әрекетінің,яғни сабақтарын жаңаша ұйымдастыруына байланысты деп ойлаймын. Бұны тәжірибеден өткеннен кейін, яғни сабақтарымда қолданғаннан кейін өзіме түйдім. Осы өзгерістердің нәтижесінде тек оқушы ғана емес, мұғалім да жаңаша ойлайды. Жаңаша ойлайтын мұғалім міндетті түрде жаңа бағыттағы алған идеяларды және соны келесі оқу жылында меңгеруге дайын болуы керек.

Қорытындылай келе, оқушылардың білетіндігі және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Біздің қолданысымыздағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалог сұхбаттасу бізде де, оқушыларда да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. Сондықтанда мен келешекте бұл тәсілді жетік меңгеріп, ары қарай пайдаланып жетілдіруге мақсат қойдым.

Категория: