Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

«...Өшппейтұғын із қалдырған» ұлы ұстаз Ы. Алтынсариннің шығармаларын мектебіміздің білім кеңістігіндегі оқу-тәрбиелеу үрдісінде пайдалану жолдары

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Ибрашева Нурсулу Сапабековна учитель казахского языка и литературы высшая категория, педстаж — 26 лет КГУ «Средняя школа № 3» г. Житикары Костанайской области

Ибрашева Нурсулу Сапабековна

Бүгінгі өркениетке өркендеу кезеңде жастарды имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеудің аса қажеттігі пайда болған кезде Ыбырайдың ізгілік жөніндегі ойларын шәкірттердің жүрегіне ұялатудың, және келешек ұрпақты Ыбырай дәстүрі негізінде тәрбиелеу қажеттігі туып отыр.

Алтынсарин балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысында аса қатаң талап қоя білетін. Ыбырай жастарға өнегелі тәрбие беру аса маңызды іс деп білетін. Ол шәкірттерді адамгершілікке, адал еңбекке, Отанды сүюге тәрбиелейтін. «Барлық күш —жігерімді олардың мінез-құлқына да ықпал етуге жұмсаймын...», — деп жазған. Ыбырай озық өнер-білімді, мәдениетті мектеп арқылы тарату, насихаттауды мақсат етті. Оның озық идеялары бүгінгі күн талабына дәл ұштасады. Ыбырай Алтынсаринсариннің қай шығармасын алсақ та, әрқайсысы қазіргі тәрбиелеу мәселелерін шешуге, мәңгі құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу үшін қолданыла алады. Мысалы барлық балалар жатқа білетін «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі-білімге шақыру ұраны. Ыбырай өлеңінің әр шумағында өнер-білімнің айрықша құндылық қасиеттерін суреттеп, оқушыға білімнің баға жетпес артықшылығын дәлелдей алды.

Оқысаңыз, балалар
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.

Бүгінгі күндегі өткір мәселенің бірі — балаларды жаппай оқытумен қамту. Кейбір жастардың ақшам болса, бәріне жете аламын, білімсіз де күн көре аламын деген қате пікірін осы өлеңнің идеясы жоққа келтіреді, білімсіз, еңбексіз табылған байлықтың баянсыздығын ұғындырады:

Бұл дәулеттің байлығы,
Бір жұтасан жоқ болар.
Оқымыстының байлығы
Күннен күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.

Ақын жастарды еңбексіз табылған байлықтан гөрі, қоғам үшін пайдалы болуға және үнемі дамып отыратын білім байлығын меңгеруге үндейді.

Алтынсариннің әлеуметтік, прогрессивтік идеяны жақтағаны, сол жөнде көрсеткен жолы оның білім алу жөніндегі қойған міндеттеріне қарағанда әлде қайда кең жатыр. Өйткені оның көптеген әңгімелерінің сюжеттері өмір үшін өте керек нәрселерді уағыздайды, нағыз қажетті, маңызды мәселелерді қамтиды.

«Өнер-білім бар жұрттар» деген өзінің тамаша өлеңінде ол халықтың тұрмыс жағдайын жақсартатын техникалық прогрессті шеберлікпен суреттейді.

Қазіргі жоғары технологиялар мен ақпараттандыру уақытта да бұл өлеңнің маңызы зор. Өйткені бұл өлеңінде ақын ғылымның жетістіктерін тікелей мадақтайды, мәдениетті елдің озық салтын баяндайды, қазіргі кезде де жасөспірімдерді техникалық сауат ашып, білім алуға, материалдық және рухани байлықты азық етуге шақырады.

Мұхтар Әуезов: «Қазақ халқының тарихында үш бірдей биік мұнара бар. Олар: Шоқан, Ыбырай және Абай. Үшеуіне де ортақ нәрсе-қазақ топырағынан жаралғандығы, орыс халқының прогрессивтік озық үлгідегі мәдениетінен нәр алғандығы және туған халқын батыстағы мәдениетті халықтар қатарынан көргісі келгендігі», — деп жазыпты. Осы тұлғалардың үміті ақталып, біздің тәуелсіз Республикамыз жоғары дамыған елдердің санына енуді көздейді. Өз кезінде Ыбырай балаларды басқа елдердің салтымен мәдениетімен таныстыру мақсатында шығармаларына Англия, Франция, Қытай, Жапон, халықтарының өкілдерін кейіпкер қылып енгізген. Бүгінгі күн тұрғысынан айтқанда, Ыбырайдың шығармашылығы инновациялық идеялар мен іс әрекеттерден тұрады. Осы жағдайды есепке ала отырып, біз шығармаларының тәрбие әлеуетін толық пайдалана аламыз. Тағы бір ерекшелігі — Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелеріндегі тақырыптар қазіргі кезде де өзекті болып табылады: отбасы, табиғат, шындық пен әділетсіздік, адамгершілік пен азғындық, білімділік пен надандық, жастық пен кәрілік, кісілік т. б. Алтынсарин қазақ отбасының үздік дәстүрлерін жоғары бағалайды. Ол бала тәрбиелеу, қыз өсіріп тәрбиелеу ісі туралы, баланың ата-анасынан күтетін сүйіспеншілік пен қамқорлыққа құқығы туралы, баланың ата-анасының алдындағы борышы туралы сөз қозғайды. Аталған мәселе-бүгінгі адамгершілік мәселелердің бірі. Осы бағыттағы әңгімелері-«Бақша ағаштары», «Әке мен бала», «Шеше мне бала» т. б. Мысалы, «Малды пайдаға жарату» әңгімесінің идеясы бүгінгі күндегі баланы оқыту, әке мен шеше алдындағы борышты өтеу міндеттерімен үндеседі. Бір көп мал тауып отыратын кісіден көршісі: «...бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің?» — деп сұрапты. Сонда ол Тапқан малының бір бөлімімен борышын өтейтінін, екінші бөлімін өсімге беретінін былай түсіндіріпті: «Қарт әке-шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін, өзімнен туған балаларға оқу оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардың борышымды өтегені емес пе?» — депті.

Ыбырайдың әйел мәселесіндегі пікірлері қазіргі таңда көтеріліп жатқан гендерлік саясатымен үндес. Ол осы тақырыпта әйелдің адамгершілік сезімін бейнелейтін, қоғамның жас ұрпағын тәрбиелеудегі рөлін көрсететін («Шеше мен бала» әңгімесі, «Ананың сүюі» өлеңі), тапқырлығын іскерлігін суреттейтін («Силинчи ханым») шығармаларға көңіл бөлді. Ыбырай Алтынсарин қазақ әйелдері жөнінде нағыз жаңашыл, озық көзқараста болды. Ең алдымен ол әйелдерді ерлермен тең құқықта болу керек деп білді. Тең құқық дегенде әйелдерді ерлермен бірдей өндіріске, қоғамдық істерге тартудың қажеттігін көрсетті. Ыбырайдың бұл бағыттағы көзқарасы бүгінде іске асырылды деуге болады. Қазір әйелдер халық шаруашылығының және мәдениеттің әр саласында жемісті еңбек етіп жүр,қоғам жетістіктеріне өз үлестерін қосып, еңбектері әділ бағаланады.

Алтынсарин көзінің тірісінде кәсіптік училишесін ашады. Сондай-ақ ол мектептерде «...жергілікті халықтың қажетсінулеріне» орай кәсіпке үйретуді енгізеді. Балалар балташы, шебер, темір ұстасы т. б. да кәсіптерге, ал оқушы қазақ қыздары іш киім, көйлек пішіп, тігуге, бөкебай, түбіт орамалдар тоқуға, аттың қылынан белбеу есіп, шекпен тоқуға, қысқасы қазақтарда әрқашан жеткілікті болатын шикізат негізінде жұмыс істеуге үйрететін.

Бірнеше жылдан бері қажетті көңіл бөлінбеген кәсіптік бағдар беру қызметі қазіргі уақытта өткір сұрақтардың бірі болып тұр. Бұл тұрғыдан қарағанда Алтынсариннің осы бағыттағы іс- әрекеті мен шығармалары көкейкесті болады. Оның шығармаларында алуан түрлі кәсіппен айналысатын кейіпкерлер кездеседі. Олар- ғалым («Ғалым кісі», «Әдеп»), малшы («Малды пайдаға жарату»), тоқымашы («Силинчи ханым»), қазы («Данышпан», «Әділдік»), ұста («Зеректік»).

Осы тақырыптағы «Білгеннің пайдасы» атты әңгімесінің түйіні — өнер үйренген жерде қалмайды, өнерлі өлмес, өнерсіз күн көрмес.

Әрбір ұлы адам адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Соңдықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып «Жол болсын!» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы мен қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай, үркердей санаулы саңылақтардың бірі болған еді.

Өз Отанын шексіз сүйген, оған бүкіл жан-тәнімен қызмет еткен тамаша үлгілерінің бірі болып, Отанын сүйе білу, нағыз елеулі азамат болу, рухани- өнегелі тұлға болу мәселелерін көтеріп отырды. Ол болашақ жастардікі деп, олардың келешегіне сенген ұлы тәрбиеші болғанына көзіміз жетті.

«Біз болмасақ — сіз барсыз, сендерге берем батамды,үміт еткен достарым» деп, сенімді үндеу таратқан ұстаздардың ұлы ұстазы бүгінгі жастарға да кеңес береді,тәрбиелейді,ғибрат алғызады.

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1.К. Т. Жумагулов «Глашатый дружбы народов», Алма-Ата,1982 г.
2.Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Кұдайбердіұлы, «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 2003 ж.
3.Ы. Алтынсарин «Избранные произведения», Академия наук КазССР, 1957 г.
4.Ы. Алтынсарин «Даланың оятқан қоңырау иесі», Қостанай, 2001 ж.
5.Ы. Алтынсарин, «Даланың алып қоңырауы», Қостанай, 1991 ж.
6.Э. Дербісалин, «Ы. Алтынсарин-өмірі мен қызметі туралы» 1965 ж.
7.Ы. Алтынсарин, «Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер», «Жазушы», Алматы, 1991 ж.

Категория: