Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Антонимдер

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Искакова Жанар Толеуовна учитель казахского языка и литературы, стаж 19 лет, первая категория КГУ «Сокологоровская средняя школа» район имени Габита Мусрепова, СКО

Сабақтың тақырыбы: Антонимдер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға антоним туралы ережесін беру, жаңа сөздерді дұрыс айтуға баулу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой — өрісін дамыту, сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ету.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, суреттер, плакаттар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу, кезекшімен диалог.

— Бүгін айдың нешесі?

— Бүгін аптаның қай күні?

— Ауа райы қандай?

ә) лексикалық жаттығу:

— Балалар, қай сабақ басталды?

— Қазақ тілі бүгін нешінші сабақ?

— Қазақ тілі қандай тіл?

б) Фонетикалық жаттығу:

Ақ шар бар
Көк шар бар
Көп шар бар
Бес шар бар

II. Сұрақ — жауап (Жаңа сабаққа дайындық):

— «Ақ», «көп» деген сөздер антонимға жатады.

— Бүгін біз сабақта антоним туралы айтамыз.

Балалар суретке қараңыздар, мына суретте қандай ертегі берілген. «Алдар көсе мен бай»

III. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау:

— Сабағымыздың тақырыбы «Антонимдер». Сабағымыздың мақсаты: Антоним туралы түсінік.

Мағыналары бір — біріне қарама қарсы болып келетін сөздер антонимдер дейміз.

Мысалы: ақ — қара, көп — аз, биік — аласа.

Кітаптарыңызды ашып, тапсырмаларды орындаймыз.

1 жаттығу: Дәптерлеріне көшіріп жазу.

Сергіту сәті.

4 жаттығу: Сөз тіркестерін орысшаға аударыңдар.

Тест бойынша жұмыс.

1. «Жұқа», «қалың» деген сөздер қандай сөздер?

а) синоним
ә) антоним
б) омоним

2. Антоним сөздерді көрсет.

а) мектеп, сабақ
ә) ата, әже
б) үлкен, кіші

3. Мақалдан антонимді тап.

а) мың досың болса да аз, бір қасың болса да көп.
ә) Туған жерге туын тік.
б) Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле.

4. Мағынасы бір — біріне қарама — қарсы сөздерді не деп атайды?

а) синоним
ә) антоним
б) омоним

5. Мына сөздерден антонимдерді тап:

а) бар, жүр
ә) қара, ақ
б) айту, сөйлесу

6. Антонимдік жұпты табыңыз.

а) көне — жаңа
ә) тағдыр — пешене
б) лашық — пана

Дұрыс жазып үйренейік.

Үлкен — кіші, кең — тар, ащы — тұщы, жеңіл — ауыр.

Жаңа сөздер берілген. Оны оқу.

Мәтінді оқып, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы туралы әңгімелеп айту. Берілген сұрақтарға ауызша жауап беру.

Үйге тапсырма беру: 3 тапсырма 50 бет

Сабақты қорытындылау:

Бағалау:

Приложение

Смотреть в формате PDFСмотреть в формате PDF

Категория: