Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Көктем қандай көрікті!». Ә.Ысқабай

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Жазыбаева Майра Алмасбаевна, учитель начальных классов, вторая квалификационная категория высшего уровня, КГУ «Новоишимская средняя школа № 2» село Новоишимское район Г. Мусрепова СКО

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Мәтінді оқып, ақынның табиғатты, ауыл өмірін бейнелеудегі ерекшелігін сезінуге және лирика туралы алғашқы қарапайым түсініктер алуға мүмкіндік жасау.

Дамытушылық: қайталау арқылы еске түсіру, білетіндерін санада жаңғырту арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік: өмірмен байланыстыру арқылы әсемдікті көре және ести білуге, көргені мен естігенін көркемдеп айта білуге жағдай туғызу.

Сабақтың көрнекілігі: көктем табиғаты бейнеленген түрлі түсті сурет, ақын портреті,интерактивті тақта,әртүрлі шаблондар.

Сабақтың барысы:

1. Психологиялық сәт

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

2. Үй жұмысы

  1. Өлеңді жатқа оқу.
  2. Төрт жол өлең шығару.

3. Қызығушылығын ояту

Тапсырма.

  1. Жазғытұры сөзіне мөндес сөз.
  2. Сын есімнің сұрағы
  3. Әдемі,сұлу сөзіне мәндес сөз.

Тақырып: Көктем қандай көрікті.

Балалар, бүгін біз Әли Ысқақовтың әңгімесімен танысамыз.

Ысқабаев Әли

Ысқабаев Әли

1939 жылы 6 мамырда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Күйген ауылында дүниеге келген. 1966 жылы ҚазМУ-ді, 1969 жылы Алматыдағы Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын «Жиделі» совхозында қарапайым жұмысшылықтан бастап, 1958 жылы Балқаш аудандық газетіне әдеби қызметкерлікке қабылданған. 1973–1974 жылдары республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі міндетін атқарды. 1975–1992 жылдар аралығында Талдықорған облыстық «Жерұйық» газеті редакторының бірінші орынбасары, 1992–1999 жылдары Талдықорған облыстық полиграфия өндірістік бірлестігінің бас директоры, 2000–2006 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газеті редакторының орынбасары болып істеді. 2006 жылдан «Мемлекеттік тіл» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалының төрағасы. Қазір «Алатау» газетінің бас редакторы.

«Айдостың арғымағы», «Менің інім», «Солдат ағаға хат», «Бесік жыры» , «Еңбекқор құмырысқа» жыр жинақтарының, «Бейтаныс қыз», «Жәлменде-Пышан», «Ана алақаны» атты повестер мен әңгімелер жинағының авторы. «777 жұмбақ», «Тіл мен жыр», «Әубәкіровтер әулеті», «Тұғырлы тұлға» (2009), «Зейіні зерек зиялылар» атты кітаптары шыққан.

«Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Алматы облысының Құрметті азаматы.

Оқушылармен Ә.Ысқақовтың өмірбаяны таныстырылып өтіледі.

4. Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс.

  1. Мәтінді мәнерлеп оқып шығу.
  2. Оқушылардың оқуы.
  3. Мәтіннің мазмұнын талдау.

5. Сөздікпен жұмыс

Қасат қар-тығыздалып қалған қатқыл қар.

Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер болады?

— Осы дауыстар қалаға тән бе, әлде ауылға тән бе? Ақын қай жердің көктемін суреттеген?

— Ал, балалар, мәтінде көктемді көріп тұрған ақынның көңіл күйі қандай?

6. Тыныштық сәті

Көктем мезгілі жайлы видеороликті тамашалау.

7. Топпен жұмыс

1-топ

Генеалогиялық  ағаш.

2-топ

Сурет салу.

Көктем

3-топ

Мақалды жинақтау.

.

Қыста қар аз жауса не болар еді?

Қыста қар аз жауса не болар еді?

8. Сергіту сәті

9. Ойтолғау

10. Топпен жұмыс:

1-топ.Әйелдер күні,Наурыз мейрамы жайлы қысқаша мәлімет береді.
2-топ.Бірлік күні,Отан қорғаушы күні мейрамы жайлы мәлімет береді.
3-топ.Жеңіс күні жайлы мәлімeт береді.

11. Қорытындылау:

— Балалар,бүгінгі тақырып не жайлы болды?

— Көктем мезгілі қандай?

— Көктемде қандай өзгерістер болады?

— Әңгіме не туралы болды?

— Әңгіме жайлы не ойлайсыңдар?

12. Үй тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқып келу

13. Бағалау:

Категория: