Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Күз. Сөз құрамы

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Түкәшева Гүлсара Самарқанқазы СҚО, Петропавл қаласы, «№ 21 орта мектеп» КММ Жоғары санатты қазақ тілі мұғалімі. Еңбек өтілі – 16 жыл

Түкәшева Гүлсара Самарқанқазы

Сабақтың мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсініктерін кеңейту

Б.М.: әңгімелеуге үйрету, күздің маңызы туралы мәлімет беру.

Д.М.: сөйлеу тілдерін, сөздік қорлары байыту, еркін сөйлеуге дағдыландыру, іздену, салыстыру, жинақтау қабілеттерін дамыту;

Т.М.: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, еңбекке баулу.

Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру, ойын түрлері, тест.

Көрнекіліктері

Техникалық құралдар: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: а сәлемдесу

Ә кезекшімен диалог

2. Психологиялық ахуал: Ертеде Жыл атаның 4 қызы болыпты

Ақ киімді біреуі,
Сары киімді біреуі
Жасыл киімді біреуі,
Гүлден киген киімі
Тағы бірі жүреді.
Үш жүз алпыс бес,
Үш жүз алпыс алты.
Әр жылдағы қалпы. Жыл мезгілдері
Бейетаспадан Жыл мезгілдері

3. Өткен сабақты қайталау: бұл төртеуі бір атаның балалары. Бірақ бірдей ме?

— Осыған байланысты қандай мақалды білесіңдер?

— Бес саусақ бірдей емес.

Дұрыс айтасыңдар.
Қыс-құнар береді,
Көктем дән себеді,
Жаз-бастап өсірсе,
Күз жинап береді.
Жаңа сабақ:
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Сұр бұлт, тұман басады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы, балалар
Бұл қай кезде болады? Күзде

Сабағымыздың тақырыбы: Күзде. Түбір мен қосымша

Сөздікпен жұмыс: оқу жылы

Жиі
Салқын
Жаңбыр
Ұзарады
Қысқарады
Жомарт

Сөздерді дауыстап оқу, сөз тіркестерін құру

Кім жылдам? Ойыны

Мәтінмен жұмыс 39б. 2 тапсырма.

— Балалар, бұл мәтін не туралы?

Ал сендер күз мезгіліне қуанасыңдар ма?

1 топ күзді жақтаушылар                             2 топ күзді даттаушылар
Топтық жұмыс
Әрине, күз-жылдың жомарт мезгілі.

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Алма ағашының тапсырмалары

1. Күз туралы өлең айт.
2. Жеміс —жидектер туралы қандай ертегілер білесің?
3. Жұмбақты шеш: Ағайынды бәрі. Шықса көк, түссе сары.
4. Сөйлемді дұрыс құрастыр: Түрлі, жерде, жатыр, жапырақтар.
5. Күз сөзіне фонетикалық талдау жаса
6. Жұмбақты шеш: іші толған шәрбәт, дәмі қандай әйбәт

Үзесің бірден жүзін, оның аты —...

Дұрыс жауап берген оқушы алманы алады.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Сендерден жақсы көмекшілер шығады екен.

КӨМЕКШІЛЕР — сөз құрамын анықтау

Бүгінгі сабағымызда Қазақ тіліндегі сөз құрамын қарастырамыз.Қазақ тілі аглютинативті тілдер тобына жатады.

Түбір + қосымша. Қазақ тілінің негізгі заңын білесіңдер ме?

Орыс халқының Шалқан атты ертегісін білесіңдер ме? Еске түсірейік.

Түбір+жұрнақ+жалғаудың 4 түрі. КӨМЕК+ШІ+ЛЕР+І+МІЗ+БЕН

— Бұл оқиға қай жыл мезгілінде болған?

Ертегі не туралы?

Осы ертегігінің тақырыбын ашатын қандай мақал мәтел айтар едіңдер?

Тапсырма: Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.

1. Еңбек түбі — соны орасың
2. Не ексең — Жалқаудың жаны тәтті
3. Еңбектің наны тәтті — береке

Сабақта да еңбектену керек. Сондықтан қазір шағын тест жұмысын орындаймыз.

Кілтін беріп, тексеру.

Сабақты қорытындылау: Синквейн әдісі арқылы

1. Тақырыпты суреттейтін 1 зат есім
2. Тақырыпты сипаттайтын 2 сын есім
3. Іс-қимылды білдіретін 3 етістік
4. Ассоциация
5. Аяқталған ой 1 сөйлем

Үйге тапсырма шағын әңгіме құрастыру.

Категория: