Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Оқу пәндері. Буын, дауысты, дауыссыз дыбыстар

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Мейірманова Алмагүл Сайлаубеқызы қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Петропавл қаласы «№ 24 орта мектеп» КММ Еңбек ɵтілі — 21 жыл. Санаты — 1

Мейірманова Алмагүл Сайлаубеқызы

Сабақтың мақсаты: Оқу пәндері тақырыбынан алған білімдерін пысықтау; дыбыстар мен әріптер тақырыбы бойынша өтілген материалдарды қайталау; жуан және жіңішке сөздерді ажырата алуға үйрету; сауатты жазуға дағдыландыру; сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту; оқу құралдарына, оқу пәндеріне қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақтада көрсетілген слайдтар, әріптер жиынтығы.

Сабақтың барысы: I — Амандасу.

Кіріспе сөз: Балалар бүгін біздің сабаққа қонақтар келіп отыр. Сондықтан жақсы жұмыс істеп алған білімдерімізді көрсетейік. Сабақта әр түрлі тапсырмалар орындаймыз,қайталаймыз.

1. Сұрақ-жауап:

— Қазір жылдың қай мезгілі?

— Көктем айларын ата.

— Бүгін наурыздың нешесі?

— Аптаның қай күні?

— Сен қай мектепте оқисың?

— Мен «№ 24 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде оқимын.

— Мектеп неше қабатты?

— Мектеп үш қабатты.

— Сен нешінші сыныпта оқисың?

— Мен төртінші сыныпта оқимын.

— Бүгін сендерде неше сабақ болады?

— Бүгін бізде бес сабақ болады.

— Бірінші сабақ қай сабақ болды?

— Бірінші сабақ ...

— Қандай оқу пәндерін білесіңдер?

— Математика, орыс тілі, қазақ тілі, дүние тану, өзін-өзі тану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, әдебиеттік оқу т. б.

— Осы пәндерге қандай оқу құралдары керек?

— Оқу құралдары туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Портфель

Оқисың деп портфельді,
Оқушыға алып берді.
Ұқыпты ұстап сақтағандай,
Бар ішінде заттар қандай?

Қалам

Ең қажет зат қалам сонда,
Керек кезде алар қолға.
Ақ қағазға бір қалыпты
Түсіреді түрлі әріпті.

Қарындаш

Қарындаштың жаза-жаза
Бойы кеміп бара жатыр.
Есесіне оқушыда
Толысады сана ақыл.

Сызғыш

Сызғышсыз түзу
Қиын ғой сызу.
Портфельде тұрар,
Керек ол құрал.

Ұштағыш

Жазғысы егер келмесе,
Жөнге салып ендеше,
Қарындашты ұстайсың,
Ұштағышпен ұштайсың.

Желім

Жыртылған бетін кітаптың
Желімдейді желім.
Жасасаң қорап, қобдиша
Қажетті болар желім.

Өшіргіш

Өшіргіш бар,
Оқушылар қате жазса кешіретін.
Сүртіп-сүртіп өшіретін,
Дұрыс жазып көшіретін.

Жарайсыңдар, көп тақпақ біледі екенсіңдер.

Оқу құралдарын атаңдар. Жуан дауысты дыбысы бар сөздерді бірінші бағанға, жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді екінші бағанға буынға бөліп жазыңдар, буын түрін ажыратыңдар.

2. Жазу.
Дәптерлеріңе бүгінгі күнді жазыңдар.
Наурыздың он төрті
Сынып жұмысы

Осы оқу құралдарын біз сабақта пайдаланамыз.

3. Мәтін.
Тапсырмалар:
1) Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қой. Жуан, жіңішке екенін айт.
2) Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып сөйлемдерді оқыңдар.

Менің сүйікті пәндерім.
Мен т... рт... нш... сыныпта (учусь). Менің сүйікті п... ндер... м (много). Қазақ тілі с... б...ғ... (интересно) өтеді. (На уроке) біз дұрыс сөйлеуді, с... здерд... аударуды үйренеміз. Математика сабағында (мы) неше т.. рл... есеп шығарамыз. Бейнелеу өнері сабағында түрлі тақырыпта қ...з...қт... (рисунки) саламыз. Музыка сабағын да біз ж...қс... көреміз. Әдебиеттік оқу сабағында біз к... птеген ( с поэтами-писателями) танысамыз.

4. Жұмбақтар. (Сандықшадан жұмбақтарды алып оқып, шешіңдер.)

Бұл қай сабақ?

1. Мәтіндерді аударамыз, сөздікпен жұмыс істейміз, өлең-тақпақ үйренеміз.
2. Есеп шығарамыз, үшбұрыш пен сызғышты пайдаланамыз. Шеңбер сызамыз.
3. Бояу, түрлі-түсті қарындаштар әкелеміз, сурет саламыз.
4. Жаттығулар жасаймыз, жүгіреміз, секіреміз, доп ойнаймыз.
5. Қайшы, түрлі-түсті қағаз, желім әкелеміз.

Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?
Бүгін қазақ тілі сабағы нешінші сабақ?

Кестені пайдалана отырып, «Қазақ тілі сабағында» деген тақырыпқа әңгіме құрастырыңдар.

 

Қазақ тілі сабағында

 

біз

работаем со словарем; пересказываем содержание текстов; составляем диалоги на различные темы; стараемся устно говорить на казахском языке; составляем рассказы по картинке; делаем фонетический, морфологический и синтаксический разборы; переводим тексты; выполняем упражнения; учим стихотворения, заполняем таблицы.

6. Кластер толтыру (мысал келтіру)

10. Фонетикалық талдау

Раздать памятки, вклеить в тетради.

5. Пәндер сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.

Қорытынды: Балалар, бүгін сабақта біз не істедік? Оқу пәндері туралы айттық. Оқу құралдарын қайталадық. Буынды, дауысты, дауыссыз дыбыстарды қайталадық. Фонетикалық талдау жасадық, кластер толтырдық.

Бүгін сабақта жақсы жұмыс істедіңдер.

Бағалау.

Үй жұмысы:

  1.  «Менің сүйікті пәнім» тақырыбына шағын шығарма жазу.
  2.  «Оқу пәндері» тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру.
  3.  Оқу-білім туралы мақал-мәтелдер жаттау.
Категория: