Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері және олардың міндеттері

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Жукенова Галия Маликовна
бастауыш сынып мұғалімі 2-санатты
СҚО Жамбыл ауданы Ұзынкөл негізгі мектебі

Жукенова Г.М.

 

2-сынып

 

 

Сабақтың мақсаты:

 1) Отбасы туралы түсінік беру. Отбасы мүшелекірлерінрінің міндеттерімен таныстыру.
 2) Өз пікірлерін айтуға, талдау жасап қорытынды шығаруға дағдыландыру. Ойлау қабілетін дамытып шығармашылық әрекетін қалыптастыру.
 3) Балалардың бойында ата-анаға деген сүйіспеншіліктерін, құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: слайд, суреттер, мақал-мәтел, сөзжұмбақ,

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтпстыру, тірек-сызба, триз әдісі

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

 Қуан, шаттан!
 Қуан, шаттан!
 Қуанатын күн бүгін,
 Баршаңызға
 Қайырлы күн!
 Күліп шықты күн бүгін!

— Балалар далаға қарандаршы?

— Ауа райы қандай? Ауа райы қай кездесуқ болады?

— Қыстың айларын атандар?

— Қыс мезгілінің жағымды және жағымсыз жақтарын атаңдар

Қыс

жағымды жағымсыз

— Бүгінгі сабағымыз тақтада берілген жоспар бойынша өтеді.

Жоспар:

 1. «Қайталау — білім анасы»
 2. «Бойы сергектің, ойы да сергек»
 3. «Қына тасқа бітеді, білімбасқа бітеді»
 4. «Тапқыр болсаң, тауып көр»
 5. «Білгенге маржан, білмегенге арзан»
 6. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

— Бірінші жоспар «Қайталау — білім анасы» дегендей сөзжұмбақты шешу арқылы өткен сабағымызды қайталаймыз.

Сұрақтар:

 1. Тау қойының ең ірілерінің бірін ата (арқар)
 2. Өте әдемі, сирағы мен мойыны ұзын, ерекше құс (қоқиқаз)
 3. Қазақ даласының көркі. Тез жүгіреді және шөптің арасына шебер жасырынады. (дуадақ)
 4. Қызыл кітапқа енген жыртқыш жануарды ата (барыс)
 5. Сырт пішіні есек пен жылқыға ұқсас жануарды ата (құлан)

— Балалар қандай тарауды өткен сабақтарда оқыдық?

— Жануарлар.
 Графикалық диктант.

 1. Қасқыр, түлкі, жолбарыс, барыс жыртқыш андар
 2. Жапалақты орман дәрігері деп атауға болады
 3. Сауысқан, қарға, торғай, көкшымшық суыққа төзімді құстар
 4. Жануарларға тіршілік ету үшін ауаның, жарықтың, судың қажеті жоқ
 5. Борсық пен кірпі өсімдік, жәндік, құрт және басқа ұсақ жәндіктерді қорек етеді

— «Бойы сергектің ойы да сергек» сергіту сәті: ән «Тұлпарым»

— Бұл ән нетуралы және кімдер туралы айтылған?

— «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді»

— Жұмбақ жасыру:

 Маған да, саған да,
 Жақын туыс бес адам.
 Ұш әріптен тұратын.
 Онға оқы, солға оқы
 Өзгермейді еш одан.
 Бәрі-де өз жұртың
 Айтады, қане кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)
 Аймақ құру

ФФФФФ

— Осылардың бәрін бір сөзбен отбасы дейміз.

 

Бұгінгі сабағымыздың тақырыбы: Отбасы мүшелері және олардың міндеттері

Сабағымыздың мақсаты: отбасы мүшелерін және олардың міндеттерімен танысу.
 Мұғалім: Отбасы дегеніміз бірге тұратын, бір-біріне қамқорлық жасайтын бір үйдің адамдары. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке — отбасы болып есептеледі. Отбасын бір сөзбен жанұя деп атаймыз.

Отбасының белгілі тұратын мекен-жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі-де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады.

Отбасына қамқорлық республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.

— Осыдан отан отбасынан басталады деп атайды.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді тізбекетеп оқу.

— Отбасы мүшелерінің суретерін пайдаланып өз отбасыларыңды құраңдар.

— Өз отбасың туралы айтып бер.

— Өз үйіндегі отбасы мүшелерінің міндеттерін ата

— Отбасына өзің қанлай көмек көрсетесің?

— Өз ата-аналарының еңбегі туралы айтып бер.

«Тапқыр болсаң, тауып көр»

Дәптермен жұмыс

Шешен билердің сөздерін еске түсіріп сұрақтарға жауап береміз.

 1. Не тәтті? Ананың сүті тәтті
 2. Не жұмсақ? Ананың қолы
 3. Не қатты? Атаның жүрегі
 4. Кім жақын? Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы болса, апайын жақын.

«Білгенге маржан, білмегенге арзан»

— Отбасы туралы мақал-мәтел айту.

— Жеті атаңды ата.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

— Балалар сендерге балықтың сүйегі сызбасы берілген. Осы сызбаның жоғарғы жағына отбасы мүшелерінің суреттерін тауып орналастырамыз. Ал төменгі жағына отбасы мүшелерінің міндеттеріне байланысты суреттерді орналастырасыңдар.

Рефлексия: балаларды қызықтыра түрлітүсті жұлдызшалардың ұызыл түстісін анасын жақсы көрсе, көк түсті — әкесін, сары түстісін алатындар әжесін, жасыл түсті — атасын жақсы көргендер алсын деп ұсынылады.бәрің де өздеріңнің отбасындағы адамдарды жақсы көреді екенсіңдер.

Ән: «Сағындым әже сағындым»

Үйге тапсырма: «Ананың қолы мен жүрегі алтын» тақырыбына шағын шығарма жазу.
 Бағалау:

Категория: