Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Салт — дәстүр»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Искакова Жанар Толеуовна учитель казахского языка и литературы, стаж 19 лет, первая категория КГУ «Сокологоровская средняя школа» район имени Габита Мусрепова, СКО

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға «салт-дәстүр» жайлы мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Салт дәстүрлер арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың рухани байлығын молайту.

Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, «Ғажайып сандық»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәләмдесу, кезекшімен диалог.

— Бүгін айдың нешінші күні?

— Бүгін аптаның қай күні?

— Ауа райы қандай?

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

(Жаттауға берілген сөздерді параққа жазғызып алу)

ІІІ. Сабақтың тақырыбын ашу: (Кроссворд арқылы сабақтың тақырыбы ашылады)

Сабақтың тақырыбы: «Салт — дәстүр»

1. Урок
2. Учитель
3. Ручка
4. Доска
5. Литература
6. Тетрадь
7. Работа
8. Текст
9. Образец
10. Сочинение

— Сабақтың мақсаты, ата-бабаларымыздан ежелден мұра етіп қалдырған Салт-дәстүр, Әдет-ғұрпымызды қаншалықты жақсы білетінімізді көрсету.

— Балалар, сендер қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер? (Класстер арқылы)

ІV. Кітаппен жұмыс: Балалар кітатың 49-шы бетіндегі 1-ші тапсырманы ашыңдар. Сендердің білімдеріңді кітаппен салыстырып көрейік.

— Шілдехана дегеніміз не?

— Қырқынан шығару дегеніміз не?

— Бесікке салу дегеніміз не?

— Тұсау кесу дегеніміз не?

— Үйлену тойы туралы не білесіңдер?

(Оқушы кітаптан оқып, орыс тіліне аударып, қалғандарына не ұққанын түсіндіреді.)

V. Тест жұмысы:

1. «Бессікке салу» дегеніміз не?

а) салт — дәстүр
ә) тұрақты тіркес
б) ұлттық ойын

2. Ата — .... ?

а) ұлдың баласы
ә) әкенің әкесі
б) ұлдың баласы

3. «Тон жамылу» тұрақты тіркесінің мағынасын аш.

а) қорқу
ә) тонның астына тығылу
б) бір нәрсені құпия жасау

4. Алаша деген не?

а) төсеніш
ә) текемет
б) кілем

5. «Бөркін аспанға лақтыру» тұрақты тіркесінің мағынасын аш.

а) ашулану
ә) қатты қуану
б) біреуге белгі беру

6. «Қолөнер» сөзінің аудармасын табыңдар.

а) мастер
ә) обычай
б) ремесло, рукоделие

7. Киіз үй неше түрге бөлінеді?

а) 3
ә) 4
б) 5

8. Әйелдердің киімін тап.

а) Малақай
ә) Тымақ
б) Жаулық

9. Тақия сөзінің аудармасын тап?

а) шляпа
ә) ушанка
б) тюбитейка

10. Әшекей бұйымдар жасайтын адамды көрсет.

а) зергер
ә) аңшы
б) жиһаз жасайтын шебер

(Тест жұмыстарын бір — бірімен алмастырып, дұрыс жауабын оқу кезінде тексерту)
жауаптары: 1) а, 2) ә, 3) б, 4) а, 5) ә, 6) б, 7) ә, 8) б, 9) б, 10) а.

VI. «Ғажайып сандық»

1. Қазақтың салт — дәстүрі туралы не білесің?
2. Ұлттық киімдер неше түрге бөлінеді? (5)
3. Жеті қазына ұғымына нелерді жатқызамыз? (жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік)
4. Мақалдың мағынасын түсіндір (Қызды қияға, ұлды ұяға қондыру)
5. Әйелдердің бас киімдері (кимешек, жаулық, бөрік, сәукеле, тақия)
6. Жеті ырыс дегеніміз не? (адамның ақылы, денсаулық, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит)
7. Қазақтың қандай музыкалық аспаптарын білесің? (домбыра, қобыз, саз сырнай, дабыл)
8. Әйелдер қой жүнінен не жасады?
9. Мақалды аяқта «Жеті атасын білмеген — (жетімдіктің салдары)»
10. Шаңырапқты тіреп тұратын таяқтар қалай аталады? (уық)
11. Киіз үйдің құрылысын ата. (шаңырақ, кереге, уық)
12. Салт дәстүрді қалыптастыру оңай ма?

VІІ.

— Балалар, бүгін біз қазақ халқының салт-дәстүрлерін қайталап, қорытындыладық. Білмеген сұрақтарға жауап тауып, білімімізді толықтырдық.

— Салт — дәстүр дегеніміз не?

— Сәбидің алтынұясы қалай аталады?

VIII.

Үй тапсырмасын беру: оқулықтарыңның 50-ші бетіндегі ІІІ деңгейдегі тапсырмаларды орындаңдар. Келесі сабақта «Қазақтың салт — дәстүрі» тақырыбына шығарма жазамыз, соған жақсылап дайындалыңдар.

IX. Бағалау

Категория: