Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғау — қасиетті іс

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Капезова Ботагөз Сепенқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, екінші санатты, ҚМҰ «Степной орта мектебі», СҚО, Тимирязев ауданы, Степной селосы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың сөздік қорын молайту, берілген тақырып бойынша білгендерін бір жүйеге келтіріп, толықтыру. Ойларын байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін, сабаққа деген қызығушылықтарын, білімге белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу, экологиялық мәселені көтеру, табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: жануарлар мен құстардың суреттері, жаңа сөздер жазылған плакат, септіктер жазылған плакат, тапсырма жазылган карточкалар, «Сыйқырлы карта».

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастру кезеңі. — Сәлеметсіздер, ме?

— Сыныпта кім кезекші?

— Бүгін қандай күн? — Аптаның қай күні?

— Ауа райы қандай?

II. Үй жұмысын тексеру. — Табиғат дегеніміз не?

Қоршаған орта, ауа, су, жануарлар, құстар, адамдар.

Табиғатты қорғау қажет пе? Неге?

Табиғатты қоргау қажет. Себебі; таза ауамен демаламыз. Қоқыстарды лақтырмау керек, сенбілікке шығу керек, ағаш егу керек.

III. Жаңа сабақ. Бүгінгі сабағымыз дәстүрден тыс сабақ. Сабақ сайыс түрінде өтеді. «Саяхат қартасы» бойынша бірнеше кезеңнен өтеміз. Сыныпты 2 топқа бөлеміз.

1-кезең. «Танысу» 2 команда өздерін таныстырады.

1 — топ. «Жас қыран» ұраны:
«Еркіндік қыраны шарықта»

2 — топ. «Қанатты тұлпар» ұраны:
«Биіктерге самғай бер! Шолпанға жет!»

2-кезең. Сөздік жүмыс.

Сақтай алғандар — сумевшие сохранить; Тазартушы — очиститель; шығарып тұрады — выделяет; Көмірқышқыл газ — углекислый газ

3-кезең. Мәтінмен жұмыс. 2 — топқа бірдей мәтін беріп, аудару. Бір оқушы сөйлемді оқиды, бір оқушы аударады. Сұрақтар қою:

4-кезең. «Ойынға ой шақырады» Фонетикалық талдау.

Тақтада жануарлар мен құстардың суреттері ілулі тұрады. Соларды атау және фонетикалық талдау жасау:

Мы:

Бүркіт — 2 буынды                                            Қасқыр
вав-вав — бітеу буындар
Б-дауыссыз, ұяң
Ү-дауысты, еріндік, қысаң, жіңішке
Р — дауыссыз, үнді
К — дауыссыз, қатаң
І — дауысты, езулік, ашық, жіңішке
Т- дауыссыз, қатаң
6 әріп, 6 дыбыс

5-кезең. Мақалды аяқта.

№−1

1. ... жауса жер ырысы. (атар)
2. Батар күннің ... таңы бар. (Жаңбыр)
3. Құс патшасы — ... . (бүркіт)

№−2

1. Қыстағы суық, жаздағы ... . (жер)
2. Жаңбырмен ... көгереді. (жаз, қыс)
3. Қыстың қамын ... ойла, жаздың қамын ... ойла. (ыстық)

№−3

1.Құс қанатымен ... , құйрығымен қонады. (жер,мал)
2. Кун күркіресе, ... иір, жериісе, ... иір. (арыстан)
3. Аң патшасы — ... (үшып)

№−4

1. ... өз атын өзі шақырады. (жапырақ)
2. Ағаш көркі ... , адам көркі шүберек. (тұлпар)
3. Жүзден — жорға, мыңнан — ... . (Көкек)

6-кезең. «Кім жалғауды тез тауып жазады?» Септіктер.

А.с. бұгы                          А.с. көгершін
I.с. бұгы ның                    I.с. көгершін нің
Б.с. бұғы ға                     Б.с. көгершін ге
Т.с. бұғы ны                     Т.с. көгершін ді
Ж.с. бұгы да                    Ж.с. көгершін де
Ш.с. бұгы дан                  Ш.с. көгершін нен
К.с. бүғы мен                   К.с. көгершін мен

7-кезең. «Аудармашылар сайысы». Екі топқа орыс тілінде бірнеше сөйлемдер жазылған карточкалар таратылады.

Сөйлемдерді аударып, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табындар.

№ 1

1 — топ. На столе лежит тетрадь. Я сегодня ходила в магазин. Канат брату написал письмо. Үстелдің үстінде дәптер жатыр. Мен бүгін дүкенге бардым. Қанат ағасына хат жазды.

№ 2

2 — топ. Самат вчера ходил в музей. Я в библиотеке читала книгу. Рабочие построили дом. Самат кеше мұражайға барды. Мен кітапханада кітап оқыдым. Жүмысшылар үй салды.

8-кезең. Сөзжұмбақ шешу. Сөздерің антонимін табыңыз.

1.ескі — жаңа                                     А І.кең — тар                             Тар
2.бай — кедей                                    Д 2.ақ — қара                             қАра
З.көп — аз А                                      З.кедей — бай                            Бай
4.жаксы — жаман                               М 4. аласа — биік                       б.Иік
                                                          5.төмен — жоғары                       жоҒ ар ы
                                                          6.ірі — ұсақ                                 ұсАқ
                                                          7.жүмсақ — катты                        қаТ ты

9-кезең. Кітаппен жұмыс. 353 — тапсырма. Көп нүктеніқ орнына керекті жалғауларды қойыңдар.

1. Жан жануар... мен өсімдік... дүниесі.
2. Құс... сайрап, көбелек... ұшып, гүл... гүлдеп тұру үшін біз... өз Отанымыз... табиғатын қорғауы... керек.
3. Табиғат... ар — ұждан таза, саналы адам... ғана қорғай алады.
4. Орман... мен өсімдік..., жануар... мен ақ — құс... қорғап сақтайтын қорык көп.

10-кезең. «Ойлан тап!» «Табиғат» сөзінен бірнеше сөз құру. Ат, ит, ти, бат, бит, тат, аға, таға.

11-кезең. Жұмбақ шешу.

1. Тұзда бар,
Суда жоқ.
Мұзда бар,
Буда жоқ. /ұ/
2.Үйде бар,
Шиеде жоқ.
Күйде бар,
Биеде жоқ. /ү/
3.Дәнде бар,
Елде жоқ.
Сәнде бар,
Селде жоқ. /ә/
5.Гауһарда бар,
Гүлсанада жоқ
Жауһарда жоқ,
Сәуледе жоқ. /һ/
4.Қазда бар,
Үйректе жоқ.
Құрда бар,
Шілдеде жоқ. /қ/
6.Бірде бар,
Yштe жоқ.
Екіде жоқ.
Бесте жоқ. /і/

IV. Қорытынды. Ассоцияция жазу

Табиғат сөзін естігенде ойларыңызға нe келеді?

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғау — қасиетті іс

V. Үйге тапсырма: «Табиғат» тақырыбына шағын әңгіме жазу

VІ. Бағалау

Список используемой литературы

1. Артыкова Т.М. Учебник для 9 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения. — Алматы: Атамұра, 2005
2. Республиканское научно-педагогическое издание «Казахский язык и литература в русской школе», Алматы, № 5, 2013

Категория: