Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Салауатты өмір біздің болашағымыз

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

ОҚО, Шымкент қаласы, С. Рахымов атындағы Шымкент Республикалық әскери мектеп-интернаты, дене шынықтыру пәні мұғалімі Мұсақұлов Тыныштық Абдуллаұлы

Салауатты өмір біздің болашағымыз

Тәрбие сағатының мақсаты:

  • Білімділігі: Салауатты өмір салтын сақтау, оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.
  • Дамытушылығы: Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелігі: Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу.

Көрнекіліктер: флифчарттар, маркерлер, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:

1. Психологиялық дайындық

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру және жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.

Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал — ахаулы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен.

Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізіліп отырған «Салауатты өмір біздің болашағымыз» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Бүгінгі тәрбие сағатында екі топқа бөліну арқылы өз білімдерімізді ортаға саламыз.

Оқушы білімін, білік дағдыларын, өнерін бағалауға сарапшылар тағайындау

Бүгінгі сайысымыздың мақсаты — «Бірінші байлық — денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру. Зиянды әрекеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу.

Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көптің жүзін білгенше, Бірдің атын біл.

1. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

2. Ой толғаныс

Денсаулық атты сызба бойынша жұмыс: Олай болса деніміз сау, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?

3. Презентация қорғаушы Каримов

4. «Бірінші байлық — денсаулық» сұрақ жауап кезеңі

Өз ойларын ортаға салу үшін әр топқа ашық хат ішіндегі сұрақтар беріледі.

І топ «Жас Ұландар» тобы

1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Денсаулық дегеніміз — адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым.

2. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.

3. Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?

5. Денсаулыққа не зиян? / Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу /

6. Сезім мүшелеріне не жатады? Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.

7. Тағамның түрлерінің адам денсаулығына пайдасы мен зиянды жақтарын салыстырып көрсет (сүт пен сыра, алма мен конфет, шипалы су мен тәтті сусындар).

8. Өткен 2012 жылғы Лондон қаласында өткен олимпиадаға отандастарымыз қанша спорт түрінен қатысты? 25 түрінен

9. Нешінші жазғы олимпиада Лондон қаласында өтті? 30-шы

10. 2011 жылғы 30 қаңтарда елімізде өткен ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА қанша спорт түрінен қатысты? 11 спорт түрінен

11. 2014 жылғы өтетін қысқы олимпиада қашан, қай жерде өтеді? 7 ақпан Сочи

12. Баскетбол алаңының размері (28 м-15 м)

ІІ топ «Ептілер мен күштілер» тобы.

1. Денені шынықтырудың маңызы қандай? Шынықтырудың түрлерін ата.

2. Өзің сүйіп орындайтын спорттық ойындар мен жаттығулар түрлері? (оқушы өзінің күнделікті айналысатын жаттығуларын көрсетеді) 16 комплексті

3. Ертеде балаларды қалай шынықтырған? Ұлттық ойындар оның пайдасы?

4. Соңғы кезде шыққан спорттың түрлерін ата. Оның мақсаты қандай?

5. Өткен 2012 жылғы Лондон қаласында өткен олимпиадаға қанша отандасымыз қатысты? 115 ойыншымыз қатысты?

6. 2016 жылғы жаздық олимпиада қай жерде өтеді? Рио-де Жанейро

7. 2011 жылғы 30 қаңтарда елімізде өткен ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА қанша елден спортшылар қатысты? 7 елден қатысты

8. Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану — денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз.

9. Волейбол алаңының размері (9×9)

10. Баскетбол ойынында әр командада қанша ойыншы және қанша тайм болады? 5 ойыншы 4 тайм болады

Ұжымдық жұмыс

Енді бүгінгі негізгі тақырыбымызға тоқтала кетсек, «Салауатты өмір салты» деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Алдарыңда маркер,қағаз берілді, өз ойларыңды сурет салу арқылы білдіре аласыңдар. Әр топ өздері салған постерлерді қорғайды.

Әр топ өздері дайындаған көріністерін көрсетеді.

Сабағымыздың соңында кішкене бейнебаянымызға назарларыңызды аударсаңыздар. Сабақ соңында екі топты мадақтау. Денсаулығымыз мықты болу үшін аурудан алдын-ала сақтану керектігін, спорт шұғылдану, сонымен қатар қоршаған ортамен біздің денсаулығымызға берері көп екенін білдік.