Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сара Алпысқызы Назарбаева

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Назарбаева Сара Алпысқызы

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1962 жылы Н.Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты, үш қызы, немерелері, шөберелері бар.

Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы ЖТОО — заводты аяқтады, экономист, ҚазМу-дың құрметті профессоры (2000 ж.). ЖТОО аяқтаған соң Қарағанды металлургиялық комбинатында, «Карагандауголь» КБ қызмет етеді.

1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Қор өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, балаларға адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беруде қоғамға нақты көмек көрсетеді. «Бөбек» республикалық қоры республиканың барлық аймақтарында жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларына, көп балалы отбасылардың балаларына қолдау және көмек көрсету бойынша балалар қорларын ұйымдастырды.

1994 жылғы шілде айынан бастап — «SOS — детские деревни Казахстана» қорының президенті («Киндердорф Интернациональ» Австрия қорының филиалы).

1999 жылғы наурыздан бастап — «Демография» қайырымдылық қоры қорғаншылық кеңесінің төрайымы.

Сара Назарбаева бірқатар кітаптардың авторы: «Порфирий Корнеевич Ивановтың ”Детка“ жүйесін пайдаланумен қатысушылардың денсаулығын, адамгершілік тәрбиесін нығайту және дамытудың педагогикалық мәселелері» (1999 ж.); «Адамның денсаулығы және П.К. Ивановтың ”Детка“ жүйесі» (1999 ж. бірлескен авторлықта); «Өзіңе жол. Порфирий Корнеевич Ивановтың ілімі сау тұлғаны тәрбиелеудің әдісі ретінде» (1999 ж.); «Өмір этикасы» (2001 ж.); «Сүйіспеншілікпен» (2001 ж.).

Сара Алпысқызы Назарбаеваның жетім және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау саласында талмай еңбек еткені үшін марапаттары:

  • I дәрежедегі Достық Ордені (желтоқсан 2001 жыл);
    «Алтын жүрек» халықаралық сыйақысының лауреаты (мамыр 2006 жыл); Өзін-өзі тану философиясына және оқу мәдениетіне зор үлес қосқаны үшін — Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын медаль (қараша 2003 жыл);
    БҰҰ-ЮНИСЕФ балалар қорының естелік медалі (желтоқсан 2007 жыл); Ихсан Дограмачи атындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйақысы;
    Жетім балалардың мәселелерін шешуде ерекше еңбегі үшін — «СОС-Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медалі (1999 жыл);
    «Unity» халықаралық сыйақысы;

Сара Назарбаева — дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйақысының, өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани қалыптасуы, қайырымдылық және денсаулықты сақтау саласында жемісті еңбегі үшін «Курманджан Датка» сыйақысының лауреаты; Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері; «Звезды содружества» мемлекетаралық сыйақының лауреаты (2010 жыл).

Категория: