Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сценарий праздника «День Независимости Республики Казахстан»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Бейсенова Айсулу Сайдолловна, учитель казахского языка и казахской литературы, вторая категория. КГУ «Глубоковская основная школа», СКО, Кызылжарский р-он, с. Глубокое

Сценарий праздника «День Независимости Республики Казахстан»

Мақсаты: Қазақстан Республикасында орналасқан халықтардың мәдени мұрасы туралы оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету, өз елінің салт-дәстүрін білу, ұрпақ сабақтастығы сезімін дамыту. Отанға деген сүйісеншілік, бірлік, ұлтжандылық сезімдері мен Қазақстанда тұратын барлық халықтарға құрмет сезімін тәрбиелеу. Тәуелсіз еліміздің білімді, адал, өнегелі, алғыр азаматтары болуға баулу.

Безендірілуі:

1. Безендірілуге арналған гүлдер, шарлар.
2. 16 желтоқсан мерекесіне арналған қабырға газеті.
3. Сахнада «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» деген сөздер жазылған.
4. Ұлттық киімдер.
5. Ұлттық тағамдар.
6. Шаңырақ.

Техникалық құралдар: магнитофон, ноутбук, слайдтар.

Тақырыптық көрмеде: оқушылардың шығармалары, кітаптар, «Тарих беттерінің шежіресі» атты буклет.

Мұғалім:  Сәлеметсіздер ме, құрметті жиналған қауым! Ғасырлар бойы ата-бабамыздың аңсап кеткен, біздің қолымыз жеткен Ұлы мерекеміз — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты да, қайырлы болсын!

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, 16 желтоқсан күні Қазақстан өзінің төл мерекесі — Тәуелсіздік күнін тойлайды. Тек тәуелсіздіктің арқасында ғана қазір Қазақстанды барлық ел біледі. Көптен күткенғ талай ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 25 жыл толды. Тәуелсіздік деген — қандай тәтті ұғым!

2-жүргізуші: — Ежегодно 16 декабря мы отмечаем самый главный праздник День Независимости Республики Казахстан. Свобода, независимость, суверенитет — все эти слова имеют общий смысл, они означают, что человек или государство, обладающее этими качествами, является самым счастливым, и каждый человек, гражданин этого государства должен ценить и уважать эти качества.

1-оқушы:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

2-оқушы:
Ты выстрадал, мой Казахстан, немало,
Но стал свободным, и сейчас
Здесь равноправны все народы.
Народ единственная власть!

Р. Рымбаева «Атамекен» өлеңіне би

1-жүргізуші:
Туған жерім нұр шашып, жарық берген,
Сарқылмайтын жаныма шабыт берген.
16-шы желтоқсан шуақ болып
Тәуелсіздік еліме алып келген.

2-жүргізуші:
Я люблю Казахстан за прекрасные степи,
За высокие горы и шумные реки,
За орла, что парит в высоте надо мной
И за солнце люблю и за небо покой

21 год прошел с того дня. За минувшие годы страна многого достигла в деле становления своей государственности, укрепления независимости и единства. Казахстан не поднимался так высоко, как за последние годы.

М. Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін 7 сынып оқушысы орындайды.

1-жүргізуші:
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар Президенті!
Ол да аямай жанын салды
Жету үшін мұндай сыйға.
Президентің — Нұрсұлтанды
Көгіңдегі тудай сыйла!

2-жүргізуші: 1991 год 1 декабря — избран первый пезидент Казахстана Н.Ә.Назарбаев. Огромное спасибо нашему президету, ведь именно он внес огромный в становление нашей Республики.

Песню Н.Ә.Назарбаева «Үш қоңыр» для вас исполняют ученики 5 класса.

1-жүргізуші:
Екпінімен еңбектің жарасқан ән,
Құлақ түріп даңқына алыс ғалам.
Достық туы желбіреп қырмандарда,
Даламызда сан тағдыр, табысты адам.
Бостандықтың нұрымен арайланып,
Болашаққа алаңсыз қарыштаған,
Ұлы достық отауы — Қазақстан!

3-оқушы:
Мой край родной, Республика свободных
Великих наций, разных языков,
И ценят здесь обычаи народов,
Советы мудрых стариков.

4-оқушы:
Оңтүстікте — Алатау,
Биіктерін қар басқан.
Алатауда — ақ отау,
Алматыға жалғасқан.
Жерің түгел бақша-бау,
Соны сүйіп өс, ұлым,
Бір жағыңда Ұлытау,
Бір жағыңда Есілің.
Осы жердің барлығы —
Қазақ жері, ай-күнім!

5-оқушы:
Я прошлым Родины своей горжусь,
Истоки языков познать стремлюсь.
Хочу, чтоб в будущем мой Казахстан
Стал сильным и великим среди стран.

2-жүргізуші: В Казахстане единой семьей живет 17 млн. Человек представителей более 130-ти национальностей и народностей. На казахском, русском, уйгурском, немецком, корейском, татарском языкахиздаются книги и газеты, работают национальные театры, ансамбли, передаются национальные пограммы радио и телевидения. Всех нас, людей всех национальностей обьединяет общее, имеющее одно из важнейших понятий: Мы — народ Казахстана! И в этом Казахстан уникальное государство с многообразием культур и религий.

2-жүргізуші: Қазақстанда бұл күндері 130-ға жуық ұлт өкілдері тұрады. Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 21жылдығына орай «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» атты достық фестиваліне қатысатын ұлт өкілдерін сахнаға шақырамыз.

6-оқушы:
Пусть дружба о котором пел Абай,
Как солнце освещает мирный край.
Сто наций, сто народов, сто племен
Всем Вам, рахмет и низкий поклон!

(Ұлт өкілдері бір-бірінің қолынан ұстап, тағзым етеді).

Қазақ ұлты шығады:
Мен — қазақпын мың өдіп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкіммен түн түрілген.
Горечь жизни вкусил я с пеленок.
Умирал и рождался я тысячу раз
Я смеялся и свет возникал из потемок
Плакал-слезы лились
И у солнца из глаз.

(Ұлттық тағамы әкелінеді, шашу шашылады).
Сахнада орыс ұлты өнерлерін көрсетеді.

Ұланымыз — орыстың,
Ұлы мекен қоныстың.
Ұранымыз — туыстық,
Ұлттар бізге тым ыстық.

4-сынып оқушылары «Әрқашан күн сөнбесін» әнін екі тілде орындайды.

Шешен ұлты:
Шешен — таудын ұрпағы,
Қызыл арай нұр таңы.
Адалдық пен бірлік тілеп
Би билейміз біз сізге.
(Ұлттық тағамы әкелінеді).
6-сынып оқушылары шешен халқының биін билейді.
Неміс ұлты:
Гүлдердің ертемен қауызын ашқанын,
Көктемнің көкпеңбек мөп-мөлдір аспанын,
Таулардың қол жетпес асқарын —
Ұнатам бәрін де, өйткені — ол Отан
Ұлы Отан! Тәуелсіз Қазақстан!
(Ұлттық тағамын әкеледі).
Дети становятся в круг, поднимают шаңырақ и говорят:
Свободен, величав и первоздан
Звезде подобной средь земель и стран
Кюй счастья наигрываешь звонко,
Родной мой лучезарный Казахстан!

7-оқушы:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.

Құт-береке — шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.

8-оқушы:
Отан деген — атамекен,
Отан деген — туған жер.
Отан — ана,
Отан — үлкен.
Қазақстан — туған ел!

9-оқушы:
Көк байрағы бабамның —
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі әке, баланың —
Қазақстан жалауы.
Сахнаға ұлттық киімін киіп 25 жасар жігіт шығады:
«Тәуелсіздік» — менің атым,
Келдім, міне 25жасқа!
Сендер мені шақырып,
Келдім, міне, қонаққа!

1-жүргізуші:
Келдің, міне 25 жасқа,
Құттықтаймын, келші тағы мың жасқа!

2-жүргізуші:
Пожелаем же нашей Республикев свое 25-летие
Продвигаться успешно вперед.
И в любой политической рубрике
Не споткнуться о гололед.

Мектептің озат оқитын оқушыларын «Жас ұланға» енгізу рәсімі.
— Балалар, ал мен сендерге «бостандықты бағалай біл, жас ұлан!» атты өлеңді оқып берейін.

Бостандықты бағалай біл, жас ұлан!
Келген жоқ ол оңайлықпен тосыннан.
Тәуелсіздік — сенің ұлы қазынаң,
Қадірлей біл, дұшпаннан сен жасыман.
Басынан бұл қазақтың нелер өтті,
Жамандық пен жақсылық бәрі кетті.
20-шы ғасыры шыңдаған соң
Аңсаган еркіндікке қолы жетті.
Тәуелсіздік туы көкте желбіреді,
Халқым менің шаттық үнге кенелді.
Содан бері бүгін, міне, 21 жыл
Еркіндіктің еңсесін тектегелі!
Ендігі айтарым, жастар халқын сүйсе деймін,
Елі үшін, еркіндік үшін күйсе деймін.
Бұрынғы өткен батыр, бабалардай
Жерін, халқын, елін қорғап жүрсін деймін.
Болашақтың асуына Нұрағамен
Жастар бірге барса екен қол ұстасып.
Қазағым, еркіндігің құтты болсын!
Мәңгі бейбіт елімізде өмір болсын!

«Қара жорға» биі.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар! «Тәуелсіздік жетістіктері» атты достық фестивалін тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Шаңырағы шыңдармен тайталасып,
Тастағанда түндігін айқара ашып,
Сығалайды Күн мен Ай таласып,
Еркіндіктің бесігі — бақытты отау —
Күнге орлеген қанатты Қазақстан!

1-жүргізуші:
Над цветущими полями
Поднимается восход,
Освещая путь над нами,
В отчий дом он нас ведет.
Казахстан — страна родная!
Ты свободы сеешь свет.
Казахстан — страна родная!
Мы запомним твой завет.
Сколько здесь живет народов,
Как широк простор степей!
И землей твоей гордится
Каждый из моих друзей.
Независимо от веры,
Цвета кожи, глаз, волос
Мы в единство наше верим,
В это каждый лепту внес!
Казахстан! Родные степи,
Реки, горы и пруды —
Всем гордиться мы умеем
И еще взрастим сады.
От души хотим трудиться,
Сохранить страну от бед,
Землякам моим желаю
Верить в торжество побед!

Фестивальға қатысқан барлық балалар сахнаға шығып, «Туған жер» әнін шырқайды.

Источник: httpsss://infourok. ru/azastan-respublikasi-tuelsizdigini-zhildiina-oray-tkizilgen-festivalgldene-bermeni-azastanim-731260.html

Категория: