Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Тақырыбы: Екінші ондық сандарының құрылуы және олардың таңбалануы

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Павлодар қаласы, МҚКК № 35 сәбилер бақшасы, тәрбиеші, Сержанова Гүлмира Дауытқанқызы

Тақырыбы: Екінші ондық сандарының құрылуы және олардың  таңбалануы

Мақсаты: Екінші ондық сандарының құрылуымен таныстыру, «ондық, бірлік» ұғымдарын айыра білуге дағдыландыру.

Міндеттері: 20 көлеміндегі реттік және есептік санауды бекіту. 10-ға дейінгі сандар құрамын бекіту. Сөзді есептер құрастыруды пысықтау.

Көрнекі құралдар: Үлестірмелі материалдар ( 1-ден 20-ға дейінгі сандар таңбалары жазылған карточкалар), 10-нан жасалған таяқшалардан 8 бума, үлкен көлемді карточкалар 11-ден 20-ға дейінгі сандар таңбалары, «Артық, кем» карточкалары.

Сөзді есептер карточкалары, сандар құрамының үйлері, «Көршісін ата» карточкалары, 10-нан 20-ға дейінгі сан баспалдағы А-3, ермексаз, ұсақ заттар (түймелер, бұршақ, фасоль, ағаш пішіндер).

Д/О  «Артық, кем», «Көршісін ата», «Ғажайып дорба», «Көңілді шеберхана».

Ұйымдастырылған іс-әрекетінің барысы:

Өткенді қайталау: жыл мезгілдері мен ай, апта күндері

Тақтада 11-ден 20- ға дейінгі сандар таңбалары ілінген.

1. Ауызша жұмыс: 0-ден 20-ға дейін тура, кері санау.
2. Д\О «Көршісін ата»

Жаңа тақырып: Балаларды 4 топқа бөлу.

1 топқа мынадай тапсырма: сурет бойынша сөзді есеп құрастыру, шешімін жазу, оқу.

2 топқа тапсырма: 6,8,9,10 сандарының құрамын жазу.

3 топқа тапсырма: «Артық, кем » салыстыру карточкалары.

4 топқа «11.12» сандарының құрамын педагог түсіндіреді:

— Алдарында жатқан жолақшада қандай пішін салынған?

— Нешеу? Жақсы, балалар, сан таңбасын жанына қойындар 10.

— Енді, астыңғы жолға 1 дөңгелек қоямыз.

— Барлығы нешеу болды? 11

— Бүгін біз екінші ондық сан қатарының құрамын анықтаймыз

— оңдық пен бірліктен тұрады, 11 ол 1 ондық пен 1 бірлік, ал 1-ондық деген ол 10 бірліктен тұрады, 1 дөнгелек қостындар — 11 болды, осы сан таңбасын тауып қойындар.

Келесі 12 санның, сан таңбасының пайда болуын осы тәсілмен түсіндіру.

Сергіту сәті:
Қарлығаштай қалықтап,
Қанат қағып алайық,
Кеуде керіп шалқақтап
Үшке дейін санайық: 1, 2, 3
Бойға жинап күш,
1, 2, 3-бұлшық етте міне күш!

(Барлық үстелдерге буылған таяқшалар салып қою)

— Таяқшалармен 1-ондық көрсету, оған 3, 4, 5 бірліктен қосу, таңбаларын көрсету.

— Үстел үстінде ермексаздан, ұсақ пішіндерден, бұршақтардан 11, 12, 13, 14, 15 сан таңбаларын құрастыру, бастырылған сан таңбаларын штрихтау, бояу тапсырмаларын орындау.

Іс-әрекетті бекіту: «Сан баспалдағын» толтыру. 11-ден 20-ға дейін тура, кері санау.

— Екінші ондық қатар сандары неден тұрады? Ондық пен бірліктен.

— Сан таңбаларын көрсетіндер: 1 ондық — 1 бірлік, ол неше?

— 1ондық — 2, 3, 6, 7 бірлік көрсет және атап бер.

Қорытындылау: — Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай жаңа ұғымдармен таныстындар?

— Іс-әрекетте не істедіндер?

— Сендерге ұнады ма?

Рефлексия: Балалардың өз-өздерін бағалауы.

Категория: