Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторы

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Матышова Алия Нургалиевна учитель дополнительного образования высшей категории. КГКП «Дворец детей и юношества» г. Жезказган, Карагандинская область

Матышова Алия Нургалиевна

Мақсаты: Үйірме мүшелерінің компьютерлік сауаттылығын дамытуға жағдай жасау.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға MS Word мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін, сипаттай отырып үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларға MS Word-тың элементтермен дұрыс жұмыс істей алу дағдыларын дамыту. Компьютерлік технологияны меңгерту.
Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс істеуге, қайырымдылыққа, адамгершілікке және патриоттық тәрбие.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық, жеке жұмыстар, сұрақ — жауап

Технология: «Сын тұрғысынан ойлау» М. М. Жанпейсованың модульдік технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: MS Word жұмыс парағының кестесі, сөз жұмбақтар, таратпа материалдар

Техникалық құралдар: Дербес компьютер, экран, жұмыс дәптерлері

Жоспары:

1) Ұйымдастыру.
2) Үй тапсырмасын сұрау.
3) Өткен сабаққа шолу
4) Ертегі әлемі
5) Практикалық кезең (электрондық оқулықпен жұмыс)
6) Сергіту сәті
7) Қорытындылау.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың жұмыс орнын дайындау, назарын сабаққа аудару, сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру,қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

2. Үй тапсырмасы. M S Word бағдарламасын оқып келу.

3. Өткен сабақтарға шолу. Сұрақ қою арқылы еске түсіру.

Үй тапсырмасын «Ой шақыру» әдісі бойынша тексеріп, өткен сабақты және техника қауіпсіздік ережесін еске түсіріп аламын. Үнемі сабағымда «Сын тұрғысынан ойлау» топтастыру әдісін пайдаланамын. Үйірмедегі оқушыларға өткен тақырыптарды қайталау үшін сұрақтар қойылады. Ол мынадай:

1 — сұрақ. Мәтіндік файлдың кеңейтілімі (. txt)
2 — сұрақ. Қарапайым графикалық редактор (Paint)
3 — сұрақ. Кесте дегеніміз не? (Кесте — жолдар мен бағандардан реттеліп берген ақпарат)

1 — сұрақ. Мәтінге объект кірістіру (Вставка — Объект)
2 — сұрақ. M S Word кеңейтілімі (. Doc)
3 — сұрақ. Мәтіннің түрлерін ата (Қарапайым, бағдарламалық,кестелік)

4. «Ертегілер әлемі» — Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр. Біз Microsoft Word редакторы бойынша алған білімдерін тереңдету, жалпылау және қорытындылау мақсатында ертегі-сабағы ретінде өткізгелі отырмыз.

Сонымен ертеде Microsoft деген шалдың 5 баласы болған. Олар: Word, Excel, Power Point, Access, Outlook. Солардың ішіндегі үлкені Word 18 толып, әкесінен еншісін алып, өзінің оқып — білгендерін жұртқа көрсету үшін жолға шығады. Оның әкесінің берген еншісін білу үшін мына сұрақтарға жауап берейік.

1. Microsoft Word — ты іске қосу әрекеті?

Пуск — Программы — Microsoft — Microsoft Word командалары арқылы іске қосамыз.

2. Алғашқы төрт жолақты ата.

Тақырып жолы, меню жолы, стандартты панельдер жолы, пішімдеу панельі жолы.

3. Терезенің үш батырмасын ата.

Жималау, жаймалау, жабу.

4. Дайындалған құжат қалай сақталады?

Файл — сохранить как командасын таңдау арқылы сақталады.

Осындай әрекеттер мен батырмаларды Microsoft барлық балаларына еншілеп береді екен. Себебі барлық Microsoft бағдарламаларында осы әрекеттер мен батырмалар орындалады.

Енді біз Word-қа өзін таныстыруына көмектесейік. Мына Word терезесінің элементтерін атап өтейік:

1. Тақырып жолағы
2. Меню жолағы
3. Стандартты панелі
4. Пішімдеу панелі
5. Сызғыш
6. Айналдыру жолақтары
7. Жұмыс аймағы
8. Қалып-күй қатары

5. Практикалық кезең

Сонымен Word жолға шығып, 1-ші аялдамаға келіп тоқтайды. Ондағы тапсырма мынадай.

1. Аялдама. Диктант

Мәтінді қатесіз, шапшаң теріп жазу.
Менің туған жерім Қазақстан. Қазақстан жері кең байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Біздің Отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтар өмір сүреді. Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді.

2. Аялдама. Мәтінмен жұмыс

1) Мәтіннің қатесін тексеру. Оны белгілеп, қарпін — Times New Roman, қаріп өлшемін — 16, орта бойынша туралау.
2) Соңғы сөйлемді қиып алып, төртінші сөйлемнен кейін кірістіріп қою. Бірінші сөйлемнің көшірмесін соңына қою.
3) Мәтінді курсивпен жазып, Қазақстан деген сөздердің бәрін жартылай қалың ету.

Логикалық тапсырмалар:

1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
2. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
3. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
5. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
6. Термометр аяз болғасын — үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
8. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
5. Сұрақ қою: Қазір ауылды жерде де, қалалы жерде де сыртта асыр салып жүрген баланы сирек кездестіреміз. Себебі оларды үйге матап тастаған бір дүние бар. Ол — компьютер. Осы ойға пікіріңіз қандай?

6. Сергіту сәті (көз жаттығулары)

Вирусты антивирус өлтірер,
Антивирусты уақыт өлтірер.
Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер.
Антивирус компьютер үшін туады, Компьютер үшін өледі.
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
Компьютер процессорымен мықты.
Ағаш тамырымен мықты,
Жақсы WORD жарым ырыс.
Жақсы сөз жарым ырыс

3. Аялдама. Безендіру жұмыстары

1) Мәтінге сурет кірістіріп, оны қалауынша орналастыру.
2) WordArt-та ұнатқан безендіруді таңдап, Менің Қазақстаным деп өзгертіп, мәтіннің үстіңгі жағына орналастыру.

4. Аялдама. Кесте құру

Міне сонымен Word әр аялдамаға тоқтап өзінің білетіндерін көрсеткен екен.
Ендеше балалар осы ертегімізге байланысты сөзжұмбақтарымызды шешейік:

Сөзжұмбақ сұрақтары:

1. Ақпаратты өңдеу, сақтау, жіберу           (информатика)
2. Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады           (мәзір жолағы)
3. Компьютердің маңызды элементтерінің бірі           (монитор)
4. «ПУСК» сөзінің аудармасы           (Іске қосу)
5. Дүние жүзі бойынша таратылған желі           (Интернет)
1. WORD терезесінің төменгі бөлігі қалай аталады           (қалып күй жолағы)
2. Терезе түрлерінің бірі           (сұхбат терезе)
3. «Абзац» сөзінің аудармасы           (еже)
4. Сызбалық өндегіш қалай аталады           (PAINT)
5. WORD терезесінің негізгі элементтерінің бірі           (тақырып жолағы)

Сонымен балалар, ертегіні қорытындылай келе, үйірме мүшелеріне мынадай сұрақтар қойылады:

— Microsoft Word бағдарламасы дегеніміз не? (- бұл мәтіндік құжаттарды әзірлеуге,қарап шығуға, түрлендіруге және басып шығаруға арналған Microsoft Office қосымшасы)

— Microsoft Word бағдарламасының негізгі қызметін атаңдар? (- бұл мәтіндерді енгізуге түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор)

— Microsoft Word құжаттарының кеңейтілімі қандай болады? (.doc)

— Word құжатын сақтау кезіндегі әрекетер ретін көрсетіңдер? (файл сақтау)

7. Қорытынды

Сонымен балалар бүгінгі сабағымызды осымен аяқтаймыз. Үйге тапсырма Word туралы қосымша материалдар іздеп келу. Сөзжұмбақ, ребус құру.

Тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторы Тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторы Тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторы Тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторы
Категория: