Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Тақырыбы: Туған жерім — Атамекенім

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Мая Нұрова, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі № 22 мектеп-гимназия, Астана қаласы

Мақсаты: Оқушылар бойында өз Отанына, еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту, ел бірлігін түсінетін, ел игілігіне қызмет ететін ел жанды ұрпақ тәрбиелеу,Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты жобалау технологиясы бойынша.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, ҚР географиялық картасы, интерактивті тақта, Отан туралы нақыл сөздер.

1.Тәрбие сағатының барысы:

— Ұйымдастыру кезеңі.

— Сынып оқушылары 4-топқа бөлінген.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Еліміз Тәуелсіздігінің 22 жылдығына арналған «Туған жерім-Атамекенім» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Өзіңсің Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік қара орманым да,
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар,
Өзіңдей ұлан-байтақ дала барында...
Үйге берілген тапсырмалар:

Тақырыбы

Тапсырма

Дайындық түрлері

1

Туған жерім-Атамекенім

Қазақстанның шекарасы

Слайд,мәліметтер

2

Туған жерім-Атамекенім

Қазақстанның төл теңгесі

Слайд,мәліметтер

3

Туған жерім-Атамекенім

Қазақстанның табиғаты

Сурет,слайд,мәліметтер

4

Туған жерім-Атамекенім

Өлеңдер

Мәнерлеп оқу

— Балалар Атамекен-сөзі нені білдіреді?

— Отанды сүю,елжанды болу дегенді қалай түсінесіңдер? (жауаптары тыңдалады).

— Біз қандай мемлекетпіз?

Егемен ел болу үшін не болу шарт?

Оқушылардың жауаптары: Егемен ел болу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық белгілері болу керек.

— Тәуелсіз Республикамыздың саналы азаматы болу үшін не істеуіміз керек? (оқушылардың жауаптары тыңдалады).

Үйге берілген тапсырмалар бойынша өз жұмыстарын ортаға салады

1-топ. Топ жетекшілері өз топтарын таныстырады, жұмыстарын қорғайды. Дайындаған мәліметтер, буклет және суреттеріне шолу жасайды.

2-топ. Топ жетекшілері өз топтарын таныстырады,жұмыстарын қорғайды.

3-топ.Топ жетекшілері өз топтарын таныстырады, бұл топтың үй тапсырмасы «Қазақстанның табиғаты» жайлы.Дайындаған мәліметтерін тыңдау.

— Жарайсыңдар, балалар.Бізге көп ақпарат бердіңдер.

4-топ. Өз еліңнің сұлулығын немен жеткізе аласыңдар, жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

1-оқушы: «Менің Республикам» өлеңі.
2-оқушы: «Қазақстан» өлеңі.
3-оқушы: «Туған өлкем».
4-оқушы: «Үш бақытым».

— Балалар, біз бүгін өзіміздің туған еліміз,туған жеріміз, атамекеніміз жөнінде әңгімелеп, олар туралы өзіміздің ойымызды білдірдік.

Сабақ соңында «Атамекен» әнін (әні:Е.Хасанғалиев; сөзі: Қ.Мырзалиев) бүкіл сабақ.

Қатысушылары орнынан тұрып,бірге орындайды.

Тәрбие сағатында С.Мәуленов, М.Мақатаев, Е.Бағаев, Ө.Тұрманжановтың өлеңдері қолданылды.

Категория: