Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Тақырыбы: Тыңға 60 жыл

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Исина Зухра Гайнуллаевна Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің «Васильковка негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бастауыш сынып мұғалімі, ІІ санат

Исина Зухра Гайнуллаевна

Мақсаты:

1. Еліміздің тарихын білу, Елімізді, жерімізді сүюге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың өнерлерін ортаға салу.
3. Көпшілік арасында өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу.

Жоспар:

І. Тың тарихынан. 1954 ж. Март Пленумі

ІІ. Әдеби-музыкалық монтаж

а/ өлеңдер
ә/ қойылымдар
б/ мақал-мәтелдер сайысы
г/ жұмбақтар шешу
г/ сурет байқауы
д/ «Жер-Ана» тақырыбына шығарма байқауы

ІІІ. Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың асыл арманы

а/ ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан мәлімет.
ә/ Қазақстан-2050 стратегиясын жүзеге асыру.

Көрнекіліктер: Презентация, ҚР картасы, газет, журналдар, кітап көрмесі.

І. Тың тарихынан. 1954 ж. Март Пленумі

ТЫҢ — ғасырлар бойы түрен тимеген, бірақ жайылым ретінде пайдалынған жерлер.
Тыңайған жерлер — ұзақ уақыт жыртылмаған егістіктер.

Ауыл шаруашылығын дамытуға, Отанымыздың экономикалық күш-қуатын арттыруға 1954 жылы Февраль-Март Пленумның шешімі бойынша тың және тың игеру аграрлық саясатынан шешім қабылдады.

Тың игеру ауыл шаруашылығы өндірісін жедел дамытуға жағдай жасады. 1954-1984 ж. арасында Республика мемлекетке 348 млн.т. астық,30 млн.т. ет, 47,8 млн.т. сүт сатты.

Тың игеру науқаны Республикамыздың Солтүстік облыстарында өтті. Қостанай, Көкшетау, Целиноград, Павлодар, Торғай және Солтүстік Қазақстан облыстарында егін шаруашылығын механикаландыру, электрлендіру деңгейі өсті .

Көкшетау обл. — 2 734 000 га., СҚО — 1 330 000 га., Республика бойынша: 25 484 000 га. жер игерілді.

Осы кезден бастап әйелдер қауымы жаңа кәсіп иелері бола бастады. Олар трактор, комбайын жүргізуге үйренеді.

Әйгілі елге Кәмшат Дөненбаева — Қостанай обл., 15.09.1943 ж. дүниеге келген. Ауыл шаруашылық техникумын бітірген. 1961 жылдан бастап Харьковский совхозында тракторшы болып істейді. 1975 ж. — Социалистік Еңбек Ері, 1976 ж. — мемлекеттік сыйлық иегері және Ленин орденімен 2 рет марапатталған.

— Құрметті оқушылар! 1954 жылдан бастан Қазақстанға жан-жақтан жұмысқа жастар келе бастады. Сол кезден бастап біздің елімізде басқа ұлт азамматары келіп, үйленіп, осында өмір сүріп қалды. Көптеген ауылдар (совхоз, колхоздар) пайда болды. Олар өз келген мекен-жайларынын атарын қоя бастады: Херсон, Чернигов, Донской т.с.с.

Тың игерудің ең басты мақсаты-астық. «Нан болса ,ән де болады» — деп тегін айтпаған халық.

ІІ. Әдеби-музыкалық монтаж

1. Жары шыққан қауызын,
Дән-өмірлік азығын.
Жегеніңде ақ нанды,
Нәрге толар ауызың.

2. Ерте тұрыпақ таңнан,
Қара жерге нәр құйған.
Айналайын диқаннан,
Егін егіп, дән жинаған.

3. Бір кезде болып нанға зар,
Қадірін білген адамдар,
Әулие тұтып нанды ұстап,
«Нан ұрсын» де қарғанар.

4. Нан-ардақты, адал ас,
Кәрі, жас онан аттамас.
Ақ дастархан үстінде,
Қол жумай оны ұстамас.

5. Нандай жоқ қой асыл дәм,
Жеп үйренген жасыңнан,
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.

6. Ей, балалар, балалар!
Болмаңдар,сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы,
Бір қасиет нанда бар!

7. Нан қиқымын шашпаңдар!
Жерде жатса, баспаңдар!
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

8. Наубай жұмыс істейді,
Жатқаныңда ұйқтап.
Ақ қалпағы түспейді
Баса қиген мыиықтап.

9. Көрсең жұмыс үстінде,
Қашан даол бабыңда.
Көңіліңдей піскенде
Көтерілер наны да!

10. Лебі бетті шарпыған
Пеш отына қақталып,
Нан боп исі аңқыған
Ашы тері ақталып.

11. Ең қадірлі елдегі
Наубай —нанның патшасы!
Әр азамат еңбегі
Көпке солай жақсайшы!

12. Қасыңда дәу бөлкең,
Күрең тоқаш, ақ қалаш ...
Нан —ырзықтың үлкені,
Адамзатқа жаққан ас!

13. Кейбір балалар нанды тойғанынша жеп, қалғанын лақтырып тастайды. Бұл дұрыс емес. Нан еңбекпен табылады. Дикандар көктемде жерге тұқым себеді. Одан егін өніп шығады, оны жаз бойы күтіп-баптайды. Күзде астықты комбайынмен орып алады. Жүргізушілер машинамен астық қабылдау орындарына жеткізеді. Бидайдан ұн дайындайды. Ұннан неше түрлі нан пісіреді. Мұның бәрі — адамдардың еңбегі. Нан — адамның өмірі. Сондықтан да оны қадірлеуіміз керек.

Угай-ай. (халық әні) орындайды оқушылар тобы .
Қуыршақтар театры.
а/ Қайдан келдің, бауырсак?
ә/ Бидай мен қаңбақ. (мысал) А.Тоқмағанбетов.
б/ Нан қайдан шығады? (сахналық көрініс)

Мақал-мәтелдер сайысы.

1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
3. Ас атасы — нан, нан атасы — дән.
4. Нан болса ән де болады
5. Еңбек түбі береке.
6. Ердің атын еңбек шығарады.
7. Адам жерге нәр береді, жер адамға нан береді.

Жұмбақтар шешу.

1. Жезге ұқсас сабағы, дәні халық тамағы. /бидай/
2. Сабан той бастап, салды бір әнді. Сабанды тастап, сапырады дәнді. /комбайн/
3. Жазда семіз, қыста арық. /жер/
4. Ас төресі киелі, бәрі ауыз тиеді. /7 шелпек/
5. Жазда сақалы бар, қыста көсе болып қалады. /жер/
6. От басынан қолы тимейді, от тістесе де, ерні күймейді. /шымшуыр/
7. Қаншама тер төгесің, сонша дән тересің. /бидай/
8. Айтып жүрген әні бар, әннің не мәні бар? /жел/
9. Домалақ тас, ортасы піскен ас. /нан/

Сурет, шығарма байқауы. Оқушылар үйде салып келген суреттерін қорғайды және шығармаларын оқиды. Қонаққа келген мұғалімдер ең жақсысын атап, оларға сынып жетекшісі әзірлеген сыйлықтарды береді.

3-сынып оқушысы Зиядаева Диананың шығармасы: «Жер-Ана.»

Мен Васильковка ауылында тудым. Біз жер үйде тұрамыз. Үйдің маңында бау-бақшамыз бар. Көктемде ата-анамызбен бірге картоп саламыз. Бақшаға сәбіз, қияр, қызылша, орамшапырақ отырғызамыз. Башамызда шие, қарақат өседі. Мен Гүлден әпкем екеуіміз ата-анамызға көмектесеміз. Жаз бойы көкеністерді суарамыз, арам шөбін жұламыз, оларды күтеміз. Біздің Жер құнарлы. Осы Жер-Анамызға біз ризамыз. Мың алғыс айтамыз. Ол бізді, біздің ата-бабаларымызды да асырады. Жақсы қарап, күтсек болашақта біздің де ұрпақтарға да жемісін береді.

Күзде шыққан көкіністерді, жеміс-жидектерді жинаймыз. Анамыз қысқа тосап пісіреді. Қыс бойы біз сәбіз, қияр, қызылшадан әзірленген салаттарды жиміз. Онда көптеген дәрумендер бар. «Еңбек етсең еріндей, тояды қарның тіленбей» дейді біздің халқымыз.

ІІІ. Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың асыл арманы.

а/ Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауымен таныстыру

Негізгі мақсат 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіру .

Қорыта айтқанда: Біз бәріміз бір атаның — қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу — ол қасиетті қазақ даласы.

ә/ 17 қаңтар 2014 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Бір мақсат. Бір мүдде. Бір болашақ.»

«Қазақстан 2050» — Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!

— Құрметті оқушылар осы Жолдау және Стратегиямыз орындалуы үшін сендер қандай үлес қосасыңыздар? (оқушылардың жауабы)

— Біздің ауылымыз көркею үшін болашақта сіздер қандай іс-шаралар атқарасыңдар? (оқушылардың жауабы)

— Жақсы балалар, айтқандарың бәрі дұрыс. Сондықтан сендердің ең басты мақсаттарың- жақсы оқып, үлгілі тәртіпті оқушы болу. Сіздер бүгінгі тәрбие сағаттынан көп мәлімет алып, болашақта осы айтылған сөздеріңізді мүлтіксіз орындайды деп сенемін.

 Енді тәрбие сағаттымызды жақсы әнмен аяқтаймыз. Ортаға оқушылар шығып «Жаса, Қазақстан» Қайрат Нұтастың әнін орындайды.

Әдебиеттер:

1. «Қазақ ұлттық энциклопедия» Ә.Нысанбаев Алматы , 1998 ж.
2. «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» М.Құл-Мұхаммед Алматы, 2011 ж.
3. Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
4. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Бір мақсат.Бір мүдде. Бір болашақ»
5. «Нан қайдан шығады?» Қазақ ертегілері
6. «Бидай мен қаңбақ» А.Тоқмағанбетов

Категория: