Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Ельжанова Үміт Қайырғалиқызы, БҚО Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, № 3 МДБҰ тәрбиеші Білімі-жоғары, І квалификациялық санат, еңбек өтілі 20 жыл/ Мамандығы: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы

Ересек тобы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің түрі: Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы: «Б» дыбысы мен әрпі

Мақсаты: «б» дыбысы мен әрпін қайталату, буындарды оқыту, сөздерді оқыту арқылы балалардың тілдерін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: Бақа бақылайды — лягушка квакает; бақа — лягушка — frog; бала — мальчик — boy.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құралдар:  Көркем суреттер, жұмыс дәптері, әріптер қимасы.

Мотивациялық — қозғаушылық:

Шаттық шеңбері.

— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қандай керемет таң! Бір-бірімізді көңілді әрі үлкен қуанышпен қарсы алу үшін мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Өйткені біздің шеңберімізге әрқашан да нағыз шынайы достар жиналады. Қол ұстасып, айтайық:

Ән салуға барамыз, (балалар шеңбер бойымен жүреді)
Досымызды табамыз. (жүріп келіп, тоқтайды)
Сәлемет пе! Міне, мен! (қолдарын екі жаққа сермейді)
Доспын енді сенімен. (бір-бірімен қол алысады)

Ұйымдастырушылық-ізденістік:

Бүгінгі ұоіә ерекше болмақ, бізге мектептен қонақтар келді. Алдымен еске түсірейік, біздер осы сауат ашу ұоіә мынадай сиқырлы сандықшаны не үшін пайдаланамыз?

— Ол сандықша неліктен екі түсті?

— Дауысты, дауыссыз дыбыстарды бөліп саламыз.

— Дыбыстар неше түрге бөлінеді?

— Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

— Дауысты, дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

— Дауысты анық, дауыссыз кедергімен айтылады.

— Ендеше, сандықшамызды ашып танысқан дыбыстарды еске түсірейік.
(тәрбиеші дыбыстарды біреуден көрсетеді, балалар атап, қандай дыбыс екенін айтады)

Тарбаң-тарбаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған.

— Бақа.

Сандықшадан бақаның ойыншығын шығарып өткен дыбысты еске түсіру.

— Балалар, өткен ұоіә-де қандай дыбыспен таныстық?

— «Б» дыбысымен.

— Бақа қалай дыбыстайды екен?

— Бақ-бақ.

— Бақ-бақ еткен бақа қай дыбыстан басталады?

— «Б» дыбысынан басталады.

— «Б» дыбысы қандай дыбыс?

— Дауыссыз дыбыс.

— «Б» дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы?

Балға, балта, бала, балапан, балық, борсық, бұқа, бұзау, бота, Ботагөз, Бауыржан, Балжан, Балым, Батыр.

— Осы сөздерді буынға бөлу.

Бақаның суреті бойынша бақа сөзіне дыбыстық талдау жасау. (тақтада бір бала орындайды)

Б-дауыссыз, А-дауысты, Қ-дауыссыз, А-дауысты. Төрт дыбыс, екі дауысты, екі дауыссыз дыбыс бар. (балалар жеке қызыл, көк түсті дөңгелектермен белгілеп орындайды)

Билингвальды компонент: Бақа бақылайды — лягушка квакает; бақа — лягушка — frog; бала — мальчик — boy. (балалар үштілде қайталайды)

Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық,
Бой жазайық бәріміз.
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз.
Аяқтарын топ-топ басып,
Орнымызға барамыз. (қимылмен сөздерді айтып, орындайды)

Тілге арналған жаттығу:
Ға-ға-ға — ғарыш,
Аң-аң-аң — аңшы.
Ыс-ыс-ыс — ыдыс,
Ор-ор-ор — орман.
Ма-ма-ма — маса,
Ша-ша-ша — шана.
(барлығы бірге айтып, тілдерін жаттықтырады)

Дыбыстарды қосып оқу: БА, БО, БАҚА, БАРАБАН, БОН, БАЛА. (балалар жеке, барлығы бірге оқиды)

Саусаққа арналған жаттығу:

«Мысық»
Ойға батып мысық,
Отыр көзін қысып.
Бірақ өзі ояу,
Дейді: мияу-мияу-мияу.
Мысық сүтке тойып,
Мұртын сүртіп қойып.
Әндетіп бір баяу,
Дейді: мияу-мияу-мияу.

Дәптермен жұмыс: Дәптердегі № 20 тапсырма бойынша орындалады. Жеке жұмыс жүргізіледі.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

Тәрбиеші бұдыр допты бала ұсынып, таныс дыбысты айтады, допты алған бала сол дыбыстан басталатын сөз айтады. А, Н, М, Қ, О, Ғ, Р, Б дыбыстары. (балалар допты қолдарына айналдырып тұрып сөз айтады, доп кедір-бұдырлы қолдарына уқалау түрі жасалады)

Рефлексиялық түзетушілік:

— Балалар, қандай дыбысты қайталадық?

— «Б» дыбысы қандай дыбыс?

— Қандай сөзге дыбыстық талдау жасадық?

— Дыбыстар неше түрге бөлінеді?

— Қандай түстермен белгілейміз?

(балалар сұрақтарға толық жауаптарын айтып, қорытындылайды)

Бақа ойыншығы балалармен кешке дейін ойнауға топта қалады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: өткен әріптерді қайталап, «б» әрпін тануды.

Түсінеді: дыбыстық талдау жасап, дыбыстарды ажыратуды, жеке орындауды.

Қолданады: өткен дыбыстарды қосып, хормен оқуды.