Ашық ұйымдастырлған оқу — іс әрекетінің технологиялық картасы
Бекмухамедова Алтынсара Турсынгалиевна учитель казахского языка. 1 категория, стаж работы 18 лет. КГКП №52 детский сад, г. Алматы |
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Азық — түліктердің адам ағзасына пайдасы.
Мақсаты:
1. Азық түліктердің адам ағзасына пайдасы туралы түсінік беру, азық —түлік өнімдері атауларымен (сүт өнімдері) атауларымен таныстыру, жаңа сөздерді естерінде сақтату.
2. Асқа берілетін батаны жаттату, шағын көрініс сөздерін жаттату
3. Дұрыс тамақтануға, денсаулығын сақтай білуге үйрету, ұлттық салт дәстүрлерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдары: азық — түліктедің пайдасы туралы бейнебаян, суреттер, азық түліктер, боямақтар, суретті сөздіктер.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмысы: сүт — молоко, айран — кефир, шұбат — верблюже молоко, кымыз — конское молоко, құрт — курт, май — масло, қаймақ — сметана
- 8617 просмотров