Көлік түрлері
Жусупова Шамшия Алишевна воспитатель ГККП ясли-сад № 10 «Сказка» Павлодарская область город Экибастуз |
Сабақтың мақсаты: балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытудың қатар тілін, сөз қорын жетілдіру. Жан-жақты білімдерін кеңейту.
Өзін-өзі көпшілік ортада ұстауға, әдепті, әдемі болуға үйрету. Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, үнтаспа, ойын элементтері (машина рөлі, гараж), жол макеті.
Сөздік жұмысы: достық — дружба, көлік — транспорт, көлік түрлері — виды транспорта, жүргізуші — водитель, бағдаршам — светофор.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Мұғалімнің әрекеттері |
Балалардың іс-әрекетттері |
Дәлелі-себеп кезеңі |
Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру рәсімі: – Балалар, сендер күннен әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек, солай ма? |
Балалар хормен, қимыл, іс-әрекет арқылы көрсетеді. Сәлем саған алтын күн! Сәлем саған көк аспан! Сәлем саған жер ана! Сәлем саған достарым! – Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Жақсылықты үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан жиреніп Үлгі аламыз жақсыдан.
|
Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі |
– Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешеміз. – Көлік дегеніміз не? Ол адамға неге қажет? – Сендер балабақшаға қандай көлік түрімен келесіңдер? – Енді, мен сендерді көліктің шығу тарихымен таныстырайын. Біздің қазақ халқы ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа-сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылган. – Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін және жер асты көліктер. Сендер оларды атап көріндер. Жұмбақ:
1. Арқасында ауыл жүр, ала тайым шауып жүр. — Автобуспен қайда баруға болады? — Ол қайда тоқтайды және балалар өздерін көлікте қалай ұстайды?
2. Тізбектелген көк үйлер, көшіп жүрген көп үйлер.
— Пойыздармен қайда баруға болады, ол қайда тоқтайды? Сергіту сәті: «Пойыз». Логикалық ойын. «Кім қай вагонда отырады?» Көліктің көбеюіне байланысты адамдар бағдаршамды ойлап тапты. Оның үш көзі бар.
Дидактикалық ойын: «Дұрыстап орналастыр» — «Көлік» деген сөз қандай дыбыстан басталады? — Сендер «К» дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер? — Мен сендерді қазір шұғыл оқиғаларға байланысты асығып жүретін, басқа көліктер оны күттірмей өткізіп жіберетін көліктермен таныстырамын. — Оның ішінде кімдер отырады, терезесінен не көрінеді? Неге бұл машинаны бәрі өткізеді? |
Балалардың жауабы: (машина адамдарды, жүктерді тасиды)
— Автобус, жеңіл машина. Балалар тыңдайды.
Автобус алға зулайды Бағыттан еш аумайды Зыр айналар дөңгелек Көлік бізге ең ертерек.
Автобус. — Балабақшаға, үйге, базарға, ауруханаға, саябаққа, т.б. — Үлкендерге орын береді, билет алады, жылауға, қатты сөйлеуге, күлуге, тамақ жеуге болмайды. — Пойыз. — Тепловозға қарашы. Түтіні көк бүркіген Жалғыз өзі, санашы Неше вагон тіркелген? 1, 2, 3, 4, 5. — Онымен үлкен қалаларға, алыс жерлерге баруға болады. Балалар ойнайды. Сапқа тізбектеліп тұрады. Пойыз кетіп барады Жан жағына қарады Бағдаршамда қызыл жанғанда Пойыз тоқтап қалады.
– Жаяу жүргіннің өткеліне өту керек (пешеходный переход) – Автобустың артқы жағынан өту қажет. Жер беті, су және ауа көліктерін ретімен орналастырып қалташаларға салады. – «К» дыбысынан басталады. – Кілем, кілт, кірпі, компьютер т.б. «Жедел жәрдем». — Дәрігер, медбике, зембілді көруге болады. («Жедел жәрдем» тақпағы) — Себебі жаны қиналған науқас адамды ауруханаға жеткізуі керек. — «Өрт сөндіргіш машина» Жылтыр каска киген өрт сөндірушілер отырады, ұзын басқыштары, үлкен шлангы оралған катушкалары болады. — Себебі үй жанып кетпес үшін, өртті тездетіп сөндіру керек. |
Рефлексия — түзету кезеңі |
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Өз гаражынды тап». (әуен қосылады)
— Балалар, үйде ата-аналарың, туыстарың алыс жолға шықса бір-біріне не деп айтатындарын білесіңдер ме? |
Машинаның рөлін ұстап балалар жүреді, әуен тоқтағанда рөлінің түсіне сай гаражын табу керек. «Жолың болсын!» — дейді. Атам шықса сапарға «Жолың болсын!» — дейді апам Апам шықса сапарға «Жолың болсын!» — дейді атам. «Жолың болсын!» — дейді олар Үлкенге де кішіге. «Жолың болсын!» — дейді олар Ұшырасқан кісіге. Осы сөзден байқадым Қуат барын, күш барын «Жолың болсын!» — айтамын, Алыс жолға шықса кім. Сау болыңыздар! Жолдарыңыз болсын!
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: көлік және көлік түрлерін ажыратуды, негізгі жолда жүру ережелерін білуі керек.
Болу: көліктердің қолданылуы және адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінік болуы керек.
Істей білу: жолда жүру ережелерін ұстанып, көпшілік ортада мәдениетті болуы керек. Топпен жұмыс істей білу керек.
- 32643 просмотра