«Көңілді күн» 1-сыныпты аяқтау
Абиева Жанар Себенгалиевна бастауыш сынып мұғалімі, 20 жыл еңбек өтілі, жоғары санатты. «№ 13 орта мектеп гимназиясы» ММ Ақтау қаласы |
Мен Абиева Жанар Себенгалиевна Ақтау қаласындағы "№ 13 орта мектеп гимназиясы«ММ-нің жоғары санатты, бастауыш сынып мұғалімімін. Еңбек өтілім 20 жыл. Биылғы оқу жылында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасын аяқтап, жаңа үлгідегі сабақтарым мен жаңаша тәрбие жұмыстарының үлгісін көрсете бастадым. Бұғанға дейін де бала тәрбиесі мен сапалы біліміне сүбелі үлесімді аяған емес едім. Ал бүгінгі таңда «жаңа форматтағы мұғалім», «көшбасшы мұғалім», «сыншыл дос», «нұсқаушы коуч» дегенге бейімделіп жұмыс жасап жатырған жайым бар. Әрине әр нәрсенің, соның ішінде жаңа бастаманың қиыншылығы мен қызығы, жеңісі мен жеңілісі болады емес пе? Бұл бастамада да әріптестеріммен бірге осының барлығын бастан өткеріп, енді міне «желілік қоғамдастықтың» арқасында бір-бірімізбен ой бөлісіп, ақылдасып, кеңесіп, тәжірибе алмасып жұмысты бастап кеттік.
Сол жұмыстарымның алғашқыларын сіздерге жолдап отырмын.Әрине жасалып жатырған жұмыстар өте көп. Соның бірі ата-аналармен бірігіп өткізген «Не үйрендік, не білдік?» атты 1-сыныпты аяқтау қорытынды сабағым. Негізгі мақсат оқушылардың жыл бойына игерген білімінің жемісі мен ақыл-ойының дамуындағы жетістіктері. Осы сабақты топтық жұмыс түрінде ұйымдастырып, мерекелік шара тәрізді өткіздім. Ата-аналар алғашында тотық жұмысты түсініңкіремей, «мектепке алғаш келген балаға ыңғайсыз емес пе», «тақтаға қиғаш қарап отыр», «каллиграфиясы қалай болар екен деген» сан ойдың жетегінде жүрді.Міне, сол сан ойдың соңына нүкте қойғым келіп, осындай бірнеше тренинг, сауалнамалар, сынып сағаттарын өткіздім. Ата-аналарым дән риза, оқушыларым топпен жұмыс жасауға төселіп қалды, енді олар менен тосын жаңалық пен жаңаша сипаттағы жұмыс түрлерін күтеді.
Жалпы мақсаты: Сыныптан тыс тәрбиелік шараларды топтық жұмыс түрінде өткізе отырып оқушылардың өз ойларын сыныптастарымен бөлісіп, бірлесе ақылдасып, еркін,ашық жеткізе білуге бағыттау. Ата аналармен бірлесе отырып топта жұмыс жасаудың ерекшеліктері мен өзгешеліктерін, пайдасын және жемістілігіне көз жеткізу.
Күтілетін нәтижелер: Сабақ соңында қатысушылар:Оқу жылында қол жеткен жетістіктер мен білім сапасының қорытындысын көреді.
Ресурстар /Керекті жабдықтар/: АКТ, әдістемелік құралдар, кестелер, суреттер,флипчарт,маркерлер.
Ход урока
- 8953 просмотра