Седьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

Сабақтың тақырыбы: «Барсакелмес» қорығы

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирнов № 2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жакупова Айнур Төлегенқызы

Сабақтың тақырыбы: «Барсакелмес» қорығы

Сабақтың мақсаты: Қорықтардың қажеттілігін анықтау.

1. «Барсакелмес» қорығы туралы мәліметтер алады; оның орналасқан жері, жағдайы, құрылғанжылы, мақсатытуралы, мекендейтін жануарлар, құстар, өсімдіктертуралы.
2. Оқушылар өздерінің оқу, түсіну дағдыларын арттыра түседі; сөздік қорын кеңейтеді; сабақтас құрмалас сөйлемдерді қайталайды;
3. Тәртіп, силастық, көмек деген түсініктерді қаншалықты қолдана алатындығын байқау; жер арқылы табиғат, қоғамның құндылығын түсінуге тырысады; азаматтың өмірі табиғатымен тығыз байланысты екенін анықтайды; қорықтардың қажеттілігін дәлелдейді.

Сабақтың түрі: интерактивті тақтаны қолдану арқылы, сатылай кешенді талдау технологиясын пайдалану, «Елімай» сайты бойынша тестілеу өткізу

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, қима қағаздар, географиялық карта, А-4 парағы, бағалау парағы.

Пәнаралық байланыс: орыстілі, тарих, география.

Бағалау: бағалау парағы арқылы.

Сабақтың жоспары

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру (қорықтар туралы мәліметтер жиинау, презентация дайындау)
3. Жаңа сабақ: ой қозғау;
4. Бекіту;
5. Рефлексия
6. Үйге тапсырма:
7. Бағалау

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, түгендеу

2. Бүгінгі сабақ қонақтарға толы, Сабақта өздерінді еркін ұстап жұмыстары жақсы орындауларынды тілеймін.

Үстелдеріңде бағалау парағы жатыр. Әр оқушы өз жұмысытарынды бағалайсыңдар.

3. Үй тапсырмасын тексеру

Кешегі сабақта қандай тақырып өттік? /қорықтар/

Олай болса, қорықтады еске түсірейік

Мына тапсырманы орындап шығайық слайд

Картамен жұмыс, қорықтарды картада орналастыру

Лексикалық тақырыппен қоса біз грамматикалық тақырыпты да өттік. Яғни. Сабақтас құрмалас сөйлем.

Сабақтас құрмалас сөйлемді қайталау мақсатында , қазір біз теттік жүйеде Сабақтас құрмалас сөйлемге тестілеу жасаймыз. / оқушылар компьютер арқылы тест орындайды./

Әр оқушы өз — өзін бағалайды.

Қазір назарларынды тақтаға аударындар

4. Қорықтар туралы — видео

Жаңа тақарыппен таныстыру

Бүгінгі сабақта біз сендермен бірге қорықтар тақырыбын ары қарай жалғастырамыз,Бүгінгі сабақ тақырыбы Басакелмес қорығы

Дәптерімізді ашып күнмен сабақ тақырыбын жазып қоямыз.

Мұғалім презентация арқылы жаңа тақарыптыпен таныстырады.

Барса-Келмес (Қызылорда облысы). 1939 жылы құрылған. Арал теңізінің біратаулы аралында орналасқан. Қазіргі кезде қорық аумағы екіге бөлінген. Ол Барсакелмес және Қасқақұлан. Барсакелмес бөлігінің аумағы 50884 гектар, Қасқақұлан бөлігінің аумағы 109 942 гектарды құрайды.

Флорада 250 түрлі өсімдік саны бар.

Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері — құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203 түрлі құстың түрі бар.

Және де 1953 жылы қорыққа Түркмения елінен құландар әкелінді.

Бүгінгі күннің басты мәселесі: 100-150 000 га және 400 000 га жерді сақтап, өсімдіктерді көбейту. Барсакелмес — республикадағы барлық қорықтардың ішіндегі ең ерекшесі және оның өркендеуіне барлық қазақстандықтар қызығуы керек.

Оқулықтың 113 бетін ашамыз. / компьютердегі мәтінді оқиды./

Мәтінді оқимыз

Мәтінді әр оқушы тізбектеп сөйлемнен оқып шығады.

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, бірі — бірлеріне қояды.

Жақсы ал енді осы мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдері тауып оқып шығындар?

Осы сөйлемдерден біз мына сөйлемге тоқталамыз:

Бұл қорықта құланның саны жүз елу жеті болса, қазір экологияның нашарлауына байланысты олар азая түсті.

Олар не істеді? — азая түсті — баяндауыш
Азая түсті нелер? — олар — бастауыш
Олар неге азая түсті? — нашарлауына байланысты — толықтауыш
Ненің нашарлауына байланысты азая түсті? — экологияның — анықтауыш
Олар қашан азая түсті? — казір — пысықтауыш

Сөздердің байланысуы

Қазір азая түсті — жанасу, нашарлауына байланысты — меңгеру, олар азая түсті — қиысу

Сөлемді дәптерлерімізге көшіріп жазамыз ал тақтаға .............. шығады. — Сатылай кешенді талдау бойынша жұмыс жасаймыз.

1. Синтаксистік талдау Настя

2. Фонологиялық талдау. Асемгуль, Люба. Еркін / қорықта, құланның/

3. Фонетикалық талдау Мадина, Дамира, Меруерт / байланысты, қазір/

«Елім-ай» сайтына кіріп грамматикалық тақырыптарды қайталау; ВОУД- қа дайындалу мақсатында тестілеуді орындаймыз. / 5 мин*/

Оқушылар тестілеуді орындайды.

Өздерін бағалайды.

Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында мына шағын сюжетті назарларына ұсынғым келеді.

Содан соң «раушан гулі» видеосы көрсетіледі */ 1,5 мин

Бейне таспада көрсетілген раушан гүлінің ашылғанындай сендерде білім нәрімен сусындап болашақта Отанымыздың білімді азаматы болуларын тиіссіңдер, және де осындай әдемі де қатерлі табиғатымызды сақтап әрі қарай дамыту келешек ұрпақ сендердің қолдарында осымен сабағымызды тәмәмдәп бағалауға кірісейік.

Бағалау:

Үй тапсырмасы: 114 бет 2 тапсырма

Категория: