9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Сабақтың тақырыбы: «Біздің ауыл»

Международный творческий конкурс «Новогоднее настроение — 2025» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Тельтаева Жибек Елеусизовна учитель казахского языка и литературы КГУ «Архангельская средняя школа», Кызылжарский район, СКО Стаж: 12 лет. Категория: вторая

Тельтаева Жибек Елеусизовна

Пән: қазақ тілі

Сынып: 4

Мақсаты:

а) білімдік: менің, сенің, сіздің, оның есімдіктерімен танысу; сөйлемдерде есімдіктер пайдалану ерекшіліктерімен танысу.
б) дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жадын, тілін дамыту;
в) тәрбиелік: туған жерге сүйіспеншілік тәрбиелеу;

Пәнаралық байланыс: биология, орыс тілі.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видеофильм,

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:

I. Үйымдастыру кезеңі:

— оқушылармен сәлемдесу
— оқушыларды түгендеу
— сабаққа дайындықтарын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

— Жатқа өлен оқу.

— Мәтін оқу. Оқушылар мәтін оқып, сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

● мәтінді қалай атауға болады?
● сендер қандай құралдар білесіңдер?
● адамның қолымен не жасауға болады?
● қолдар туралы қандай тақпақта білесіңдер?

III. Қызығушылық ояту.

«Менің қалам» — слайдтарды көру. Экрандағы қаламыздың көрікті жерлерін бейнеленген слайдтар көрсетіледі. Балалар слайдтарды көргеннен кейін осындай әдемі ғимараттар, жаңа балабақшанын бұрын болған жоқ, біздің қаланың қалай өзгергенін байқады.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. «Біздің ауыл» мәтінін оқу. Автор оның ауылы жыл сайын қалай өзгеріп жатқанын байқайды, оны оқушылар да мәтінді оқығаннан кейін байқайды.

2. Сөздік жұмыс.
таңғалды — удивился,
бұрын — раньше,
жерлестер (жерлес) — земляки (земляк)

3. Сөздердің дұрыс жазылуына көңіл аударамын

әдемі, үйлер, қараңғы, жаңа, ақшылт

4. Сұрақтаға жауап беру:

● Бұрын ауыл қандай болды?
● Ал қазір қандай?
● Соңғы үш сөйлемді оқып, дәптерге көшіріп алу.
● Мен, менің, біздің сөздерге көңіл аудару. Орыс тіліне аудару: мен —я, менің —мой, біздікі — наш )
● Осы сөздерді біз қалай атаймыз?

V. Кестемен жұмыс

Менің, сенің, сіздің, оның сөздердің дұрыс пайдалануын түсіндіремін.

VI. Сабақтың практикалық бөлігі.

Менің, сенің, сіздің, оның сөздермен жұмыс жасау

● сөз алу.
● сөз тіркесті құрастыру.
● сөз тіркеспен сөйлем құрастыру.

Оқушылар асықты лақтырып, қандай ұяшық ашуға анықтайды, ашылған сөзбен сөз тіркесін құрайды, сөз тіркеспен сөйлем құрайды.

VII. Сергіту сәті.

VIII Алдын анықтамалық тапсырма. «Бұзау» мәтініне көрініс көрсету
Екі оқушы көріністі дайындап көрсетеді

сұрақтарға жауап беру:

● сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?
● сол жануарлардың төлдерін білесіңдер ме?
● тындап, мұғалімнің сонынан қайталау.
(қозы, құлын, лақ, торай, бұзау, балапан)

IХ. «Фермада» видеофильмді көру

Видеофильм интерактивті тақтамен көрсетілді. Ол жақсы әсер қалдырды. Оқушылар жануарларды олардың төлдерімен бірге көрді.

IХ. «Кімде кім?» тапсырманы орындау.

Оқушылар тақтаға шығып, төлдердің аттарын жазып, сөйлем құрастырады.

Х. Бекіту

1. Сөйлемдерді оқып, есімдіктерді табу. Біздің сынып жарық. Сенің ағаң өте ақылды. Менің партам таза. Оның ауылы қаланың қасында. Ауылда менің атам мен әжем тұрады.

ХI. Бағалау

ХII. Үй жұмысы: мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.

Үлгі бойынша диалог құрастыру.

Категория: