Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділердің көптүрлілігі, маңызы
Ергалиева Алия Бисегалиевна учитель биологии, стаж 28 лет, высшая категория. Средняя школа «Көктем» п. Индер Атырауской области |
Мұғалімнің аты-жөні |
Ергалиева Алия Бисегалиевна |
«Көктем» қазақ орта мектебі |
||||||||||
7 сынып |
Күні |
№ 45 сабақ |
||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (құрбақа, көл бақасы, шұбар бақа, тоған бақасы) қосмекенділер. Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қосмекенділерді қорғау. |
|||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Топпен жұмыстарды ұйымдастыру, оқушылардың қосмекенділер туралы түсініктерін одан әрі дамыту. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, сөйлеу дағдысының қалыптасуына ықпал жасау. Оқушылардың танымдық тапсырмаларды орындауын жүзеге асыру. |
|||||||||||
Оқу нәтижелері |
Қосмекенділер класының қандай отрядқа бөлінетіндігін, түрлерін және олардың маңызын білетін болады. Тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарды қолдану дағдысы қалыптасады. . |
|||||||||||
Негізгі идеялар |
Өз бетінше ізденуге дағдыландыру. Жаңа материалды оқу барысында қосмекенділердің алуан түрлерімен таныстыра отырып дүниетанымын кеңейту. Қосмекенділердің маңызын біле отырып, қорғау шараларына атсалысуға шақыру. |
|||||||||||
Сілтеме |
1. Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық Алматы «Атамұра», 2012 2. С.П.Наумов. Зоология позвоночных Москва «Просвещение»,1982 3. М.Ф.Березина и др. Мир животных. Современная школьная энциклопедия Москва. ЗАО «Росмэн пресс», 2009 |
|||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ әдебиеті, география, тарих |
|||||||||||
|
||||||||||||
Сабақ кезеңдері |
Әдіс-тәсілдер |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
||||||||
Ұйымдастыру |
Топқа бөлу «Мені таны» ойыны |
Оқушымен амандасып, түгендейді. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызып, назарын сабаққа аударады, омыртқалылардың кластары бойынша топқа бөлінуді ұсынады
|
Сәлемдеседі. Құралдарын дайындайды. Берілген суреттегі жануарлардың қай класқа жататынын анықтай отырып топтарға бөлінеді. Топ мүшелері қызметтерін бөліседі. |
Суреттер. Стикерлер |
||||||||
Сергіту сәті |
|
|||||||||||
Үй тапсырмасы
|
Сұрақ-жауап
Өзін-өзі бағалау |
1. Интерактивті тақтадан сұрақтарды ашады Қосмекенділерді зерттейтін ғылым: (батрахология). Қазақстанның Қызыл кітабына енген қосмекенділердің түрлерін атаңдар: (даната құрбақасы, қызылаяқ бақа, жетісулық бақатіс) Мойын омыртқасының саны: (1). Жүрегі неше қуысты? (3). Қосмекенділерде алғаш рет пайда болған қан айналым шеңбері: (өкпелік немесе кіші) Қосмекенділерде алғаш пайда болған құлақ қуысы: (ортаңғы). Дернәсілінің атауы: (итшабақ немесе шөмішбалық) Миының қай бөлігі жақсы дамыған? (ортаңғы). Артқы аяқтарындағы саусақ саны: (5). Қажетсіз заттарды шығаруға не қатысады? (клоака) |
Сұрақтарға жауап қайтарады. Жауаптарын интерактивті тақта арқылы өздері тексереді. Өздерін бағалайды |
Оқулық, интерактивті тақта |
||||||||
|
СТО Венн диаграммасы |
2. Балықтар мен қосмекенділерді салыстыруды ұсынады |
Жауаптарын топ ішінде талқылап алып, тақтаға жазады |
Оқулық, интерактивті тақта |
||||||||
3 топ кестенің 3 бөлігін толтырады
|
||||||||||||
Негізгі бөлім Білу
|
«Миға шабуыл» Ой қозғау
Топтық жұмыс
|
Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға, мазмұнын меңгеруге бағыттайды. Топтарға тапсырмалар береді. 1.Қосмекенділердің отрядтары туралы білу |
Сұраққа жауап бере отырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.
Оқулықтан мәтінмен жұмыс жасайды, мәтінді оқып, меңгеріп, талдайды, постер қорғайды |
Оқулық Флипчарт
Стикер, маркерлер |
||||||||
|
Әр топ қосмекенділердің отрядтары бойынша жұмыс жасайды. Кесте толтырады:
|
Интерактивті тақта
|
||||||||||
Түсіну |
«Кім тапқыр». Ойлан-жұптас-бөліс |
Танымдық сұрақтарды талдауды ұсынады, оқушылардың жауабын тыңдайды, толықтырады |
Сұрақтардың жауабын жұппен, топта талқылайды, жауап береді |
Интерактивті тақта слайдтары |
||||||||
І топқа 1. Қосмекенділер суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты осылай аталған болатын. Олар қайсысына жақынырақ: құрлыққа ма, суға ма? (Аяғының, терісінің, тыныс алу мүшелерінің құрылысы қосмекенділердің суда да, құрлықта да тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Бірақ көбею үшін міндетті түрде су қоймалар керек. Қосмекенділер кездесетін құрлықта да ылғал болу керек. Сондықтан да қосмекенділер суға жақынырақ болады.) ІІ топқа 2. Бақаның терісі ылғалды, сілемейлі қабықшамен қапталған. Бақа терісінің ылғалды болуының маңызы неде? (Өйткені бақа терісімен тыныс алады. Бақа денесіндегі сілемейлі қабықша судың булануын тежеп, ылғалды ұстап тұрады.) ІІІ топқа 3. Бақалар ұзақ уақыт судың түбінде бола алады. Неліктен олар тұншықпайды? (Терісімен тыныс алудың нәтижесінде) |
||||||||||||
Бекіту бөлімі Қолдану
|
СТО Диалог
Деңгейлік тапсырмалар
|
1. Мүшелер жүйесін сипаттауға тапсырма береді. І-топ Ас қорыту жүйесі ІІ-топ Тірек-қимыл жүйесі ІІІ-топ Қан айналым жүйесі 2. Тест сұрақтарын жеке парақшамен әр оқушыға ұсынады |
Тақырып бойынша білімдерін толықтырады
Тапсырманы орындап, кейін парақшаларын ауыстырып бірін бірі тексереді. |
Оқулық Интерактивті тақта слайдтары
Интерактивті тақта слайдтары |
||||||||
1. Ең алғаш қосмекенділерде пайда болған, өзектері ауыз қуысына ашылатын без: А) ұйқыбез В) сілекей С) тіс безі 2. Қанайналымның үлкен шеңбері жүректің қай бөлімінде аяқталады? А) сол жақ құлақшада В) қарыншада С) оң жақ құлақшада 3. Омыртқа жотасы: А) мойын, тұлға, сегізкөз, құйрық 4. Дернәсілінің тыныс алу мүшесі: А) желбезек В) өкпе С) өкпе, тері 5. Дернәсілінде алғаш пайда болатын аяқтары: А) артқы В) алдыңғы С) ортаңғы 6. Дернәсілінің жүрегі неше қуысты? А) 1 В) С) 3 7. Бақалар терісінің ерекшелігі: А) мүйізді қабыршақпен қапталған 8. Сегізкөз омыртқасының саны: А) 1 В) 2 С) 3 9. Саусақтардың арасындағы терілі жарғақ көмектеседі: А) жүзуге В) жүруге С) секіруге 10. Іштей ұрықтанатын түрлері: А) көлбақа В) сақиналы құртпошым С) бақатіс Жауабы: 1-в, 2-с, 3-а, 4-а, 5-а, 6-в, 7-с, 8-а, 9-а, 10-в |
||||||||||||
Талдау |
Жеке жұмыс |
Оқушылар шығармашылығына кезек береді |
Өздері үйден дайындап келген жұмыстарымен таныстырады, оқулыққа қосымша жекелеген түрлерді сипаттайды. |
Интерактивті тақта слайдтары |
||||||||
Қорытынды |
Ұжымдық жұмыс |
«Қосмекенділердің пайдасы» кестесін толтыруды ұсынады |
Мұғалімнің көмегімен кестені толтырады |
Интерактивті тақта. Оқушы дәптері |
||||||||
|
||||||||||||
Бағалау |
Формативті бағалау «Бағдар-шам» |
Табыс критерийлерін ұсынады |
Өзін-өзі, өзара бағалайды. |
Бағалау парағы |
||||||||
Үйге тапсырма |
|
Тапсырманың орындалу тәртібін түсіндіру |
Күнделігіне тапсырманы жазады |
Оқулық |
||||||||
Рефлексия |
Не үйрендім? Не білгім келеді? Кері байланыс жасайды. |
- 32634 просмотра