Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер
Шалдыбаева Салтанат Казымбековна директор школы, учитель казахского языка и литературы. Стаж работы 18 лет, I категория. КГУ «Средняя школа № 3» города Лисаковска |
Сабақтың мақсаты:
1. Мақал мен мәтел туралы түсінік беру, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін меңгерту.
2. Деңгейлік тапсырмалар, жаттығулар арқылы ойлау қабілеттерін, пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, тиянақты болуға үйрету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы деңгейлік тапсырмалар, нақыл сөздер
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын түгендеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру; ережені жатқа айту, мысал келтіру, жаттығудың орындауларын. тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
1.Қызығушылықты ояту, ой қозғау, тақырыпты анықтау.
• адам ойын, тілін дамыту үшін не істеу керек?
• мақал-мәтелдердің қандай пайдасы бар?
• Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Интерактивті тақта арқылы көрсету:
2. Мақал-мәтелдердің негізгі белгілері:
• қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады.
• белгілі бір тұжырым, түйінді береді.
• өсиет, ақыл мақсатында айтылып, жақсылыққа, еңбекке, ерлікке, адамгершілікке үндейді.
• әр сөздің орны тұрақты болады, сөздердің орнын ауыстыруға, басқа сөзбен алмастыруға болмайды.
3. Мақал мен мәтел айырмашылығын анықтау:
№ |
Мақал |
Мәтел |
1 |
Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді. Әке – асқар тау, шеше – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ. |
Көбіне бір бөлімді болып келеді. Суға кеткен тал қармайды. |
2 |
Ой неғұрлым ашық айтылады, тура мағынада ұсынылады. Батыр туса-ел ырысы, Жаңбыр жауса-жер ырысы. |
Ой, мағына ишара, тұспал түрінде беріледі. Көп түкірсе – көл. |
3. |
Ақыл, өсиет түрінде келеді. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. |
Көбіне эмоциялық реңк басым болады. Қызым, саған айтам, келінім сен тыңда. |
4 |
Себебі мен салдары (нәтижесі) қатар айтылады Қорқақты көп қусаң, батыр болады. |
Істің салдары айтылып, себебі айтылмайды. Дария жанынан құдық қазба. |
5 |
Көбінесе құрмалас сөйлем болады. |
Жай сөйлем болады. |
ІҮ.Сергіту кезеңін өткізу
4. Деңгейлік тапсырмалар:
1-деңгей: Берілген мақал-мәтелдерді аяқта, мағынасын түсіндір.
1. Еңбек түбі —...,
2. ... сомың болғаншы, ... досың болсын.
3. Көз —..., қол — ...
4. Баланы..., әйелді ...
2-деңгей: Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, асты сызылған сөздердің синонимін табыңдар.
1. Өнерлі жігіт өрге озар, Өнерсіз жігіт жер соғар.
2. Ақылды адам айтқызбай біледі. Ақ сұңқар қаққызбай іледі.
3. Өтірік сөз-өрге баспас.
3-деңгей: Антоним сөздері бар мақал — мәтелдерді жазыңдар.
Кең дүниенің керегі жоқ, аяғындағы киімің тар болса.
Ащы мен тұщыны татқан білер, жақсы мен жаманды жортқан білер.
Ү. Қорытынды
— Мақал-мәтелдер туралы не білдік?
— мақал мен мәтел айырмашылығы?
— тәрбиелік мәні неде?
— мақал-мәтел сөздерінің орнын ауыстыруға бола ма?
Соңғы сұрақты оқушылар құрастырады.
ҮІ. Үйге тапсырма ереже, 128—жаттығу
ҮІІ. Бағалау
- 24737 просмотров