Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Бастауыш сыныптапрында қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану әдістемесі

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Павлодар облысы Ақсу қаласы № 7 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі Ғайни Амангелдіқызы Сейльханова

Бастауыш сыныптапрында қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану әдістемесі

Орта білім беретін оқу мекемелеріндегі оқушыларға «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты білім мазмұнын ізгілендіру, мәдени-тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді таныту, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, тілдік қорын одан әрі байыту.

Егемен еліміздегі қоғамдық дамудың өзгеруіне байланысты білім мазмұны мен оның әдістемелік жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Жаңа дәуірдің оқушыларына құрылымы да, мазмұны да, әдістемелік жүйесі де қайта қаралып, жүзеге асырылуда. Білім мазмұны бұрынғыдай пәндік білім жиынтығымен емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде ұлттық санасы жоғары, жан-жақты білімді, оймен әрекет жасай алатын, шығармашылық қабілеті қалыптасқан өркениетті қоғамға лайық алдыңғы қатарлы жеке тұлға тәрбиелеуге бағытталады. Соған орай «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын жаңартудың басты бағыты білім беруді ізгілендіру, оқу-тәрбие процесін қоғамдық-әлеуметтік талаптарға сай жүргізу және оқу-шығармашылық әрекеттер негізінде тұлғаны тәрбиелеу мен дамытуға негізделеді.

Орта білім беретін оқу мекемелеріндегі оқитын оқушылар келешегінің, қандай болмағы, әсіресе, қазақ тілі пәні мұғалімдерінің білім, тәрбие беруде қазіргі уақыт талабына сай дәрежеде шығармашылықпен еңбек етуіне тікелей байлынысты.

Қазіргі уақытта әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған білім берудің жаңа жүйесі құрылуда. Осыған байланысты оқу процесін ұйымдастыруда күрделі өзгерістер болып жатыр. Біріншіден, ақпарат берудің дәстүрлі әдісі — ауызша және жазбаша баяндау, телефонды және радио байланысы арқылы оқыту компьютерлі құралдарына, глобальды масштабтағы телекоммуникациялық желілерді пайдалануға орын беріп отыр.

Екіншіден, педагогикалық процестің маңызды құрамдас бөлігі — мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы, олардың оқу процессіндегі рөлі өзгерді. Үшіншіден, тұлғаны рухани және өнегелі тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл міндеттерді шешу білім беруді технологиялау мәселесімен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта «педагогикалық технологияның» жаңа түсінігі енгізілуде. Педагогикалық технологиялар оқушылардың назарын жекелеген фактілерді, құбылыстарды зерттеуге емес, ақпаратпен жұмыс жасау тәсілдерін игеруге, өзіндік позицияны қалыптастыруға бағыттап отыр.

Жоғарыда аталған мақсаттарды жүзеге асыру, қазіргі педагогикалық технологияларды игеруі мұғалімнің сапалы әдістемелік дайындығы жағдайында ғана мүмкін болады.

Орта білім беретін оқу мекемелерінің талап мүддесіне сай білім беру құрылымын жетілдіру, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен формаларын енгізу — мұғалімге бұрын соңды болмаған жауапкершілікті жүктейді.

Соңғы жылдары педагогиқалық кеңістікте көптеген жаңа ілімдер мен әдістер бой көрсетуде. Солардың қатарында «Сыни тұрғыдан ойлауды жазу мен оқу арқылы дамыту» атты бағдарлама. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз, зерттеу объектісіне шығармашылық тұрғыдан қарау деген ұғым.

Біздің мақсатымыз оқушылардың білім — білік дағдыларын және сондай-ақ танымдық — іздендіруші белсенділіктерін арттыру.

Сондықтан да өз сабақтарымызда қазіргі заманымызға сай жаңа инновациялық, интерактивтік әдістерді пайдалануға тырысамыз. Әсіресе ақпараттық, сыни тұрғыда, ұжымдық оқыту т. б. жаңа технологияларға байланысты әдістерді пайдаланамыз.

Осы әдістерді пайдалана отырып, оқушыларды шығармалардың идеялық мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландырамыэ. Жеке топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіреміэ және еске түсіру, еске сақтау қабілеттерін жетілдіреміэ.

Бұл бағытта мектепте қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту бағытында жаңа технологияларды қолдану, оқытушылардың өзара әдістемелік жұмыстарын жақсарту үшін арнайы жабдықталған жұмыс орны (компьютерлік) дәрісханалары жұмыс істейді. Мен өз сабақтарымды қазақ тілі пәніне арналған осы арнайы жабдықталған кабинетінде өткіземін. Қазақ тілі сабақтарында көбіне ақпараттық оқыту әдістерін пайдаланамын.

Қорыта айтқанда, әр сабақтың құрылысы алдымен меңгерілетіні, үйретілетіні оқу материалының ішкі логикалық жүйесіне сүйену арқылы ғана анықталады.

Екіншіден, қазіргі сабақтың негізгі бағыты, сабақ үстінде оқушының өз бетімен істейтін жұмысының салмағын арттыру. Олай болса оқушыларды оқулықпен жұмыстануға үйретуге мұғалім ең алдымен көңіл бөлуі керек.

Сонымен бірге білім мазмұнын жаңартудың негізгі өткендегі мәдени рухани құндылықтарды тірек ете отырып, оқушылар санасында елінің, жерінің өміріндегі тарихи тамырластық сезімін орнықтыру, оларды ізгілік, имандылық, махаббатқа берік болуға, азаматтық үлгі — өнегелерді оқушы бойына сіңіру яғни бүкіл азаматқа деген гуманистік сана қалыптастыру қажет деген идеяға да негізделеді. Осы орайда қазақ тілі пәнінің орны ерекше. Сондықтан бұл пәннің әдістемелік жүйесі қоғамдық сұраныс пен әлеуметтік талап тұрғысынан әрдайым жаңартуды талап етеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Зимняя И. А. Педагогикалық психология. Алматы — 2005.
Педагогика, Оқулық. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының ұжымы, — Алматы, 2005. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. — А., 1991.
Иванова Н., Қозғамбаева М. Оқыту процесінің мәні. — Алматы, 1991.

Категория: