IX международный творческий конкурс «Поклонимся Великим тем годам!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана и стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Ресурстық орталықтағы сессия жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жайлы

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Мухашева Р.М. — директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені» КММ «АЛЬЯНС» РО Тірек мектебі

Мухашева Р.М.

Қазіргі кезде барлық қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті әлемдік стандарттар талабына сай келетін сапалы білім алуы ерекше өзектілікке ие болып отыр. Әрбір азаматттың денсаулығы және білім деңгейімен мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтағы орны айқындалмақ. Ауыл мектептеріндегі білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттік саясат толыққанды білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталып, яғни, шағын жинақты мектептердің кадрлық потенциалы, ақпараттандырылуы, материалдық-техникалық базасы нығайтыла отырып, қала мен ауыл баласының білім сапасындағы айырмашылықтарды жою мәселесі нақты қолға алынуда. Бірақ, ауыл мектептеріндегі оқушылар контингенті санының азаюына байланысты баланы толық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етудің мүмкіндіктері шектеліп отыр. Бұл білім сапасына ықпал ететін үлкен проблемалардың бірі болып табылады, сондықтан оны шешудің жолдары үнемі қарастырылып келеді. Ауылдық жердегі мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру және жаңа білім беру мазмұнына өтуге дайындық ретінде бейіндік оқытуды енгізу мәселелелерін шешудің бір жолы ретінде Ресурстық орталықтар ұйымдастыру қолға алынып отыр. Кейінгі жылдары ресурстық орталық жүйесіне енетін тірек және магниттік мектептер жүйесі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен толықтырылып, жалпы орта білім берудегі барлық сатылар арасындағы үздіксіз білім беру және сабақтастық принципі жүзеге асырылуда. Бұл жүйе арқылы мектептердің ресурстарын біріктіру, жалпы оқу жоспарын жүзеге асыру арқылы тұлғалық-әрекеттік, құзыреттілік, денсаулықтты сақтау технологияларын ұстана отырып, бағдарламаның тек базалық, бейіндік пәндер немесе таңдау курстары жүзеге асырылып қана қоймайды, сонымен қатар, оқу-зерттеушілік жұмыстары мен қосымша сабақтар шығармашылық зертханаларында, оқу шеберханаларында, студиялар мен клубтарда ұйымдастырылады.

Жоғарыда аталған проблемаларды шешу жолында Ресурстық орталық білім беру жүйесі қазіргі кездегі нәтижеге бағытталған білім беру бағытында жүзеге асырылып отырған анағұрлым үнемді механизм болып табылады.

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені» КММ базасында 2001 жылы құрылған «Альянс» ресурстық орталығы жұмыс жасап келеді. Орталық кешеннің базасындағы тірек мектебі және одан 30-120 шақырымда орналасқан үш шағын жинақты магниттік мектептердің материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік, мамандар ресурстарын біріктіріп, педагогикалық ынтымақтастыққа тартады.

Ресурстық орталықтың мақсаты — базалық және бейіндік оқытуды толық дерлік жүзеге асыру, ауыл мектебі балаларының қабілеттері мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін, бейімділігін ескере отырып, сапалы біліммен қамтамасыз ету; кең ауқымды ақпаратпен жұмыс жасай білуге дайын, өз білімін жүзеге асыра алатын құзырлы бітірушіні даярлау болып табылады.

Негізгі мақсат ауыл мектептеріндегі білім сапасын көтеру болғандықтан оқытуды тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сессия жұмысының қандай деңгейде өткенін зерттеп, оның қорытындысы бойынша шешім қабылдау үшін оқыту блогының мониторингі жұмыс жасап, оқушының білім алу барысындағы жетістіктерін жүйелі зерттеп отырады. Білім беру үрдісінде оқу мониторингінің маңызы ерекше. Білім деңгейінің диагностикасы оқушының физикалық, психологиялық, рухани, адамгершілік дамуын зерттейтін зерттеу үшін құрылған жан-жақты медико-психолого-педагогикалық мониторингтің құрамдас бөлігі болып табылады. Әрбір сессия кезінде оқу сабақтары, қосымша білім және тәрбие жұмыстары, яғни, дамыту блоктары өз алдына жеке жоспарланады.

Мониторинг бағдарламасы бағыттау, оқу сессиясы, қорытынды сессия жұмысының бағдарламалық мақсаты мен міндеттеріне сәйкес дайындалады. Диагностикалаудың тестілеу, сабақ барысындағы бақылау, талдау және қорытындылау әдістері қолданылады.

Оқыту сессиясы баланың біліміндегі айғақ кемшіліктерді жоюға бағытталған. Сондықтан жұмыс қолданбалы, зертханалық-тәжірибелік сабақтар, өз бетімен жұмыс жасау және талдау сипатында және өз бетімен білім алу, әлеуметтік және өзін-өзі кәсіби тану бағытындағы негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру бағытында ұйымдастырылады.

Магниттік мектептен келген балалардан Тірек мектебіндегі оқушылармен бірге микротоптор құрылады, оқушы жаңа ортаға бейімделеді, бірлесе жоспарлау, пікір алмасу жұмыстары жүреді. Сессияаралық кезеңдегі теориялық білімді практика түрінде бекітуге арналған блоктар өткізіледі. Бала мұғалімнің басшылығымен тек тәжірибе жасап қана қоймай, өз бетімен жұмыс жасауына, дағдысын қалыптастыруға, талдап-қорытындылауы үшін мұндай сабақтар екі сағатқа жоспарланады. Зертханалық жұмыстар баланың қызығушылығын арттырады және біздер үшін өзекті нәрсе. Бұрын ауыл балалары тек гуманитарлық бағытты ғана таңдаса, кейінгі 3-4 жылда басым көпшілігі химия, физика, биология пәндерін таңдауда. Базалық және бейіндік пәндер бойынша мұғалімнің ұсынысы, оқушының талап-тілегіне сәйкес (математика, тіл, тарих) қосымша сабақтар қойылады. Соңғы сабақтар әрқашанда бейіндік пәндерге беріледі. Онда барлық мектептен жиналған оқушылар таңдаған пәндері бойынша бірлесе жұмыс жасайды.

Сессия барысында кіріс-шығыс, жалпы және жеке бақылау т.б. жұмыстар жүргізіледі. Олар:

  • күн сайын әр пән бойынша оқушының білім дәрежесін бақылау;
  • мақсат пен нәтиженің айырмасы арқылы білім дәрежесінің өсу динамикасын айқындау;
  • қиындық туғызатын аймақтардың қаншалықты азайғанын қадағалау және соған байланысты сессия аралық кезеңге технологиялық карта дайындау.

Әрине, сессия кезінде оқушының білім сапасын анықтау мүмкін емес. Сондықтан осы жұмыстарды жүйелі бірізділікпен жүргізу үшін жан-жақты бағалау технологиясын — Блум мен Симоновтың әдістемелерін қолданып отырмыз. Онда оқушының білім дәрежесінің білу, түсіну сияқты қарапайым деңгейін ғана қарастырмай, оның қолдану, анализ, синтез деңгейлеріне көбірек көңіл бөлеміз. Деңгейлік әдістеменің әр көрсеткішінен әрбір пән ерекшелігіне лайықты параметрлер қарастырылған. Мысалы, гуманитарлық пәндер бойынша «аудиожұмыс», «сөз стилі», «терминдер»; жаратылыс тану-математикалық бағыттан «формула білу», «есеп шығару» және жалпылама мини-жобалар енгізілген. Осындай бақылау-диагностикалық жұмыстар арқасында білім деңгейінің өсу динамикасының картасын құрып қана қоймай, баланың гуманитарлық немесе техникалық бағытқа ыңғайлы екенін де бірден байқауға болады.

Сөйтіп, оқыту барысындағы жан-жақты зерттеу сессия кезіндегі қиындық туғызған аймақтарды анықтап, технологиялық карта құруға мүмкіндік береді. Картада тек қосымша материалдар ғана емес оған қажетті ақпарат көздері, оқу құралдары, оны орындау және өз бетімен бағалау әдістері енеді. Қысқы сессия қорытындысы бойынша әр оқушы қолына қиындық тудыратын аймақтар бойынша сессия аралық кезеңдегі жұмыс көлемі белгіленген жеке технологиялық карта алады.

Сонымен қатар, базалық және бейіндік компоненттің практикалық бөлімін жүзеге асыру деңгейін жеткілікті дәрежеге жеткізу және бейіндік және қолданбалы курстар бойынша жоба жұмыстарының нәтижесі қарастырылады.

Оқу сессиясының бағдарламасы мен жұмыс жоспары дистанттық жолмен алдын ала жан-жақты даярланған болса, күтілетін нәтижедегі көрсеткіштер толық орындалады және білім дәрежесінің 3-5% артқанын көреміз. Бұл көрсеткіштің мектептегі жалпы білім сапасына игі әсер ететіні сөзсіз.

2010 ж. РО мұғалімдері облыстық білім жетілдіру институтының басшылығымен аймақтық білім беру және білімді дамыту Бағдарламаның басты мақсаты — ауыл мектептеріндегі білім сапасын көтеруге арналаған жағдайлар жасау, базаны жетілдіру болып табылады және шешімі күттірмейтін өзекті мәселелердің біразы жүзеге асқандықтан, биылғы жылы ауыл мектептеріндегі білім беруге қатысты 2014-2016 жж. арналған аймақтық Даму бағдарламасы әзірленуде. Соның ішінде мұғалімнің үздіксіз білімін жетілдіруі мен ақпараттандару ерекше орын алады. Қазіргі мұғалімнің кәсіби өсуінің негізі үздіксіз білім алу, кәсіби- тұлғалық даму және өзін -өзі жетілдіру болып табылады. Үздіксіз білім алуды жүйелі біліктілік көтеру қамтамасыз етеді. Мұғалімнің кәсіби іс —қызметін жетілдіруде ресурстық орталық әдістемелік қызметінің маңызы зор. Бүгінгі таңда білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілік сияқты мәселелелер мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін негізін құрап отыр. Ресурстық орталықтардың педагогикалық үрдісін ақпараттандыру және материалдық —техникалық базасын дамыту ауылдық жердегі балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік жасап, қаламен ауыл арасындағы айырмашылықты жоюға көмектеседі. Кең жолақты жоғары жылдамдықты интернеті бар мектептерде қашықтықтан оқыту курстары, он-лайн семинарлар арқылы білімдерін жетілдіруде және олардың интернет-фестиваль, интернет-конкурс пен педагогикалық жобаларға қатысуға шалғайда орналасқан ауыл мектептерінде мүмкіндіктер туды.

Мұнда мектептің медико-психологиялық сауықтандыру орталығының бала денсаулығы, оның жеке басының даму ерекшеліктері мен профильдік таңдау бағыттарын анықтауда, денсаулық сақтау технологияларын жүзеге асыруда алатын орны ерекше. Әсіресе, қолданбалы және бейіндік пәндерден ұйымдастырылатын интеллектуалдық клуб, шығармашылық зертханалар, оқу шеберханалары, студиядағы жұмыстар, оқушылардың әр бағыттан қорғайтын жеке жобалары баланың нәтижеге бағытталған білім алуын ұйымдастыруға, өзара қарым-қатынаста коммуникативтік қасиеттерінің дамытуға үлкен көмек етеді.

Жоғарыда көрсетілген аспектілер жыл сайынғы кешенді бағдарлама мен оқу—тәрбие іс-жоспарының негізгі мазмұнын құратын басты мәселелер болып табылады.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының түбегейлі жаңа бағыты «e-learning» электрондық оқыту жүйесі болып саналады. Бұл жоба бойынша Ресурстық орталықтың тірек мектебінің мұғалімдері жұмыс істей бастады және оған магниттік мектеп мұғалімдері де тартылуда. Жобаны іске асыру барысында оқу материалдарын меңгеру деңгейі артады, білім беру ұйымдарындағы бақылау, сараптау және басқару орталықтандырылады. Барлық сандық ресурстар оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға қолжетімді болса, қала мен ауыл арасындағы білім беруді ұйымдастыру жағдайындағы теңсіздік жойылады деп күтілуде.

Биылғы оқу жылының өзгешелігі — бұл оқытудың түбегейлі жаңа сапасына қол жеткізу мәселесіне баса назар аудару. Ойлай білуді және білім ала білуді дамыту — бүгінгі таңда әр адамға белсенді өмірінің әр күніне ауадай қажет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. ҚР білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік Бағдарламасы, 2010 ж.
2. ҚР шағын жинақты мектепті дамытудың 2010-2020 жж. арналған Тұжырымдамасы, 2010 ж.
3. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, 2012 ж.
4. Ресурстық орталықты дамытудың Бағдарламасы, 2010 ж.
5. Инновационный образовательный проект Ресурсного центра, Караганды, 2004 г.