Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Ақтөбе қаласы Пригород орта мектебінің жоғары санатты бастауыш класс мұғалімі Мулдашева Карылгаш Кабиевна

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Пәні: Математика.

I. Сабақтың тақырыбы: Қайталау

II. Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тиянақтау.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, дағдысын қалыптастыру.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

III. Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, «Шалқан» ертегісі, компьютер, интерактивті тақта, сөзжұмбақтар, музыка

IV. Сабақтың әдісі: Ертегі, шығармашылық, логикалық ойлау, диктант, топтық жұмыс

V. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

VI. Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка

VII. Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, көңілін сабаққа аудару.

• Психологиялық дайындық.

Мынау менің жүрегім,
Осыдан бәрі басталады.
Мынау менің басым,
Осы бәрін басқарады.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым.
Жалықпаймыз, саспаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

2. Топтарға ат қою

Математикалық жұмбақ сөздер

(Математикалық сөзжұмбақты шешкенде топтың аты шығады)

I топтың аты — «АЛҒА»

Ұраны: «Алға қарай самғаймыз,
Екілікті алмаймыз»

II топтың аты — «Білім»

Ұраны: «Білімді мыңды жығар,
Білекті бірді жығар»

III топтың аты — «Талап»

Ұраны: «Жас қыранбыз талапты,
Жақсы оқимыз сабақты»

(«Ертегілер әлемі» әнін тыңдату).

— Балалар, бұл қандай ән? — «Ертегілер әлемі» әні.

— Әнді орындап тұрған әншіні танисыздар ма? — Әйгерім Қалаубаева.

— Әнде не туралы айтылған? — Ертегі туралы.

— Балалар, сіздер ертегі айтқанды жақсы көресіздер ме?

— Қандай ертегі білесіздер?

— Ендеше балалар, біз бүгінгі сабағымызда да ертегі айтамыз.

(Слайдтан көрсету)

3. «Шалқан» ертегісі.

• Баяғыда шал мен кемпір болыпты. Шал шалқан егеді. Оны жаздай суарып, баптап күтеді. Бір күні келіп қараса шалқан дәу болып өседі. Шал шалқанды тартып алмақшы болды. Әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады.

— Ендеше балалар, біз де атайға көмектесейік. Атайдың бізге берген тапсырмасы бар: көркем жазу. Кім әдемі де көркем жазса, сол атайға көмектескен болады.

• Атай енді көмекке кемпірін шақырады. Екеуі шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады.

— Балалар, әжей бізден көмек сұрап тұр. Ол үшін мына математикалық диктантты қатесіз орындап шығуымыз керек.

* 2 мен 7-нің көбейтіндісінің мәнін тап.
* 12 мен 3-тің бөліндісінің мәнін тап.
* 2 санын 8 есе арттыр. Нәтижесін жаз.
* 9 бен 3-тің көбейтіндісінің мәнін тап.
* Бөлінгіш 14, бөлгіш 2. Бөліндінің мәнін тап.
* 4 санын 2 есе арттыр. Нәтижесін жаз.
* 9 бен 0-дің көбейтіндісінің мәнін тап.
* Бірінші көбейткіш 1, екінші көбейткіш 6.
Көбейтіндінің мәнін тап.

• Атай мен әжей көмекке немере қызын шақырды. Үшеуі шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады.

— Балалар, енді біз кімге көмектесеміз? — Немере қызына.

Оқулықпен жұмыс.

— Оқулығымыздың 88-бетіндегі № 3 тапсырманы орындайық.

Салыстыр.

I баған «Алға» тобына
II баған «Талап» тобына
III баған «Білім» тобына

(Әр топтан 1 бала тақтаға орындайды).

• Немере қызы көмекке күшігін шақырды. Олар шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады.

— Балалар, енді біз күшікке көмектесеміз. Ол үшін оқулығымыздағы № 5 тапсырманы орындайық. (Есеп оқылып, талданады).

— Қане, қай топтан кім бірінші шешуін табар екен?

• Күшік көмекке мысықты шақырды. Мияулап мысық келді. Бәрі жабылып шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқан жұлынбады.

— Бізден енді кім көмек сұрайды? — Мысық.

— Ендеше мысықтың тапсырмасын қарайық.

«Жылдам, бірақ қателеспе!»

Уақыты: 1 мин. +29 сек.

2×3         24:3         27:3         7×1
15:3        10:2         5×4          0×4
14:2        5×2         12:4          6:3
0:4          4×3          7×3         9:9
6×2         6:2           5×1         9×1
8:2          2×2          4:4

— «Тексер, сана және бағала!»

22-23 цифр — «3»
24-27 цифр — «4»
28-ден жоғары цифр — «5»

• Мысық көмекке тышқанды шақырды. Шиқылдап тышқан келді. Олар шалқанды әрі тартты, бері тартты, шалқанды жұлып алды.

Олар қуанды.

4. Қорытынды

— Біз де олардың қуанышына ортақ болып, бір-бірімізге қызықты әзіл сұрақтар қояйық.

«Алға» тобы:

1. Дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды.
Ол не? (сабақ)
2. Сабақ соңында не істейміз? (үйге қайтамыз)

«Білім» тобы:

1. Жерден көтеруге оңай, алысқа лақтыруға қиын. Ол не? (мамық)
2. Тек саған ғана тиісті, бірақ өзгелерге емес. (өз есімің)

«Талап» тобы:

1. Бір килограмм темір мен бір килограмм мақтаның қайсысы ауыр? (бірдей)
2. «Күн» мен «түн» немен аяқталады?
(Н әрпімен)

5. Үйге тапсырма

88-бет. № 4 тапсырма.

Сабақты «Ертегілер әлемі» әнімен аяқтау.

Категория: