Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Тақырыбы: «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

Ерменова Данагуль Тюлегеновна учитель казахского языка и литературы первая категория стаж работы 14 лет. ГУ «Боровская средняя школа им. А. Чутаева отдела образования акимата Мендыкаринского района»

6 сынып

Мақсаты:

1. «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» тарихилығын, көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру.
2. Әңгімелерін талдау арқылы өзіндік жұмыс істеуге машықтау, шығармашылықпен жұмысқа жетелеу.
3. Елін, жерін сүюге, жамандық пен жақсылық шегін айыра білге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсіл: мәнерлеп оқу, талдау, салыстыру, іздендіру, анализдеу

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, аудио диск, Қорқыт ата портреті, нақыл сөздер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Кезекшінің мәлімдемесі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Ежелгі дәуір әдебиетін әңгімелеу.

ІІІ. Жаңа сабақ

Ой шақыру.

Оқушыларға Қорқыт күйін тыңдатамын

Қызығушылықты ояту: (Тақтадан қобыздың суреті көрсетіледі)

— Тақтадан не көріп тұрсыңдар?

— Музыкалық аспап.

— Қандай музыкалық аспап?

— Қазақ халқының ұлттық аспабы — қобыз.

— Қобыз туралы не білесіңдер? Қандай аңыз білдіңдер?

(Балалар өздері қобыз туралы не білетіндерін, қандай аңыз оқып келгендері туралы айтып береді).

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт.

Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру

Қорқыт ата — VIII ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін күрескер ретінде айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар.

Мәтінмен жұмыс:

А) сөздік жұмысы:
Желмая — верблюдица
Ажал — смерть
Әуен — музыка, мелодия
Зират — могила
Үздіксіз — непрерывно

Ә) мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы
Б) мәтінді оқушылардың өздерінің оқып шығуы
В) мәтін бойынша әр топқа тапсырма беру. Әрбір топ өз тапсырмалары бойынша мәтіннен керекті үзінділерді тауып, өз сөздерімен әңгімелеп айтып береді

І топ — Қорқыт — ақын

ІІ топ — Қорқыт — күйші

ІІІ топ — Қорқыт — мәңгілік өмірді іздеуші.

Интерактивті тақтамен жұмыс:

Символ-сөздердің астын сыз:

а) өлімді білдіретін сөздерді қара сызықпен;
ә) өмірді білдіретін сөздерді жасыл сызықпен;

Оқушылар сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазып, астын сызады.

Ал, енді әдеби талдауларға көшейік. Күй тыңдалады

«Қорқыт пен ажал»
Қорқыт қашып ажалдан,
Аңыратты қобызын.
Қобызында көп арман —
Тоқсан толғау әдемі үн
Желмаясын желдіртіп,
Ілгері басып келеді.
Күй сарыны — сел тасқын,
Күңірентіп келеді.
Тасы құлап жартастың
Жаңғыртты даланы.
Құйын боп та ұйытқыды,
Ну орманды шулатып,
Дауыл боп та жүйіткиді.
Көл-өзенді тулатып.
Қас қаққанша кенеттен
Баурап бәрін биледі,
Боздағандай беубеулеп,
Жас төгеді күй легі.

Теориялық талдау

Қорыту: Ал енді сабақты қорыту мақсатында тест тапсырмасын орындайық.

Тест

1. Қорқыт ата кім?

а) әнші
ә) күйші
б) домбырашы

2. Қорқыт қандай музыкалық аспап жасады?

а) домбыра
ә) қобыз
б) асатаяқ

3. Қорқыт ата туралы не бар?

а) кино
ә) театр
б) кітап

4. Қорқыт атаның қандай күйлері бар?

а) «Адай»
ә) «Аққу»
б) «Кісен ашқан»

5. Қорқыттың бейіті қай жерде?

а) Алматыда
ә) Қостанайда
б) Қызылордада

6. Қорқыт қандай өмірді аңсайды?

а) мәңгілік
ә) бір күндік
б) бір айлық

Бағалау: тест тапсырмасының нәтижесі бойынша бағалау.

«5» — 5
«4» — 4
«3» — 3
«2» — 1-2

Сонымен балалар біз бүгін кім жайлы сөйлескеңіміз туралы сызбаны толтырайық.

Үйге берілетін тапсырма:

Қорқыт ата туралы аңыздар табу (реферат даярлау)

Категория: