Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

«М.Маметова атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоғары категориялы, педагогикалық өтілі 27 жыл, математика пәні мұғалімі Әлім Райхан Жаманаққызы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Май ауылы

Әлім Райхан Жаманаққызы

Мақсаты:

Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, өз мақсатына жетуге ұмтылуға тәрбиелеу.
Білімділік. Оқушылардың амалдарды орындауда, өрнектерді ықшамдауда, есептеулерде рационал сандарға амалдар қолдану іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Дамытушылық.Оқушылардың ойлау, тыңдау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, білім дағдыларын дамыту. Пәнге қызығушылығын тудыру, ой-өрісін кеңейту, ынтасын арттыру.

Сабақ түрі: ойын сабағы

Сабақ типі: қайталау

Сабақ көрнекілігі: үлестірмелер, кесте, суреттер, фигуралар.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырманы дайын жауаптар бойынша тексеру. Әр дұрыс жауапқа бір әріптен келеді. Табылатын сөз «ЭКСПО-2017»

3. Мақсат қою

«Сиқырлы сандық» — ойыны бойынша жүргізіледі. Сандықшада өтілген тақырып бойынша білуге тиісті сұрақтар жазылған. Оқушылар кезегімен бір сұрақтан жауап береді. Жасырынған сөз «жел диірмен» Әр дұрыс жауап үшін оқушылар фигуралар жинайды. Сабақ соңында өздерінің жинаған фигураларынан жел диірмен құрастырады.

Сұрақтар:

1.Екі теріс санның қосындысы теріс сан ба, оң сан ба?
2.Таңбалары әр түрлі сандарды қалай қосады?
3.Қарама — қарсы сандардың қосындысы неге тең?
4.Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі қандай сан?
5.Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі қандай сан?
6.Екі теріс санның көбейтіндісі неге тең?
7.Таңбалары әр түрлі сандардың бөліндісі қандай сан болады?
8.Санды қандай рационал санға бөлуге болмайды?
9.Нөл санын кез келген нөлден өзге санға бөлгенде неге тең болады?
10.Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары бірдей болса, бөлінді оң сан ба, әлде теріс сан ба?

Смотреть в формате PDFСмотреть в формате PDF

Пайдаланған әдебиеттер:

1. 6 сынып Математика Алдамұратова Т.А.Байшоланов Т.С.
2. Математика және физика журналы 2009 жыл № 6.
3. Қазақ мақал-мәтелдеріАлматы «Қазақстан» 1990 жыл.

Категория: