Бугубаева Гульбаршин Тлеулесовна, учитель казахского языка и литературы, первая категория, ГУ «Раевская средняя школа» Акмолинская область, Шортандинский район, село Раевка |
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс — тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ — жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелесу, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, суретпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер, оқулық, кәртішкелер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.
Сабақтың айдары:
Адам досымен мықты,
Ағаш тамырымен мықты.
— Балалар, бүгін сабағымыз ерекше болмақ, қонақтар келіп отыр, қоршаған ортамен, қонақтармен амандасайық.
— Сәлеметсіз бе, Күннің көзі?!
— Сәлеметсіз бе, Аспан?!
— Сәлеметсіз бе, Жер — Ана?!
— Сәлеметсіз бе қонақтар?!
— Сәлеметсіз бе, мұғалім?!
— Сәлеметсіз бе, достарым?!
— Бүгін кім кезекші? (кезекшілер есебі)
— Қазір қандай жыл мезгілі?
— Ауа райы қандай?
— Көңіл күйлерін қалай?
— Балалар, біз модульді аяқтадық. Өткен модульде қандай тақырып өттік?
— Отбасы және ондағы еңбек.
— Отбасында кімдер бар?
— Ата, әже, әке, шеше, аға, әпке, іні, қарындас, сіңлі.
— Олар кім болып жұмыс істейді?
Сурет бойынша мамандықтарды атау, олар не істейтіні туралы әңгімелеу.
— Күнді жарқыратамыз;
— Күннің шапағын шашамыз;
— Достық әлемінде тапсырмалар орындаймыз;
— Мақал — мәтелдер, өлеңдер оқимыз.
— Балалар, мына жерде бүгінгі сабағымыздың тақырыбы жасырылған, оны ашу үшін Күнді жарқыратайық.
1. «Күнді жарқыратайық!
— Балалар, біз күнді жарқыратайық. Күн — бала сияқты ол ойынды жақсы көреді. Сондықтан, біз «Домино» ойынын ойнаймыз. Біз кәртішкеде сөйлемнің басы болады, екінші кәртішкеде сөйлемнің аяғы болады. Сөйлемдерді жинап, мәтін жасаймыз. Ұмытпаңдар сөйлем бас әріпке басталады, соңына нүкте қойылады.
— Ал, сөйлемдерді кезекпен оқиық.
Қыс мезгілі\ басталды. Қыс айлары: \ желтоқсан, қаңтар, ақпан.\ Қыста күн\ суық.\ Жиі қар\ жауады.\ Боран\ соғады.\ Маған қыс мезгілі\ өте ұнайды.\
— Сендерге қыс мезгілі ұнаса, Күнге де қыс мегілі ұнайды, сондықтан ол жарқырап шықты. Күнде қандай жазу бар? (Достық әлемі).
— Бүгінгі сабақтың тақырыбы — Достық әлемі.
2. «Күн шапағын шашайық»
— Балалар, күн сәулесінің шапағын шашу үшін сұрақтарға жауап берейік.
Сұрақтар:
— Фонетика нені зерттейді?
— Қазақ тілінде неше әріп бар?
— Қазақ тілінде неше белгі бар?
— Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
— Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
— Дауыссыз дыбыстар қандай түрлерге бөлінеді?
— Дауысты дыбыстар қандай түрлерге бөлінеді?
— Буынның неше түрі бар?
— Буын түрлерін ата.
— Үндестік заңы қалай аударылады?
3. — Балалар, достарың көп пе?
— Көп.
— Ендеше, мен сендерді «Достық әлеміне» шақырамын.
4. Жұптық жұмыс
Оқулықтағы диалогты досыңмен оқып шығыңдар, өзара сөйлесіңдер.
5. Топтық жұмыс
— Менің досым қандай? (әдемі, ұзын бойлы, ақылды, пысық, жақсы дос, жақсы оқиды, сұлу, сенімді).
1. Достық туралы мақал — мәтелдер айтайық:
«Көп ақшан болғанша, көп досың болсын».
«Досы жақсының — өзі де жақсы».
«Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
«Досың мың болса да — аз, дұшпаның біреу болса да — көп».
«Жаман жолдастан таяғым артық».
«Күлме досыңа, келер басына».
«Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы».
«Доссыз өмір — тұзсыз ас».
2. Грамматикалық тапсырмалар:
І — топ достық сөзіне фонетикалық талдау жасайды.
ІІ — топ дос сөзін тәуелдейді.
Көңілдерің жақсы болса, аяқтарыңды тарсылдатыңдар.
Мысықтарың болса, басыңды сипа.
Достарың көп болса, қол ұстасыңдар.
Мектепті жақсы көрсеңдер, шапалақ соғыңдар.
Сабақтан рақат алғыларың келсе, белсенді болыңдар.
Әр топ берілген сурет бойынша және сөздікті пайдаланып әңгіме құрастырады.
Оқушылар жаттап келген өлеңдерін оқиды.
— Балалар, біздің елімізде қанша ұлт өкілдері тұрады?
— 130 — дан астам ұлт өкілдері тұрады.
— Осы барлығы ұлт өкілдері біздің елімізде бір — бірімен тату, дос тұрады.
1. Ортақ мекен — жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
2. Отан — туған үйіміз,
Отан — туған жеріміз.
Отан — ортақ үйіиіз,
Отан — көңілді ән, күйіміз.
— Енді достарымызбен бірге бір — біріміздің қолымызды ұстап, «Достық шеңберін» құрайық.
— Кім мектебімді сүйем десе, оң қолын көтерсін.
— Елім тату дегені, сол қолын көтерсін.
— Елімізде көп ұлт достасып тұрады десек, алақан соғайық.
— Кім сыныптасын — досым десе, қол ұстасайық,
— Қолымызды үзбей достық туралы мақалды оқиық.
«Адам досымен мықты,
Ағаш тамырымен мықты».
— Сабағымыз Күндей нұрлы өтті деп ойлаймын. Мен сіздерге қыс мезгіллінің нұрын сыйлаймын. Бұл сәулелердің сыры бар. Ол — баға шапағы. Көк — 5, сары — 4, жасыл — 3.
— Сабақ аяқталды. Көп рахмет! Сау болыңдар!