Девятый Республиканский творческий конкурс «Наурыз — көктем мейрамы» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы»

IV международный творческий конкурс «Весна идёт — весне дорогу!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

 

№ 1 Федоров жалпы орта білім беретін мектебі

Өткізгендер: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шагиева Нурбике Тельмановна және Пернебекова Алтынай Сайпуллакызы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:әңгіме сюжетімен тереңірек танысып, тақырыбы мен жазушының негізгі идеялық мұратын шығармасына сүйене отырып ашу. Кейіпкерлер жүйесін талдауға жаттықтыру.

2.Дамытушылық:оқушыларды өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру,өз ойын анық,толық жеткізе білуге төселдіру.

3.Тәрбиелік: әңгіме арқылы оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіш-тікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау, бекіту сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: Ыбырайдың портреті, шығармалары жинақталған көрме, кестелер.

Сабақтың барысы:

• Ұйымдастыру кезеңі
• Үй тапсырмасын тексеру
• Жаңа сабақ
• Мәтінмен жұмыс
• Деңгейлік тапсырмалар
• Ойын сәті
• Бекіту
• Бағалау
• Үй тапсырмасы

II.Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақта Ы. Алтынсарин туралы айтылды. Енді мына схеманы толықтырайық.

Ы. Алтынсарин туралы не білесіңдер? Ол кім?
Топтастыру әдісі. Оқушылар кластерді толтырады.

Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы» Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы» Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы»

Ыбырай — қазақ әдебиетінде тұңғыш рет балаларға арнап әңгімелер жазған.Әңгіме деген не?Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері неде? Оқушылар өз ойларын жазады.

Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы»

Олай болса әрі қарай оқушылар семантикалық карта толтырады.

Оқиғалар

 Кейіпкерлер іс-әрекеті

Асан

  Үсен

1

Ауылдың көшіп кетуі.

Айқай салып жылай бастады.

Ауылды іздеуге дайындалады.

2

Балалардың үйрекке кез болуы.

«Үйректі тірі алып,ойнап барайық» — дейді.

Қылдан тұзақ есіп,ұяға құрып,үйректі ұстап алуы.

3

Түскі  тамақ.

Үйректі қалай пісіріп жеуді білмей абыржыды.

Мақта мен тастан от тұтандырып,үйректі ұстап алуы.

4

Балық аулау.

Үсеннің айтуымен шегіртке ұстады.

Қармақ жасап бірталай алабұға ұстап алды.

5

Далада өткен түн.

Асан далада жатқанына қарамай,үйдегі қалыбынша қатты ұйықтап қалды.

Үсеннің әкесінің сөздерін есіне түсіріп,түні бойы көз ілмей,от жағып отырады.

6

Балалардың ауылға келуі.

Асан Үсенге еріп отырды.

Үсен әкесінің айтуынша іздерге қарап көлдің жағасында отырған ауылына келді.

Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы»

Тапсырмалар екі қатар орындайды.

І  қатар
Асанға мінездеме:
              
І  қатар
Өлеңдерін атап, жазу  

І  қатар
Тәрбиеге байланысты  
мақал-мәтел   

І  қатар   
Әке, үйрек сөздерінен   
сөз тіркестерін құрау

ІІ  қатар
Үсенге  мінездеме:
              
ІІ қатар
Әңгімелерін атап, жазу

ІІ қатар
Еңбекке    байланысты
мақал-мәтел

ІІ қатар
Қармақ,бала сөздерінен
сөз тіркестерін құрау

Сабақты бекіту сұрақтары:

Тест

1.Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

а/ 1841 ә/ 1842 б/ 1843

2.Ыбырай Алтынсаринді кім тәрбиелеген?

а/ ата-анасы ә/ әжесі б/ атасы

3.Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» қай жылы жарық көрді?

а/ 1878 ә/ 1879 б/ 1880

4.Ыбырай Алтынсарин кім болған?

а/ әңгімеші ә/ педагог б/ драматург

5.«Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы?

а/ Абай ә/ Ахмет б/ Ыбырай

Сабақты бекіту сұрақтары

• Ыбырай Алтынсарин кім?
• Ыбырайды кім бауырына басып тәрбиеледі?
• Ақынның қандай шығармаларымен таныстыңдар?

Бағалау

Үй тапсырмасы.

«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіне байланысты өз пікірлеріңді жазыңдар.

Категория: