Адамның ұлы қасиеті — Отанды қорғау
Х. Бектұрғанов атындағы Мамлют № 3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Темірбекова Майра Касинқызы, екінші санатты, |
Туған жер — адам өмірінде киелі орын алады. Нақ осы жер менің еліммен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әр біріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған елім, туған қалам, мен үшін — ыстық. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат. Қазір бойжеттім, мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше — менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні болашағымын. Адам бойындағы бұл байлық менің ойымша сүйіспеншілік сезімі әлеуметтік, тарихи сатыларда қалыптасқан. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңдігінді ұмытпауың керек. Оған қоса, алда келіп қалған 7–ші мамыр — Қазақстан Қарулы күштерінің құрылған күні. Біз осы мереке туралы ұмытпауымыз керек. Кеңестер одағы біздің Отанымыз болып саналатын. 23-ші ақпанда Кеңестік армия күні мерекеленетін еді, оны ұмытудың қажеті жоқ. Біз өзіміз егемендігімізді алғаннан кейін –7ші мамырды Отан қорғаушылар күні деп атадық. 9-ші мамыр Жеңіс күні ол өз алдына бөлек мереке, оны шатастырмауымыз керек. Ол біздің бабаларымыздың, әкелеріміздің қанымен келген жеңіс, сондықтан 9-ші мамыр ол егеменді еліміздің өсіп-өнген ұрпағына отаншылдық сезімді ояту үшін өте қажет. Отан үшін от кешкен ардагерлер өшпес ерлік көрсетті. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты — ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, біздерге бейбіт өмір орнатып берді.Олардың каһармандық өнегесі бүгінгі жастардың мәңгі есінде қалуы тиіс.
Соғыс жылдан — жылға алыстап бара жатыр. Бірақ, бұл мерекенің бағасы мен маңызы әр адамның жүрегінде сақталған. Көп ұлтты халқымызға ортақ, басты мерекелердің бірі. Отан қорғаушыларды, батырларды еске алу үшін жыл сайын мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоямыз. Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында көздеріне жас алмайтын адам жоқ болар. Соғыс жылдарында ағайын — туыстан, жора — жолдастан айырылып қалған отбасылар, қаншама! Иә, сол соғыс жас, кәрі демей жалмап жатты ғой.
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
Қастерлейді халқымыз қаһарманын,
Жүр есінде сан жорық, сапарларың.
Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,
Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.
Махмұтбай Әміреұлы
Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіріп, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуға көмектеседі. Қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын түсінудеміз. Сондықтан да бұл күнді асыға күтеміз, жабырқай да, қуана еске аламыз, олардың рухына тағзым етеміз.
Бүгінгі Жеңіс жауынгерлері алдында мәңгілік қарыздармыз, сондықтан да біз қолымыздан келгеннің барлығын жасауымыз керек. Азаттық, Бостандық жолында ерлік көрсеткен ата — бабаларымыздың туларын биік ұстау — біздің басты парызымыз, міндетіміз!
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамдық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан қиярлық еңбек ет» — деген.
Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын. Біз, жастар бүгінгі табысымызды нығайта отырып, жаңа асуларға жету үшін көп еңбек етуіміз қажет. Біз оған дайынбыз.
Рецензия
Х.Бектұрғанов атындағы Мамлют № 3 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Еркебұланова Сәттігүл шығарманың тақырыбын ашты. Автор өзінің азаматтық айқындамаларын білдірді, тарихта өткендерді ұмытпайды және өзінің отандастарын мақтан тұтады.
Сөйлем синтаксисталық дұрыс құрылған. Бұл шығарманы Отанды қорғау күніне арналған іс — шараларда, сынып сағаттарында пайдалануға болады.
Х. Бектұрғанов атындағы Мамлют № 3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Темірбекова Майра Касинқызы, екінші санатты.
- 6617 просмотров