Бастауыш сыныптарына арналған қазақ тілі пәнінен сергіту сәттерінің жинағы
Кожантаева Алия Жумабаевна учитель казахского языка и литературы, категория высшая, стаж 24 года. СКО Есильский район с. Амангельдинское |
1. Алғы сөз.................................................................................................3
2. Анотация................................................................................................4
3. Өзектілігі................................................................................................5
4. Мектеп оқушыларына арналған сергіту сәттерінің маңыздылығы..6
5. Сергітулердің түрлері ...........................................................................6
6. Бой жазу сергіту сәттері........................................................................6
7. Саусақ ойындары..................................................................................8
8. Релаксациялық жаттығулар.................................................................12
9. Математикалық есептер мен тақпақтар және жұмбақтар....................43
10. Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................48
Алғы сөз
Ұсынылып отырған әдістемелік құрал орыс мектебінде қазақ тілі пәні бойынша жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарында және мектепалды даярлық топтарында жұмыс істейтін қазақ тілі мұғалімдеріне арналған. Балаларда қазақстандық патриотизм мен азаматтылықты тәрбиелеуде әр қоғамда да ең маңызды факторлардың бірі өз мемлекетінің тіліне деген терең сыйластық сезімі болып табылады. Бала тілді ерте үйренсе, оны меңгеру соғұрлым тезірек болады.
«Сергіту сәттері» оқу-әдістемелік жинағы 1-4 сынып оқушылары мен мектепалды даярлық тобындағы тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін ескере отырылып жасалды.
Қызықты сергітулерді баламен ерте жастан жасауға болады. Осындай қиын емес қозғалыс ойыны кезінде бала ырғақты пен сөз көркемдігін таниды. Қызықты сергітулер — бұл отыру мен көңілді қажет ететін әр түрлі сабақтар арасында қозғалыс жасап, демалуға жақсы мүмкіндік десек те болады.
Физиолог ғалымдардың пікірінше білім беру қызметі балалардан үлкен жүйке күш салуды қажет етеді. Әр түрлі жастағы мектеп оқушыларында тікелей білім беру қызметі кезінде ең маңызды жүктеме көру, есту органдары мен қол және кеуде бұлшықеттеріне түседі. Шаршаудың сыртқы көріністері болып қызығушылық пен көңілдің төмендеуі, есте сақтау қабілетінің азаюы, жұмыс істеудің әлсізденуі болып табылады. Кейбір балалар шаршаған кезде бір-бірлерімен сөйлесіп, керіліп, есіней бастайды. Мұндай әрекеттер кезінде мұғалім тез арада балаларды дем алдырып, сергіту сәтін ұйымдастыруы керек. Бұл әдістемелік құрал бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытатын мұғалімдерге сергіту сәттерінің маңыздылығын түсініп, ұсынылып отырған түрлері.
Балаларды біліммен қаруландырумен қатар олардың дені сау, дене бітімінің көз тоярлықтай болып барлық күшін, шығармашылық қабілетін сарқа жұмсауы керек. Бүгін алдымызда отырған кішкентай бүлдіршін-ертең еліміздің экономикалық қуатын, мәдени және рухани байлығын молайтатын еңбекқор. Сондықтан еліміздің азаматтарын жан-жақты тәрбиелеуге мұғалімнің атқарар еңбегі зор.
Сергіту жаттығулары адам организміндегі физиологиялық процестердің дұрыс жұмыс істеп, бұлшық еттердің жаксы жетілуіне, көңіл-күй, есте сақтау, қабілетінің артуына септігін тигізеді.
Үнемі қимыл қозғалыста болу әсерінен сүйек, сіңір мен тамыр мықты болып, арқанның, қол-аяқтың бұлшық еттері шынығып, табиғи бұлшық ет пайда болады. Сонымен қатар оқу процесінде оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, мәнерлеп оқу, ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу, әр дыбысты толықтай меңгеруге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сергіту жаттығуларының мәні зор.
- 9235 просмотров