Cабақтың тақырыбы: Еуропа елдері. Германия Федеративтік Республикасы
Кариева Гулайым Хангеревна, учитель географии высшей категории, стаж 35 лет, «Средняя школа № 4 города Кандыагаш» Мугалжарский район, Актюбинской области |
Cабақтың тақырыбы: |
Еуропа елдері. Германия Федеративтік Республикасы |
||||||||||||
Жалпы мақсаттар: |
Германияның экономикалық географиялық жағдайының басты ерекшеліктері,табиғат ресурстары,халқы туралы білім беру. Шаруашылығының басты бағыттары және өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының басты ерекшеліктерімен,көлік түрлері мен туризмнің даму деңгейі туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Оқушыларды елжандылыққа,халықаралық ынтымақтастыққа, өзге елдің тұрмыс салтын құрметтеуге тәрбиелеу. Тақырыпты оқи отырып, өзара сөйлеу және оқушы мен мұғалім арасындағы диалогтік іс-әрекетті белсендіру. |
||||||||||||
Оқыту нәтижелері: |
— Оқушылар тақырыпты топпен талқылау арқылы түсіндіреді. — Топпен жұмыс жасауда пікір алысуға, бір-бірінен үйренуге жетелейді. — Өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік. — Өз пікірін дәлелдейді, басқалармен келіседі немесе келіспейді. — Өз іс-әрекетіне рефлективті талдау жасауды үйренеді. — Өзін және өзгені бағалайды. |
||||||||||||
Дереккөздер |
Интерактивті тақта, дүние жүзінің және Еуропаның саяси, экономикалық карталары, атлас карталар, Германия туралы, тапсырмасы бар слайдтар. |
||||||||||||
Теория бойынша:«Білу» (жаңа тақырыпқа негіз болатын тапсырмалар) |
Әр топқа жеке тапсырмалар таратылады, ротация әдісімен. Тапсырмаға жауап жазып болып, келесі топтың тапсырмасына толықтыру жауабын қосады да, жұлдызша санымен бағажапсырады. |
||||||||||||
Теория бойынша: «Түсіну» Не? Қайда? Cебебі? Неліктен? Қанша? cұрақтары арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашады |
1-топқа: Германияның экономикалық жағдайы мен геосаяси жағдайының басты ерекшелігі қандай? Аумағы, мемлекеттік құрылымы туралы айтыңдар. 2-топқа: Германия халқының саны, табиғи өсімі,ұлттық құрамы, діні, орташа тығыздығы,қала халқы,көп ядролы агломерациясы, ауыл халқы, өмір жасының ұзақтығы туралы айту. Неміс халқының тұрмысы және әдет-ғұрпы туралы қосымша не білесіңдер? 3-топқа: Германия қандай табиғат ресурстарына бай? Елдің д.ж. шаруашылықтағы орнын анықтайтын өнеркәсіптің басты салаларын ата. Автомобиль астанасын, химия фирмаларын атаңдар. 4-топқа: Елдің ауыл шаруашылығы құрылымындағы аумақтық айырмашылықтар немен түсіндіріледі? 5-топқа: Германияның көлік жүйесіне тоқтал. Ең дамыған көлік түрі қайсы? Басты авиакомпаниясы, ірі әуежайы. 6-топқа: Германияның сыртқы экономикалық байланыстары туралы, ірі қаржы орталықтарын атау, туризмнің алатын орны. Германия мен Қазақстанның арақатынасын сипаттап беріңдер. Оқулықтағы 2-сызбанұсқаны талдау.
|
||||||||||||
Практика бойынша: «Қолдану» |
Тапсырмалар: кескін картамен жұмыс 1-топқа: кескін картаға Германияның шекаралас елдерін түсіріңдер. 2-топқа: кескін картаға Германияның ірі қала агломерацияларды түсіріңдер. 3-топқа: кескін картаға өнеркәсіп орталықтарын түсіру (қара металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі) 4-топқа: сөйлемдердегі қалып қойған сөздерді, сандарды толықтырыңдар. 5-топқа: кескін картаға елдің ірі портты қалаларын түсіріңдер. 6-топқа: кескін картаға Германияның ірі қаржы орталықтарын түсіріңдер. |
||||||||||||
Сергіту сәті |
Иоганн Себастьян Бахтың бір шығармасы орындалады. Оқушылар көздерін жұмып, Иоганн Вольфгангтың табиғат туралы өлеңін тыңдайды. |
||||||||||||
Теория бойынша: «Талдау» 1.Салыстыр. 2.Ұқсастығы неде? 3.Айырмашылығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз. |
Венн диаграммасы арқылы Германияны өтіп кеткен материал бойынша Азияның жетекші елі Жапониямен салыстырыңдар.
|
||||||||||||
Теориясы: «Жинақтау» (Қорытынды шығаруға бағытталған тапсырмалар) |
Сөзжұмбақты шеш «Германияға саяхат»
|
||||||||||||
Практикасы: «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Өз пікіріңді білдір. Не істер едің? Сияқты тапсырмалар – өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады) |
Тапсырма: Қалай ойлайсыңдар? Осыдан 68 жыл бұрын Екінші дүниежүзілік соғыста немістерді талқандап,Ұлы Жеңіске жеттік. Неге ол елге дұшпанымыз немесе жауымыз деп қарамай, қазір біздер Германия туралы тек достық пейілде ой қозғаудамыз? Германияның қазіргі даму деңгейіне баға беріңдер. |
||||||||||||
Сабақтың нәтижесі: «Өзін-өзі бағалау» |
Рефлексия Әрбір оқушы кестеге жасаған жұмыс түрінен қаншалықты көп білгенін сипаттайтын санды дөңгелетсін.
|
- 10105 просмотров