9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

«Денің сау болсын» атты (серуен кезіндегі негізгі қимыл түрлері)

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

 

Бейсенова Раушан Мейрамовна воспитатель КГКП я/с № 10 «Сказка» г. Экибастуз, Павлодарской области

«Денің сау болсын» атты

Сабақтың мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, ағзаны шыңықтыру, қимылдың негізгі түрлерін дамыту.

Билингвальдік компонент: құрсау — обруч, жалау — Флажок.

Құралдар: құрсаулар, доп, жалау.

Сөздік жұмыс: құрсау, доп.

Шаттық шеңбер:

«Сәлем», — дейміз, — алтын күн,
«Сәлем», — дейміз — жер ана.
«Сәлем», — дейміз баршаңа.

Әңгіме жүргізу:

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— жаз мезгілі.
— сол себепті, міне біздер күннің жылы мезгіліне сай киініп, серуенге шығамыз.

Жаттығу: «Көңілді жалаулар»

1 Үлкен адыммен шеңбер бойында бірінен соң бірі жүру,
Көңілді жалаулар келе жатыр.
Б. м: сапта бірінің артынан бірі жүріп өту.

2 бірінің артынан бірі шеңбер бойымен қолдарына жалау ұстап жүгіру.
— жалаулар желпілдеп келе жатыр.
Б. м: сапта, ара қашықтықты сақтай отырып жүгіру.

Негізгі қимыл түрлері:

1 Құрсаудың ішінен секіріп өту.
Б. м: екпінмен қос қолмен тартылып секіріп шығу.

2 төрт бұрыштың араларынан жүру.
Б. м: Әр төрт бұрышты қозғамай арасынан өту.

3 кішкентай доптарды 50 см арақашықтықта орналасқан нысанаға дәлдеп лақтыру.
Б. м: нысанаға оң қолмен лақтыру.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп — кішкентай ағаштар
Біп — биік боп өседі.

Қимыл ойыны: «Ақ қоян»

Ойын шарты: балалар дөңгеленіп қол ұстасып тұрады, ортада бір бала қоян болады. Балалар барлығы бірлесе қоянды оятуға тырысады.

— Қояным, қояным
Ұйқынан тұршы,
Бет қолынды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашынды тарашы,
Мәсіңді киші,
Көйлегінді киші,
Енді бізді қушы — деп балалар қаша жөнеледі.

Рефлексия:

Балалар біз бүгін не істедік?
Ол не үшін қажет?