«Денің сау болсын» атты (серуен кезіндегі негізгі қимыл түрлері)
Бейсенова Раушан Мейрамовна воспитатель КГКП я/с № 10 «Сказка» г. Экибастуз, Павлодарской области |
Сабақтың мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, ағзаны шыңықтыру, қимылдың негізгі түрлерін дамыту.
Билингвальдік компонент: құрсау — обруч, жалау — Флажок.
Құралдар: құрсаулар, доп, жалау.
Сөздік жұмыс: құрсау, доп.
Шаттық шеңбер:
«Сәлем», — дейміз, — алтын күн,
«Сәлем», — дейміз — жер ана.
«Сәлем», — дейміз баршаңа.
Әңгіме жүргізу:
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— жаз мезгілі.
— сол себепті, міне біздер күннің жылы мезгіліне сай киініп, серуенге шығамыз.
Жаттығу: «Көңілді жалаулар»
1 Үлкен адыммен шеңбер бойында бірінен соң бірі жүру,
Көңілді жалаулар келе жатыр.
Б. м: сапта бірінің артынан бірі жүріп өту.
2 бірінің артынан бірі шеңбер бойымен қолдарына жалау ұстап жүгіру.
— жалаулар желпілдеп келе жатыр.
Б. м: сапта, ара қашықтықты сақтай отырып жүгіру.
Негізгі қимыл түрлері:
1 Құрсаудың ішінен секіріп өту.
Б. м: екпінмен қос қолмен тартылып секіріп шығу.
2 төрт бұрыштың араларынан жүру.
Б. м: Әр төрт бұрышты қозғамай арасынан өту.
3 кішкентай доптарды 50 см арақашықтықта орналасқан нысанаға дәлдеп лақтыру.
Б. м: нысанаға оң қолмен лақтыру.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп — кішкентай ағаштар
Біп — биік боп өседі.
Қимыл ойыны: «Ақ қоян»
Ойын шарты: балалар дөңгеленіп қол ұстасып тұрады, ортада бір бала қоян болады. Балалар барлығы бірлесе қоянды оятуға тырысады.
— Қояным, қояным
Ұйқынан тұршы,
Бет қолынды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашынды тарашы,
Мәсіңді киші,
Көйлегінді киші,
Енді бізді қушы — деп балалар қаша жөнеледі.
Рефлексия:
Балалар біз бүгін не істедік?
Ол не үшін қажет?
- 11771 просмотр