«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Жиенгалиева Раушан Кашкынбаевна воспитатель, 3 года стажа. ГККП ясли-сад «Колосок» акимата Айыртауского района СКО» СКО, Айыртауский район, с.Саумалколь |
Мақсаты: Балаларды жасыл шыршамен таныстырып, жаңа ән айтқызу. Балаларды жасыл шыршадан шеңберде айналтып жүргізу, еркін би билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып, мерекені есте қалатындай етіп көңілді өткізу.
Аяз атаның, Ақшақардың, Пеппаның, Джордждың, Аққаланың, карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым қатынасын ояту.
(Балалар әсем әуенмен кіреді)
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! Міне, біздің ең көңілді, ең сүйікті мерекеміз Жаңа жыл да келіп қалды. Сендерді көңілді ойын-сауықтар, сыйлықтар күтіп тұр.
(Әдемі әуенмен торай Пеппа шығады.)
Пеппа: Бүгін күн қандай ғажап!
Боран соғып тұр! Маған бүгін бір сиқыр болатындай көрініп тұр!
(Шыршаның артынан Джордж шығып, ақырын Пеппаның артына келіп алақанымен көзін жабады.)
Джордж: Мен кіммің?
Пеппа: Мен білемін! Білемін! Бұл Джордж! Менің сүйікті Інім!
(Екеуі кездескенднріне қуанып, құшақтасады.)
Пеппа: Ой! Біреу терезе қағып тұр! Бұл кім болды екен?
(Ортаға Қыс Ханшайымы кіріп келеді.)
Қыс Ханшайымы: Балалар, қонақтар, мені таныдыңдар ма? Мен Қыс Ханшайымымын!
Джордж бен Пеппа: Сіз Қыс Ханшайымысыз ба?
Қыс Ханшайымы: Иә, мен Қыс Ханшайымымын!
Тәрбиеші: Балалар, кәне Қыс Ханшайымға ән айтып берейік
Ән «Аппақ-аппақ жапалақтап»
Ойын «Қар жинау»
Қыс Ханшайымы: Рахмет сендерге, балалар! Өте керемет, жарайсыңдар! Ал енді мен сендермен қоштасамын. Сау болыңдар!
(Қыс Ханшайымы кетеді)
(Ортаға Ақшақар шығады.)
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қарандаршы, қандай әдемі шырша! Бұл әдемі ойыншықтар тізілген шыршаны Аяз Ата орманнан жіберіпті. Ал, балалар, біз Жаңа Жылға арнап әдемі ән айтып берейік!
Ән «Жаңа жыл»
Би «Ұлпақарлар биі» орындалады
Тәрбиеші: Балалар, шыршамыз жанбай тұр. Оны жағу ұшін бізге кім керек?
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата!
(Аяз Ата ортаға келеді.)
Аяз Ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым
Қандай әсем жүздерің
Қандай мөлдір көздерің
Жаңа жыл құтты болсын! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл бақ береке әкелсін.
Балалар, мен сендерге жалғаз келген жоқпын, менімен бірге достарым келді. Жаңа жылда барлығымыз бірге тату болайық.
Балалар, шырша неге жарқырамай тұр?
Тәрбиеші: Аяз Ата шыршаның шамдары жану үшін бізге не істеу керек?
Пеппа: мүмкін қолмен соғамыз? — жарқырамайды.
Джордж: аяқпен тарсылдатамыз? — жарқырамайды.
Пеппа: мүмкін үрлейміз? — жарқырамайды.
Аяз Ата: Сиқырлы сөздерді айту керек.
Бір, екі, үш — шырша жарқыра!
Тәрбиеші: Ал енді Аяз Ата балалармен бірге би билейік
Би «Сылдырмақтар» орындалады
Аяз Ата: Ой, бәрекелді, балақайлар. Жарайсыңдар! Кане, кім маған тақпақ айтып береді?
Илья: Новый год! Новый год!
В гости елочка идет.
Дед Мороз и Снеговик,
Принесут подарки.
Адия: Жаңа Жыл! Жаңа Жыл!
Жаңа Жылда, жаңа жыр.
Кәрім: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса!
Нұрсерік: Аяз Ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
«Аяз Ата» әні орындалады
Тәрбиеші: Аяз Ата, сізді көптен күттік. Қош келдіңіз!
Аяз Ата, бізге сыйлықтарыңыз бар ма?
Аяз Ата: Ой, айналайындарым-ай, сендер білесіңдер ме, мен торт пісіруді үйрендім.
(Пеппа мен Джордж тортты кіргізеді)
(Аяз Ата сыйлықтарды таратады)
Аяз Ата: Мен сендерге өте ризамын. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
- 9205 просмотров