9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Ұрпақ тәрбиесі — ел мұраты

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

 

Бейсенова Раушан Мейрамовна воспитатель КГКП я/с № 10 «Сказка» г. Экибастуз, Павлодарской области

Фото с сайта posobie-expert.ru

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі менің болашағыма себебі тиер деп ойлаймын.

Жас ұрпақ тәрбиесі-адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгінгі де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.

Әдетте, бақыт қуаныштан құралады. Ал бала бақыты бәрінен қымбат деп ойлаймын өзім жас ана болғандықтан. мұндай ел даналығы бар ғой «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, ал онбестен асқан соң досыңдай сырлас» деген парасатты сөз бар.

Оның негізгі мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адам қасиеттерін, тіршілікке қажетті дағдыларын қалыптастыру болып табылды.

«Тәрбие тал бесіктен басталады» — дейді халық.

Тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ. Баланың иманды, қайырымды азамат боп ер жетуі ең алдымен, ата ананың, тәлім- тәрбиесіне, қоршаған ортаның үлгі өнегесіне байланысты. «Ұяда не көрсен, ұшқанда соңы ілесің» деген сөз тегінен тегін айтылмаған.

Бала тәрбиесі- бүгінгі таңның өзекі мәселесі. «Жас бала дегеніміз- ұрығын жарып, жаңа көктеп келе жатқан жас шыбық, ал ұстаз болса жаңа күтуші болған», — деп орыс әдебиетінің сыншысы В. Белинский айтқандай, біздің, яғни ұстаздар қауымның, жас ұрпақ үшін тәрбие мен білім беру үлкен рөл атқарады. «Балаларды тәрбиелеу — еңбек әрі борыш» — дегендей, жас баланы тәрбиелеп, біз болашаққа баспалдақ жасармыз жеткілікті.

Осы міндетті әрине тіл арқылы жүзеге асырамыз.

«Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.

Тәрбиесіз берілген білім-адамның қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі», — деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, білім берудің негізгі саласының бірі-тәрбие.

Қай халықта қай уақытта болмасың, ұрпақ тәрбиесін ұлттық тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс—тәсілдері қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденпаздығы мен шығармашылығымен талап етеді. Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық өылып шығару керек». Иә, Мағжан аталары айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ керек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі -жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артып отыр.

Баланың-тәрбиесі баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсаттары біреу ол- заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.

Балаға айналадағы өмір шыңдығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс тұрысы, еңбек әрекеті-бәрі де үлгі-өнеге. Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді.

Олар айналасындағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі балабақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді. Сонымен жан жақты -жетіледі.

Бала тәрбиесі — өте ерте заманнан бастап адамзатты толғандырып жүрген өмірдің өзекті мәселелерінің бірі. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, ата -ананың аялы алақанына, мейірім — шапағатына бөлінеді, ата- ананың мейірімді жүзі, жылы жүрегі, ыстық құшағынан балаға дүниеге есігі ашылады., оның дүниеге танылып, өмірді білуі осыдан басталады. Баланы болашаө өмірге, белсенді еңбекке даярлауда, оның ақыл ойы, адамгершілік- эстетикалық сезімдерін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда-балаға құрметпен қарау қажет. Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу -ата ананың, тәрбиешінің басты міндеті.

Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, ата-бабаларымыздың салт дәстүрімен сабақтастыра отырып, тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселенің бірі болып есептелінеді.

Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың болашағы ұстаз қолында. осы орайда К. Д. Ушинскийдің пікірінше «Баланы жан жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан жақты білу керек» деген пікірі педогикалық іс-әрекеттің психологиялқ қызметпен тығыз қарым- қатынаста болу керектігін дәлелдеген.

ҚР «Білім туралы» заңында білім берудегі міндеттерінің ішінде ең маңыздылығы баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру және дамыту туралы айтылады. Мемілекетіміз бәсекеге қабілеті 50 елдің қатарына кіру үшін балаларымыз дүниежүзілік білім кеңістігінде өз білімі, қабілеті, еңбекқорлығымен өз орнын табу керек. Міне осы міндетті орындауда жас ұрпаққа, мұғалімдерге, ата-аналарға мектепте жүргізілетін психологиялық қызметтің рөлі зор.

Қазақ халқы отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің алатын орны мен рөлі ерекше. Себебі әке-отбасын асыраушы, оның мүшелерінің тірегі, қамқоршысы және тәлімгері. Әкенің міңез- құлқы өзгелермен қарым-қатынасы, өнері, білімі-баланың көз алдыңдағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Сондықтан қазақта әке туралы өнегелі нақыл сөздер мен мақал—мәтелдер көп. Мысалы, «әке-бәйтерек», «бала жапырақ», «әкеге қарап ұл өсер», «әке балаға үлгі» т. с. с.

Кішкене баланың еліктегіш болатынын білген әке ұл алдында үнемі өзінің жақсы қасиеттерін көрсетуге тырысқан. «Әке болу—бақыт», әкелікті ақтай білу-шың бақыт дегенді ұстанып, өзінің әкелік парызы үлгілі, өнегелі ұрпақ өсіруді армандаған. Сондықтан «Әкеге қарап ұл өсер» деп, баланың алдыңда орынсыз сөйлемеуге, ғайбат сөз айтпауғағ әйелімен, өзгелерімен қатты сөйлеспеуге, үй ішінде орынсыз ың-шың шығармауға барынша тырысқан. Яғни «Мың рет өсиет айтқаннан бір рет өнеге көрсеткенің» артық еткенің ұғынған. Қазіргі кейбір әкелердей ұлының көзінше мас болып, орынсыз әйелімен жанжалдасу ата- бабаларымызға жат қылық.