Сабақтың тақырыбы: Ұлы Отан соғысының Батырлары
Мукажанова Клара Галымовна, учитель казахского языка и литературы, высшая, КГУ «Андреевская средняя школа», село Андреевка |
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы Отан соғысының Батырлары туралы алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, қазақ тілінде еркін сөйлеуге жаттықтыру.
Тәрбиелік: Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Соғыс ардагерлерді құрметтеп, ардақтауға, қаһарман болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, буклет «Ұлы Жеңіске — 70». Батырлар туралы кітаптар көрмесі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Ассоциация жасау:
БЕЙБІТШІЛІК СОҒЫС
Күн сәулесі,қуаныш, ашық аспан, балалар, Жарылыс, өлім, күйген үйлер, көз жасы,
ата-аналар, ту, нан, молшылық, қалалар аш адамдар, аштық, қарулар, жетім балалар.
III. Жаңа сабақ
Сабақтың ұраны: Бейбітшілік жайлай берсін жер үстін, Туы мәңгі желбіресін жеңістің.
1. Сұрақтарға жауап беру:
— Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?
— Биыл Ұлы Жеңістің неше жылдығын тойлаймыз?
— Қазақтың Отан соғысының Батырларын білесіңдер ме?
— Әрине, бұл Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы. Олардың есімдері ел есінде. (слайд)
— Біздің ауылдың Соғыс ардагерлерін білесіңдер ме? (слайд)
2. Оқушылар дайындап келген көрініс:
Жүргізуші:1941 жыл. 22-ші маусым күні таңғы төртте фашистік Германия тұтқиылдан кеңес Одағына соғыс ашты. Соғыстың алғашқы күндері бүкіл халық жан тәнімен өз Отанын қорғауға аттанады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. ( Үнтаспадан «Священная война » әні орындалады)
Мұғалім: Қандай Батыр қалаларды білесіңдер?
(Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Киев, Одесса, Минск, Севастополь, Тула, Брест қамалы, Новороссийск, Керчь)
Жүргізуші: Мәскеу. Неміс армиясының ең түпкі мақсаты Мәскеуді басып алу еді. Қазақстан мен Қырғызстанның ұлдарынан құрылған 316-шы атқыштар дивизиясының қолбасшысы И. В. Панфилов болды. Бауыржан Момышұлы, М.Ғабдуллин, Н. Есболатовтар ерекше ерлік көрсетті.
Мұғалім: Б. Момышұлының «Артымызда Москва» деген шығармасынан үзінді-көрініс.
1-ші солдат — Апамды сағындым, не істеп жатыр екен?
2-ші солдат — Я тоже скучаю по родной земле.
3-ші солдат (жүгіріп кіреді) — Жолдас комбат, қоңақтар келіп қалды.
1-ші солдат — Генерал келе жатыр. (И. В. Панфилов кіреді)
Б. Момышұлы — Товарищ генерал, разрешите доложить. В наш батальон присоединилось 90 бойцов, вышедшие из окружения. Мы их накормили, разрешите после отдыха отправить их в тыл.
И. В. Панфилов — Нет, Момышұлы, они вышли из окружения не для того, чтобы идти в тыл, а воевать. (Панфилов и Момышұлы обходят солдат)
И. В. Панфилов — Как живешь, солдат?
3-ші солдат — Хорошо, товарищ генерал.
И. В. Панфилов — Как живут? (Обращается к Момышұлы)
И. В. Панфилов — Правильно ваш командир говорит, плохо, плохо живем. Разве во время войны хорошо живут?
3-ші солдат — Хорошо живем, товарищ генерал.
И. В. Панфилов — Нет, плохо (Убеждает). Разве хорошо когда третий день без соли? Разве хорошо, когда целую неделю нет махорки? Разве хорошо, когда ботинки каши просят?.. (Солдат смеется).
3-ші солдат — Виноват, товарищ генерал, я просто...
И. В. Панфилов — Тяжела солдатская жизнь, слов нет, тяжела, но трудности впереди. Немцы готовят план по захвату Москвы.
Б. Момышұлы — Умрем, товарищ генерал, но не отступим. Нет дороги назад.
И. В. Панфилов — боевая единица. Солдат идет в бой не умирать, а жить. Берегите людей, берегите.
3. Ұлы Отан соғысының қазақ Батырлары (слайд)
4. Б. Момышұлы және Талғат Бигелдинов туралы оқушы әңгімелейді
5. Ұлы Отан соғысында теңдесі жоқ ерлік көрсеткен, батыр атағын алған екі апамыз Ә.Молдағұлова мен М. Мәметова туралы мәлімет тыңдаңыз. (слайд арқылы)
1-ші оқушы: Молдағұлова Әлия Нұрмұхамедқызы 1924 жылы 20 сәуірде Ақтөбе облысы, Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында туған. Ата-анасы қайтыс болған соң нағашысы тәрбиеледі. Ленинградтың № 9 мектебінде оқиды. 1942 жылы Әлия өз еркімен армияға барады да, онда мергендер мектебінде оқиды. 1943 жылы майданға кіреді. 1944 жылы Новосокольники темір станциясында Әлия ерлікпен қаза тапты. 1944 жылы 4-маусымда ефрейтор Ә.Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
2-ші оқушы: Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы 1922 жылы Батыс Қазақстан облысының Орал ауданында туған. Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болды, тәтесі бауырына басады. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк медицина институтында оқиды.1942 жылы өз еркімен майданға аттанады. 1944 жылы 1-наурызда сержант М. Мәметова қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
6. Мұғалім:
Кеңес Одағы бойынша соғыста 27 млн адам опат болса, оның ішінде 13% қазақ. Қазақстаннан 1196164 адам әскер қатарына алынды.
Қазақстаннан 500 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Оның ішінде 97-сі қазақ.
Ұлы Отан соғысы 1945 жылы 9 мамырда Кеңес елінің жеңісімен аяқталды. Бұл нағыз Ұлы Жеңіс болды. Сондықтан да осы күнді халықтар жыл сайын мейрамдап келеді. Бұл күн —Қазақстан Республикасында да белгілі мереке күндерінің бірі.
7. Үнтаспа «День Победы» деген өлең орындалады
IV. Сұрақтарға жауап беру:
— 2015 жылы Ұлы Жеңістің неше жылдығын тойлаймыз?
— Ал біздің ауылдан неше адам Отан соғысына қатысты?
— Соғыс ардагерлердің аты-жөнін айтып беріңдер.
— Біздің ауылда Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш бар ма?
Y. Мұғалім:
Отқа ораған бейбіт ел егістігін
Өмір мәнін ұққандай неміс бүгін.
Батыр аталардың арқасында
Тойладық Жеңіс күнін.
Сондықтан да болмасын соғыс енді
Душар етпей апатқа оқыс елді.
Ұлтымыздың мерейін көтерейік,
Абыройға бөлесін намыс ерді!
YI. Мұражайға экскурсия жасау
YII. Қорытынды. Үйге: эссе «Ұлы Жеңіске — 70 жыл» «Ұлы Отан соғысының Батырлары»
- 34497 просмотров