Техникалық және кәсіптік-білім беру жүйесінде көп тілді оқыту – басты міндет
Күлжанова Роза Бірімжанқызы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, кәсіби қазақ тілі пәнінің оқытушысы Петропавл құрылыс — экономикалық колледжі Қазақстан, Петропавл |
Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің — мемлекеттіқ тіл ретінде қазақ тілін, ұлттаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кіргізу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз.Ұлттық бірлік доктринасында мемлекеттік тіл рухани және ұлттық бірліктің басты басымдылығы және негізгі факторы болып белгіленген. Мемлекет тілді меңгеру Қазақстанның әрбір азаматының міндеті мен парызы, жеке бәсекеге қабілеттілікті және қоғам өміріне белсенді араласуды анықтау үшін ынталандыру болуы тиіс. Бұл кәсіби—техникалық оқу орындарына жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді.Негізгі мақсаты-өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым — қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Мен 2050 жылғы қазақстандықтар- үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін», — деген сөздерін басшылыққа алып, жүзеге асыруды кәсіби басшымыз, басты міндетіміз деп санаймыз.
Көптілді білім беру бағдарламасы аясында үш тілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтерілуіміз керек. Бұл студенттердің халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді.Елдің ертеңінің өрісі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды колледж қабырғасынан оқытып шығару- біздің қазіргі кездегі міндетіміз. Техникалық және кәсіби оқу орындарының білім беру міндетінің негізгілерінің бірі-болашақ маманды шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.
«Жаңаша жаңғыртып оқыту — дербес оқу қабілетін дамытуды қамтамасыз ететін, стандартты емес жағдаяттарда ақылмен шешуді және белсенділік дағдыларын қалыптастыратын жеке тұлғаның білім мен тәжірибені игерудегі ерекше түрі», — деген анықтаманы ғалымдар Ш. Т. Таубаева мен С. Н. Лактионова ұсынады.
Жаңаша жаңғыртып үш тілді оқытуда оқушылар шығармашылық потенциалын ашып көрсетуге бағыттайды, мамандардың кәсіби білімі мен дағдыларының дамуына көмектеседі, ең бастысы сабақтарда барлық уақыт сөйлеу мәдениетін дамытуға арналады, бұл тұсқа тек сөйлеуші ғана емес, сонымен бірге тыңдаушы да барынша белсенді болады, себебі ол өзінің қарсыласының сынын есте сақтауы және түсінуі қажет, оны жағдаятпен байланыстыруы оған дұрыс әсер етіу керек. Ойын кезінде оқушылар шынайы өмірде кездесетін жағдайларда қалай әрекет жасау қажеттігіне үйренеді, себебі олар өздері ойдан құрастырған ойындағы әр түрлі жағдаяттарға бірнеше рет қатысып, ойнап шығады.
Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылы 31 қаңтар шыққан Жолдауында: «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз — білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деп айтқан. Ақыл мен сананың көзін ашқан әрбір жас түлек-ұлты мен елінің көркі мен мақтанышы. Алайда біздің мақсатымыз — жас маманның бойына бұл сезімді сіңіріп, оның берік іргетасын қалыптастыру.
- 12045 просмотров