Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасында ата мен әженің рөлі
ОҚО, Шымкент қаласы, Республикалық әскери-мектеп интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Козбагарова Бактыгуль Мусиркуловна |
Сабақтың мақсаты: Қазақ отбасында ата мен әженің алатын орны биік мәртебе екені туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
Дамытушылық: Сөз қорын, сөйлеу мәнерін дамыту; өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік мәні: Отбасы мен ата-әжені құрметтеуге, ата-анаға көмек көрсетуге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Оқу нәтижелері:
- Тыйым сөздерді біледі;
- Ата мен әже — әр үйдің қазынасы екенін біледі;
- Отбасы туралы мақал-мәтелдерді біледі;
- Буын және оның түрлерін біледі.
- 9104 просмотра