Сабақтың тақырыбы: Өмір талабы
Испаева Айна Еркебаевна, Қызметі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Педагогикалық өтілі: 17 жыл Жұмыс орны: № 1 Новоишим орта мектебі |
Сабақтың мақсаты:
- «Өмір талабы» мәтіннің мазмұнын айтап, талқылау.
- Оқушылардың ойлау, таным белсенділігін арттыру, пікір айта білуге үйрету.
- Тілдерді үйренуге, білуге талаптандыру.
Көрнекіліктер: плакат «Ұмытпа! Көп тіл білу құдайдың құдерінде емес, өзіңнің қолыңда».
Сабақтың әдісі: сөйлесу, пікірлесу, әңгіме құрастыру.
Сабақтың мақсаты: аралас
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезені:
ІІ. Үй жұмысын тексеру
1. 10 мақал жаттау. Тақырыбы: білім, оқу, мектеп.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындалу. «Полиглот» ойыны. Белгісіз сөзді табу.
….. — үлкен мектеп. …. — большая книга. … — алтын қазына. … — кладовая золота.
… — әр қашан жеңеді. … — всегда победит. (өмір- жизнь, кітап -книга, шындық -правда)
— Қазіргі заманда өмір қанадай талап қойып жатыр?
2. «Өмір талабы» деген сөз тіркесі қандай ассоциация туғызады?
Білімді болу — Өмір талабы — жан-жақты
| |
Көп тіл білу ….
ІҮ. Жаңа тақырып. Мәтін «Өмір талабы»
1. Мұғалім оқып бергеннен соң, мазмұнын орысша айтып беріңдер.
2. — Ана тілі туралы қандай афоризмдер және қанатты сөздерді білесіңдер?
Мәтіннен сондай сөздерді көшіріп жазып алыңдар.
3. Ұмытпа! «Көп тіл білу құдайдың құдіретінде емес, өзіңнің қолыңда». Есте сақтаңдар.
4. Дискуссия. 1.1. — тапсырма. 4 бет.
Қазіргі кезде көп тіл білу қажет пе? Неге? Дәлелдеңдер.
Ү. Бекіту.
Мұғалім. Тіл — өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет – ғұрыптары, дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі — өте бай, әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
2.1.2. тапсырма 4 бет. Жасалған жоспар бойынша қысқаша әңгіме құрастырыңдар. Әр тармақтың мазмұнын ашатын сөйлемдерді «Өмір талабы» мәтіннен табыңдар.
Септік жалғауларды тауып түрін анықтаңдар.
3. Сөздік жұмыс. 1.3. тапсырма. 5 бет. Төмендегі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.
Көптеген, терең, бай, ежелгі.
4. 1.4. — тапсырма. 5 бет. Тіл туралы фразеологизмдердің мағынасын біліп алыңдар. Осы фразеологизмдерді қандай тілдік жағдаятта қолданар едіңдер?
ҮI. Өздік жұмыс.
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» деген сөз бар. Бұл өте құнды кеңес. Сыныптастарыңа полиглот болу үшін не істеу керегі жайында қандай кеңес бере аласыңдар?
1. Тілді күнде үйрену керек, аздан бастау керек.
ҮІI. Қорытындылау.
1.5. тапсырма. 5 бет. Атақты адамдардың сөздерін қолдана отырып, «Тіл құдіреті» деген тақырып бойынша өз пікірлеріңді айтыңдар
Үй жұмысы: 1. Берілген фразеологиздермен сөйлем құрастырыңдар:
Тіл табысу, тілін жұтып қою, тілі байланып қалу, тілім бармай тұр.
2. 6 бет. «Тіл-ұлттың игілігі» оқу.
- 10254 просмотра