Сабақ тақырыбы: «2 саны мен цифры»
СҚО, Петропавл қаласы, Ғ. Мүсірепов атындағы № 43 орта мектебіндегі шағын орталықтың тәрбиешісі Сатубалдинова Гүлсара Тұрсынбекқызы |
Білім беру саласы: Таным.
Сабақ бөлімі: Математика
Мақсаты: Балаларды 2 саны және цифрымен таныстыру. Геометриялық пішіндерді еске түсіру.
Көргенін суреттеп айта білу қабілетін, тілін, ой-өрісін дамыту. Қызығушылығын арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: бауырсақ суреті, жануарлардың суреттері, геометриялық пішіндер.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Сәлеметсіз бе, Күн!
Сәлемет пе, Аспан!
Сәлеметсіз бе, Жер-Ана!
Сәлеметсіз бе, сен!
Сәлеметсіз бе, мен!
— Есік тықылдатады.
— Балалар, қараңдаршы бізге біреу хат беріп жіберіпті. Қасында қорапша бар.
— Қане, хатты оқып көрейікші не жазыпты.
— Апамнан да қаштым, атамнан да қаштым, қиындыққа тап болдым-деп жазыпты.
— Бұл кім болған екен. (Бауырсақ)
— Ал қорапшада не бар екен көрейік.
Қорапшаны ашып ішіндегі қарындашты алады.
— Балалар осы Қарындаш бауырсақты тауып алуға баратын жолды көрсетеді.
— Ал сендер бауырсаққа көмектесуге дайынсыңдар ма?
— Ендеше жолға аттанайық.
Көзімізді жұмайық (1-2-3 қоянның үйіне жеткіз)
— Сәлеметсіз бе, Қоян.
— Сіз білмейсіз бе, мына жерден бауырсақ өтті ме?
— Иә, өтті-деп қоян сыбырлайды.
— Бірақ сендер маған көмектесіңдер.
— Қоян бізге көмектеседі, бірақ біз де оған көмектесейік.
«Ғажайып дорба» Көкөністерді біртіндеп алып көрсетіп, 2 санымен таныстырады. Балаларға Қоян рахметін айтып, Бауырсақ қасқырға қарай кеткенін айтады.
— Алға! (1-2-3 қасқырдың үйіне жеткіз)
— Сәлеметсіз бе, құрметті Қасқыр!
— Біздің досымыз Бауырсақты кездестірген жоқсыз ба?
— Иә,сендердің достарың осында болды.
Қасқыр бізге көмектеседі, біз де қасқырға көмектесейік. Геометриялық пішіндерді атап айту. (үшбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыш, сопақша)
— Балаларға Қасқыр рахметін айтып, Бауырсақ аюға қарай кеткенін айтады.
— Алға! (1-2-3 Аюдың үйіне жеткіз)
— Сәлеметсіз бе, Аю. Біздің досымыз бауырсақты кездестірген жоқсыз ба?
— Иә,кездестірдім. Ол менің кептіріп қойған пималарымды бәрін асығып жүріп шашып кетті. Енді жұптарын таба алмай отырмын. Маған көмектесіңдерші.
— Қане, балалар көмектесейік.
— Пиманың жұптарын табу
— Аю рахметін айтып балаларды түлкінің үйіне жібереді.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
— Алға! (1-2-3 Түлкінің үйіне жеткіз)
— Ах, сен қу Түлкі, бізден Бауырсақты тығып отырсың ба?
Бәрібір біз оны тауып алып, қиындықтан құтқарамыз.
— Ал, балалар онда сендер мына тапсырманы орындаңдар.
Балалар тапсырманы орындайды.
— Түлкі маған Бауырсақты қорапшалардың біреуіне тығып қойғанын айтты.
— Қай қорапшада екенін қарап көрейік.
— Сәлеметсің бе, Бауырсақ!
— Сені көп іздедік, бірнеше қиындықтардан өттік. Енді сен бізбен біргесің.
Қорытынды: Сабақты қорытындылау.
Балалар, сендер бауырсақты құтқардыңдар. Жарайсыңдар.
Біз не білдік? 2 саны және цифрымен таныстық. 2 саны-екі заттың санын білдіреді.
Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
- 19167 просмотров