Сабақ тақырыбы: «Күлтегін жырлары»
Хайрлиева Райса Абдрахмановна Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы нр 4 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, І біліктілік санатты. |
Сабақ мақсаты: ежелгі дәуір әдебиетінің нұсқалары мен «Күлтегін» жырының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, маңызы туралы білім деңгейлерін кеңіту.
Сабақ міндеттері:
- Білімділік: Орхон-Енисей жазбалары мен ескерткіштер жөніндегі ғылыми зерттеулер туралы баяндалып, жыр үзінділерін жатқа мәнермен айтқызу.
- Тәрбиелік: ел бірлігі, тәуелсіздік күрес жолындағы ерлік істердің үлгісі қай кезде де ұрпақтар үшін маңызы зор.
- Дамытушылық: тақырыпты талдата отырып, тарихи ескерткіштер және оларға жасалған ғылыми қорытындылар туралы білімдерін нақтылау.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс
Сабақтың типі: конференциялық сабақ үлгісі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Ежелгі дәуір әдебиеті мен көне түркі жазбалары жөнінде мәлімет беру (Оқушылардың қосымша дайындаған жұмыс материалдары)
Үш топ:
- Әдебиетшілер
- Тарихшылар
- Лингвистер
Интерактивтік тақтаны пайдаланып, ежелгі дәуір ескерткіштері мен «Күлтегін» жырына қатысты суреттер туралы мәлімет.
Тест тапсырмаларынан жауап алу.
1. Рун жазуын алғаг тапқан кім?
А) В.Томсен
Б) М.Кастрен
В) А.Ремюза
2. Орхон-Енисей жазбалары қай дәуірлердің жазбасы?
А) алтай дәуірі
Б) Ғұн дәуірі
В) Ежелгі Дәуір
3. Күлтегін кім?
А) Ел билеген қаған
Б) Қолбасшы батыр
В) Заң шығарушы
4. Күлтегін қай жылы қайтыс болған?
А) 728 ж
Б) 731 ж
В) 698 ж
5. «Күлтегін» жыры қазақ эпостарының алғашқы үлгісі бола ала ма?
А) иә
Б) жоқ
В) әрине
6. Тоныкөк кім?
А) Батыр
Б) Ел басқарған
В) Заң шығарушы, жырау
Талас, Іле өзендерінің аңғарынан табылған жазуларын табуға үлес қосқандар Иоганн мен Ядренцев. «Күлтегін» жырын қазақ эпостарымен байланыстыра әңгімелетіп, жырлардан үзінді салыстыру. (тақырып, мазмұн, көркемдік жағынан)
Сабақтың барысын «Күлтегін» жырынан үзінділерді жатқа айтқыза аяқтау.
Жырдың қазіргі нұсқасын кім жазған? ( М.Жолдасбеков)
Сабақтың құндылығы неде?
Сұраққа ой —пікірлер арқылы жауап алып жинақтау.
2002 ж И.Тасмағамбетов бастаған делегация «Күлтегін» жырын толық оқып, үзінділер жаттау.
Қорытынды сұрақтар:
1. Лингвистерге:
- Көнерген сөздерді атап, мысал келтіріңдер.
- Диалект сөздер қандай сөздер?
2. Тарихшыларға:
- Көне түркілерден қазақтар қашан бөліне бастады? Қай жылға дейін созылып, аяқталды?
3.Әдебиетшілерге:
- «Күлтегін» жыры мен қазақ батырлар жырының Венн диаграммасын жасаңдар.
- 16522 просмотра