Сабақ тақырыбы: Мемлекеттік нышандар
Астана қаласы № 22 мектеп-гимназиясының І-санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мутаирова Бақыт Құмарқызы |
Мақсаттары:
Білімділік: «Мемлекеттік нышандар» тақырыбы аясында еркін сөйлеуге, еліміздің тарихи- мәдени және рухани құндылықтарын бағалауға , мақтан етуге дағдыланады. Еліміздің даму тарихы туралы түсініктері қалыптасады.
Тәрбиелік: жас ұрпақты Отаншылдыққа, елжандылыққа, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рух, патриоттық сезімдерді ұялату.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу, ойлау, есте сақтау, түйіндеу, дәлелдей білу қабілеттерін дамыту, жетілдіру, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру, сөйлеу мәнерін қалыптастыру. сыйласымдыққа тәрбиелеу.Тілге қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақта пайдаланатын әдістер: ой шақыру, сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік- түсіндірмелі, жартылый ізденіс,топтастыру, семантикалық карта, Вен диаграммасы
Көрнекілік құралдар: бейнефильмнен үзінді, интерактивті тақтада кесте, тапсырмалар, «Мемлекеттік нышандар» тақырыбына суреттер
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, компьютер
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, саз
Сабақтың басында 3 топқа бөліп, отырғызу: /төртбұрыш алғандар — І топ, үшбұрыш — ІІ топ, дөңгелек — ІІІ топ/
І. Ұйымдастырушылық кезеңі:
а) Сәлемдесу;
ә) әнұранды орындау;
б) жағымды психологиялық дайындық жасау;
в) оқушылардың сабаққа дайындығын байқау, сабаққа бейімдеу/ топта жұмыс істеу қағидаларын айтып өту/
ІІ. «Қызығушылықты ояту» кезеңі:
а) «Көшпенділер» фильмнен үзінді көреді: әнде айтылған байрақ сөзіне синоним сөздерді атайды — ту, жалау;
б) Сүйінбай Аронұлының «Бөрілі менің байрағым » өлеңін жатқа оқиды
ә) «Ой шақыру»: «Мемлекеттік нышандар» туралы білетіндерін топта айтып, өзара талқылайды, тірек сызба жасайды . /Осы кезеңнің мақсаты мен мазмұнын айту/
/І топ — Ту, ІІ топ — Елтаңба, ІІІ топ — Әнұран/
«Ту, Әнұран, Елтаңба» сөздеріне сөз одағын құрайды (өз ойларын ортаға салып, пікірін дәлелдейді, тірек сызба ретінде сызады)
б) Жазғандарын қорғайды (өз ойларын ортаға салып, жариялайды)
ІІІ. Бейнефильм: «Қазақстан»
а) Сабақ айдарымен жұмыс:
«Найзасыз ер болмайды,
Таңбасыз ел болмайды»
/мәнерлеп оқу, түсіну, мағынасын ашу/
б) сабақ тақырыбы мен мақсатын оқушылармен бірге айқындау
в) «Бәрі болған қазақ сынды көне елде....»
Бәрі болған қазақ сынды көне елде, Ел белгі де, ерлік , өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта Кім сенеді, Ту болмады дегенге?!.. (А. Бөкенов)
г) «Жауға шаптым ту байлап.....» /Ақтамберді жырау өлеңі /
Жауға шаптым ту байлап, Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлыққа Жалынды жүрек қан қайнап.... (Ақтамберді жырау)
ІҮ. Мағынаны ажырату:
а) Сөздікпен жұмыс ә) таратпа мәтіндермен жұмыс: І топ — «Елтаңба», ІІ топ — «Ту», ІІІ топ — «Біз-елдің туымыз»
б) түсініп оқиды, топта талқылайды, маңызды сөйлемдерді белгілейді, топпен дайындалады, түсінгендерін топ атынан айтып береді;
в) грамматикалық тапсырманы орындайды: семантикалық картамен жұмыс: морфологиялық талдау: мәтін ішінен сөздерді іріктеп, жазып алады, талдау жасайды
Етістік |
Тұлғасына қарай |
Құрамына қарай |
Мағынасына қарай |
|||
Негізгі |
туынды |
дара |
күрделі |
болымды |
Болымсыз |
|
жазылған |
+ |
|
+ |
|
+өтк.шақ есімше |
|
Зат есім |
Тұлғасына қарай |
Құрамына қарай |
Мағынасына қарай |
|||||||
Негізгі |
Туын ды |
дара |
күрделі |
жалпы |
жалқы |
деректі |
Дерек сіз |
Жан ды |
Жан сыз |
|
елтаңба |
|
+ |
|
+ |
+ |
|
+ |
|
|
+ |
г) талдау нәтижесін жариялайды: д) өзара сұрақ-жауап /мәтіндер мазмұны бойынша/
V. Мақалшылар бәйгесі: Отан, нышандар туралы мақал- мәтелдерді жатқа айтып, жарысады.
VІ. «Полиглот» ойыны /үш тілдік/: интерактивті тақтада мақалдар берілген, керекті сөзді атайды, үш тілге аударады: ел, алтын, жер, отбасы, адам, ыстық, бай, ту
VІІ. Ой-толғаныс:
а) Сөйлемдерді дұрыс құра
1. Қазақстан , Жоғарғы Кеңес, рәміздері, 1992 жылы, бекітті.
2. Мүше болды, Біріккен Ұлттар Ұымына, 1992 жылы,
3. Қазақстан бәсекеге қабілетті, кіру ,Қазақстанның мақсаты — 50, дамыған елдер қатарына, басты
ә) Венн диаграммасымен жұмыс: / Ту мен Елтаңбаны салыстырады /
VІІІ. Сабақтың қорытындысы:
— Мемлекеттік нышандарды атап шығып, қай жылы қабылданғанын айтыңдар?
— Ту қандай түсті? Оның авторы туралы не білесіңдер?
— Елтаңбаның басты элементі не? Ол ненің белгісі?
— Қай жылы Қазақстан БҰҰ-на мүше болды?
— Қазақстан 50 дамыған елдер қатарында кіре ме, қалай ойлайсыңдар?
Топтастыру: ассоциативтік карталарына оралады, жаңадан білгендерін атап, оны толықтырады, өз тілектерін айтады.
— Мемлекеттік нышандар — біз үшін ең қасиетті, бағасы жоқ қазына. Әрқашан оларды биік ұстайық!
— МАҚТАНЫШЫМ, АЙБАРЫМ, ЖЕЛБІРЕ КӨК БАЙРАҒЫМ!
— Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады.
— Қазақстан ертеңі біздің колымызда!
— Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына біздерміз.
— Ол үшін терең әрі жан-жақты білім алу керек;
— Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық!
ІХ Бағалау, мадақтау
Рефлексия:
— Сабақта өзіңді қалай сезіңдің?
— Өз жұмысыңды нешеге бағалайсың?
— Тобың қалай жұмыс істеді?
— Сабақ немен ұнады?
— Смайликті таңдап, тақтаға шық
- 8532 просмотра